Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +7 oC
2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Алматы облысында 822 медициналық мекеме жұмыс жасайды, оның 659-і мемлекеттік, 163-і жекеменшік болып табылады.

659 мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесі.

- 75-і стационарлық көмек көрсететін мекеме 8913 төсекпен қамтылған, олар (16 – орталық аудандық, 5 аудандық, 29 ауылдық, 4 қалалық, 1 туберкулез ауруханасы, 10 диспансер, 4 облыстық,  1 облыстық  психологиялық денсаулық орталығы, 2 жұқпалы аурухана 2 перзентхана- Жаркент, Есік, Ақтас  республикалық ауруханасы).

- 240 амбулаторлық – емханалық мекеме (235 дәрігерлік амбулатория, 3 жеке емхана, 1 облыстық СПИД орталығы, 1 облыстық дәрігерлік  денешынықтыру диспансері);

- 335 ФАП,МП;

- 2 туберкулезге қарсы санаторийі;

- 2 балалар үйі;

- 1 қан орталығы;

- 1 қалалық жедел - жәрдем орталығы;

- 1 республикалық денсаулық сақтау саласын жетілдіру орталығы;

- 2 медициналық колледжі;


        Жекеменшік емдеу – профилактикалық мекемелер:

- 5 аурухана;

 - 13 амбулаторлық – емханалық мекеме;

 - 145 жекеменшік кабинет.

Денсаулық сақтау саласына бөлінген қаражат  15,4 пайызға өсіп, 2017 жылы 80,3 млрд.теңгені құрады,   ал 2016 жылы – 77,8 млрд.теңге.


Төсек саны.

Облыстың емдеу мекемелерінде 8913 төсек саны бар (жекеменшік төсектерімен бірге). 10 мың адамға есептегенде төсек саны – 45,9 (2016-45,2). 2016 жылдың 1 тоқсанында тәулік бойы жұмыс жасайтын ауруханаларда 72003 ауру емделді (2016ж. 8965 төсекте 63532 ауру).

2128  күндіз жатып емделетін төсек санында  2017 жылда  1 тоқсанында  26281 ауру емделді (2016жылы –26698 ауру).

Жедел-жәрдем медициналық көмек, санитарлық авиация бөлімдері, көшпелі жылжымалы медициналық көмек.

Жедел-жәрдем медициналық көмекті 1 жедел-жәрдем станциясы, аудандық және қалалық ауруханаларда 22 бөлім, 39 пункт, 96 жалпы дәрігерлік,  және 492 фельдшерлік бригада көмек көрсетеді. Егер, 2016 жылдың  1 тоқсанында 227554  шақыру болса, 2017 жылы – 232056 болды.

Республикалық  санитарлық авиация орталғынында 2 тікұшақ және санитарлық көлікпен 2016 жылдың 1 тоқсанында 515 шақырыммен  560 ауру қаралды.      

Облысымызда Елбасының Жолдауында көрсетілген  республикалық маңызы бар жолдарында транспорттық медицина дамуда, 6 трассалық пункт Алакөл, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Сарқан аудандарында және Қапшағай қаласында жұмыс жасайды.

Ақсу, Еңбекшіқазақ, Іле, Көксу және Панфилов аудандарында жылжымалы кешен жұмыс жасайды, 2016 жылдың 1 тоқсанында  51 ауылда  52887 адам қаралды.


          Материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

Жылдан-жылға емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жақсаруда. Облысымыздың дәрігерлері 14 телемедицина орталықтары  2017 жылдың 1 тоқсанында 378 консультация өткізді (2016-327).

Ауруларды 10 компьютерлік томограф, магниттік-резонанстық томограф, 19 маммограф, 46 СИПАП, 78 кювез және 38 ИВЛ аппараттары қарайды.

2017 жылы 22 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өткізіледі деп жоспарлануда, осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 3147,7 млн. теңге қарастырылды.  

2017 жылдың 1 тоқсанында ішінде емдеу мекемелерінің медициналық құралдармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілуі/тозғанын ескере отырып/: облыс бойынша барлығы – 80,1;аудандық орталық аурухана – 81,8; аудандық аурухана – 70,7;ауылдық аурухана – 80,5; дәрігерлік амбулатория – 80,5;ФАП –81,7; МП – 75,0;қалалық аурухана – 83,7;облыстық аурухана – 80,1.

Туу көрсеткіші 1000 адамға есептегенде 2017 жылда 1 тоқсанында  24,4  /2016-26,75/.

Жалпы өлім 1000 шаққанда 2016 -2017 жылдары 1 тоқсанында 7,71-ге дейін төмендеді.

Сәби өлімі 1000 тірі туылғандарға 2017 жылда 1 тоқсанында 7,0 құрады /2016- 10,0/.

2017 жылда 1 тоқсанында 1 ана өлімі тіркелді, Қарасай ауданында, 100 мың тірі туылғандарға   71,3 құрады, облыс бойынша көрсеткіш 10,8  (2016ж – 10,1).


          Әлеуметтік-маңызды аурулармен аурушаңдық деңгейі

2017 жылғы 1 тоқсанында  жүрек қан-тамырлар ауруынан 100 мың адамға есептегенде 1488,9  құрады /2016-1407,1/. Осы аурудан өлім 100 мың адамға шаққанда 2017 жылдың 1 тоқсанында 132,6 құрады /2016-119,4/.

2017 жылдың 1 тоқсанында облыстық кардиологиялық орталығында және Алматы көпсалалы клникалық  ауруханада 898 стентирование, АКШ-140, ЭКС-51, ВПС-2, ППС-30, коронарография – 1748 жасалды.

Туберкулез ауруы 100 мың адамға есептегенде 2016 жылдың 1 тоқсанында    13,8-тен ал  2017 жылы  12,7- ге  дейін жетті. Туберкулез ауруынан өлім 100 мың адамға есептегенде 2017 жылдың 1 тоқсананда 0,5 құрады /2016-0,8/.

Қатерлі ісік ауруы 100 мың адамға есептегенде 2016 жылдың 1 тоқсанында 141,5-ден 2017 жылы 120,9-ге азайды. Осы аурудан өлім 100 мың адамға есептегенде 2016 жылдың 1 тоқсанындағы 81,7-ден 2017 жылы 67,8-ге азайды.


Орналастырылған күні: 10.05.2017 16:16

Өзгертілген күні: 10.05.2017 16:19:19

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх