Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2017 жылы құрылыс саласына бөлінген бюджет көлемі 61,197 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде:

- республикалық бюджеттен – 5,561 млрд. теңге;

- жергілікті бюджеттен – 27,095 млрд. теңге;

- Ұлттық қордан – 28,540 млрд. теңге.

Бөлінген қаражат есебінен 365 нысан құрылысы жоспарлануда, оның ішінде: пайдалануға берілетіні 300 нысан, 65 нысан 2018 жылға өтпелі.

- республикалық бюджеттен – 5 нысан (2 мектеп, 3 инженерлік желілер);

       - жергілікті бюджеттен – 301 нысан (15 білім беру, 22 денсаулық сақтау, 132 тұрғын үй, 18 инженерлік желілер, 1 мәдениет, 10 коммуналдық шаруашылық, 65 ішкі істер органдары, 7 спорт, 31 ауыл шаруашылық нысаны);

- Ұлттық қордан – 59 нысан (31 білім беру, 12 тұрғын үй, 16 инженерлік желілер).

І тоқсанның қорытындысы бойынша бөлінген 4 млрд. 103 млн. теңгеден 4 млрд. 82 млн. теңге немесе 99,5% игерілді

 

Білім беру нысандарын салу және қайта жаңғырту

2017 жылы 48 білім беру нысандарының құрылысы мен қайта қалпына келтіруге (44-мектеп, 1-бала-бақша, 1-қала сыртындағы лагер, 1-музыкалық мектеп және мектеп-интернатқа монша) (2-РБ, 31-ҰҚ, 15-ЖБ) Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджет есебінен 27 млрд. 101 млн. теңге бөлінді, оның ішінді:

-        республикалық бюджеттен – 2 млрд. 343,7 млн. теңге;

-        Ұлттық қордан - 16 млрд. 846,7 млн. теңге;

-        жергілікті бюджеттен - 7 млрд. 910,3 млн. теңге.

 Пайдалануға берілетін 38 нысан (35 - мектеп, 1 - бала-бақша, 1 - қала сыртындағы лагер және 1 - мектеп-интернатқа монша), (31-ҰҚ, 7-ЖБ), 2018 жылға ауыспалы 10 нысан (8 - мектеп және 1 - музыкалық мектеп) (2-РБ, 8-ЖБ).

І тоқсанның қорытындысы бойынша бөлінген 2 млрд. 110,7 млн. теңге (ҰҚ-1 млрд. 624,9 млн.теңге, ЖБ-485,8 млн.теңге) 100% игерілді.


Денсаулық сақтау нысандарын салу және қайта жаңғырту

2017 жылы 22 денсаулық сақтау (10 – дәрігерлік амбулвтория, 8 - ФАП, 1- ас әзірлейтін бөлік, 1 – патологиялық анатомиялық бөлімі, 1 – наркологиялық диспансері, 1 – нәрестелік хирургиясы) нысандарының құрылысына жергілікті бюджеттен 3 млрд. 248 млн. теңге бөлінді. 1  тоқсанға бөлінген 362,0 млн. теңге қаражат толығымен игерілді. 

17 нысан 2017 жылы қолданысқа беру жоспарланса, қалған 5 нысан 2018 жылға ауыспалы.

 

2016 жылдан ауыспалы 14 нысанның құрылысы жүргізілуде (Ескелді ауданының Сырымбет ауылында ауысымына 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу; Қаратал ауданының Ескелді би ауылында ауысымына 25 келушіге арналған ФАП салу; Кербұлақ ауданының Жоламан ауылында ауысымына 20 келушіге арналған ФАП салу; Кербұлақ ауданының Қаспан ауылында ауысымына 20 келушіге арналған ФАП салу; Көксу ауданының Теректі ауылында ауысымына 20 келушіге арналған ФАП салу; Балқаш ауданының Көктал ауылында ауысымына 20 келушіге арналған ФАП салу; Еңбекшіқазақ ауданының Алға ауылында ауысымына 20 келушіге арналған ФАП салу; Еңбекшіқазақ ауданының Алмалы ауылында ауысымына 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу; Жамбыл ауданының Самсы ауылында ауысымына 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу; Іле ауданының Жауғашты ауылындағы ауысымына 20 келушіге арналған ФАП салу; Райымбек ауданының Сарыжаз ауылында ауысымына 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу;  Ұйғыр ауданының Қырғызсай ауылында ауысымына 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу; Панфилов ауданының Шолақай ауылында ауысымына 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу;  Панфилов ауданының Төменгі Пенжім ауылындағы ауысымына 20 келушіге арналған ФАП салу).

 

Тұрғын үй құрылысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен (2016ж. 31 желтоқсандағы №922)  бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру басталды. 2017 жылы несиелік, жалгерлік тұрғын үйлер салу және жеке тұрғын үй салу бойынша пилоттық жобаны іске асыру жоспарланған.

Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің алдын ала жоспары бойынша ағымдағы жылы барлық қаржыландыру көздері арқылы 611,5 мың шаршы метр, оның ішінде бюджеттік қаражат есебінен 103,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру қаралған.

2017 жылы жалпы ауданы 111,2 мың шаршы метр 144 тұрғын үй салуға (тұрғын ауданы 84,2 мың.ш.м. 1600 пәтер) 5 млрд. 771 млн. теңге бюджеттік қаражат бөлінді, оның ішінде:

- Ұлттық қордан (құнды қағаздар шығару арқылы несиелік тұрғын үйлерге) – 1 млрд. 995 млн.теңге;

- Ұлттық қордан (сатып алу мүмкіндігінсіз жалгерлік тұрғын үйлерге) – 1 млрд. 653 млн.теңге;

- облыстық бюджеттен - 2 млрд. 123 млн.теңге.

2017 жылы пайдалануға берілетіні жалпы ауданы 103,6 мың шаршы метрді (тұрғын ауданы 78,1 мың ш.м. 1496 пәтер) құрайтын 103 тұрғын үй (ҰҚ  – 11 үй, ЖБ – 92 үй),

2018 жылға өтпелі жалпы ауданы 7,6 мың шаршы метрді (тұрғын ауданы 6,1 мың шаршы метр 104 пәтер) құрайтын  41 тұрғын үй (ҰҚ – 1 үй, ЖБ  – 40 үй).

2017 жылдың 1-тоқсанында 33,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде:

Бюджеттік қаражат есебінен жалпы ауданы 12,7 мың шаршы метрді құрайтын 2 коммуналдық үй пайдалануға берілді (тұрғын ауданы 8,7 мың шаршы метр 200 пәтер) (Райымбек ауданы Кеген ауылындағы 32 пәтерлі үй, Талдықорған қаласының Оңтүстік-батыс ауданындағы 168 пәтерлі үй (43 таңба).

Тұрғындар және мемлекеттік емес кәсіпорындар есебінен 507,9 мың шаршы метр жоспарланған. 2017 жылдың 1 наурызына 20,4 мың шаршы метр пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Тұрғын үй жинақ банкі арқылы Талдықорған қаласында  бір қабатты жеке үйлерді салудың 3 пилоттық жобасын (80, 120, 150 кв.м.) жүзеге асыру басталды («Жетысу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының коттедж қалашығы). Осы мақсатта аталған жобаның құрылыс жұмыстарын бастауға жергілікті бюджеттен 300,0 млн. теңге қаржы қарастырылған. 1 шаршы метрінің құны 120 мың теңгеден аспайтын (ИКИ құнын есептемегенде) бірыңғай сәулет нұсқасындағы типтік жобаларды жобалау басталды.

Сонымен қатар, «Қазақстан ипотекалық қомпаниясы» АҚ арқылы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында Талдықорған қаласының  Оңтүстік-батыс ауданында бөлінген 1,3 га жер телімінде 290 пәтер болатын, жалпы ауданы 25,5 мың шаршы метр (тұрғын ауданы 18,1 мың ш.м.) 5 үйдің (оның ішінде: 55 пәтерлі екі үй (7 шағын аудан 14 таңба, 6 шағын аудан 32 таңба) және 60 пәтерлі үш үй (6 шағын аудан 6,16,45 таңбалар) құрылысы 2015 жылы басталған.

 

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу

37 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарының құрылысына 13 млрд. 803,7 млн.теңге бөлінді, соның ішінде:

- Ұлттық қордан – 8 млрд. 044,8 млн.теңге (16 нысан);

- республикалық бюджеттен – 3 млрд. 217,4 млн.теңге (3 нысан);

- жергілікті бюджеттен –  2 млрд 541,4 млн.теңге (18 нысан). 

35 нысан 2017 жылы қолданысқа беру жоспарланса, қалған 2 нысан 2018 жылға ауыспалы.

Бөлінген қаржы есебінен 496,1 км инженерлік-коммуникациялық желілерді салу көзделді, соның ішінде:

Электр желісімен қамту – 105,4 км, сумен қамту – 116,3 км, кәріз жүйесі – 30,7 км, газбен қамту – 3,2 км, жол желісі – 124,9 км, телефон желісімен жабдықтау – 31,2 км, жылумен қамту – 4,7 км, арық жүйесі – 79,6 км.

1  тоқсанға бөлінген 997,672 млн. теңге қаражат толығымен игерілді. 

 

Коммуналдық шаруашылық нысандарын дамыту

10 коммуналдық шаруашылық нысандарының құрылысына жергілікті бюджеттен 1 млрд. 912 млн.тенге қаржы бөлінді.

9 нысан 2017 жылы қолданысқа беру жоспарланса, 1 нысан 2018 жылға ауыспалы.

1 тоқсанға бөлінген 50,0 млн. теңге қаражат толығымен игерілді. 

   

Ішкі істер органдары нысандарын дамыту

65 ішкі істер органдары нысандарының құрылысына жергілікті бюджеттен 2 млрд. 237,7 млн.тенге бөлінді.

1 тоқсанға бөлінген 8,633 млн. теңге қаражат толығымен игерілді. 

Барлық нысандар 2017 жылы қолданысқа беру көзделген.

 

Спорт нысандарын дамыту

7 спорт нысандарының құрылысына жергілікті бюджеттен 2 млрд 330,347 млн.тенге бөлінді.

1 тоқсанға бөлінген 30,0 млн. теңгеден 10,0 млн. теңге немесе 33% игерілді. 

4 нысан 2017 жылы қолданысқа беру жоспарланса, 3 нысан 2018 жылға ауыспалы.

 

Мәдениет нысандырын дамыту

2017 жылы жергілікті бюджет есебінен Талдықорған қаласындағы драма театрының құрылысына 2 млрд. 600 млн.теңге қаражат бөлінді. Жалпы сомасы 3,7 млрд. теңгені құрайды.

Нысанды пайдалануға беру мерзімі 2018 жылы 30 маусымға дейін жоспарланған.

1 тоқсанға бөлінген 200,0 млн. теңге қаражат толығымен игерілді. 

   

Ауыл шаруашылық нысандарын дамыту

31 ветеринарлық пункті нысандарының құрылысына жергілікті бюджеттен 631,3  млн.тенге бөлінді.

1 тоқсанға қаржыландыру жоспары бойынша қаражат қаралмаған.

Барлы нысандар  2017 жылы қолданысқа беру көзделген.

 

 

 

 

.

 


Орналастырылған күні: 18.04.2017 17:11

Өзгертілген күні: 18.04.2017 17:13:49

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх