Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +30 oC

2017 жылдың қорытындысы

Жұмыспен қамту басқармасының атқарған жұмыстары

2017 жылы Алматы облысы бойынша Кешенді іс шаралар жоспары шеңберінде 42576 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту жоспарланған.

Жыл басынан жұмыспен қамту органдарына 48390 адам жүгініп, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 53682 адам камтылды.

2018 жылдың 1 қаңтарына 42482 адам жұмысқа орналастырылды.

2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының үш бағыты бойынша 8593,5 млн.теңге (РБ – 4031,4 млн.теңге, ЖБ – 4562,0 млн.теңге). 2018 жылдың 1 қаңтарына 7567,1 млн.теңге игерілді немесе 89,3 % жылдық жоспарға (РБ – 3914,9 немесе 100%, ЖБ – 3652,2 немесе 80,0 %).

Бірінші бағыт (Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету) бойынша 8350 адамды қамту жоспарланған:

1)техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау (15-24 жас аралығындағы жастар) 1535 адамға 308,4 млн. теңге;

2)жұмыс берушілердің сұрасына сәйкес қысқа мерзімді кәсіптік оқыту -  6815 адам 1264,1 млн. теңге.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан 1535 адам тегін кәсіптік және техникалық білім беру бойынша оқытуға жіберілді.

Жыл басынан қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 7002 адам қамтылды. Оқуды 7002 адам аяқтап, оның ішінен 6595 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Ағымдағы жылы  Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе кәсіпорындардың оқыту орталықтарында қысқа мерзімдік оқыту ұйымдастырылуда. Барлығы 6 оқыту орталығы анықталды ( "ТАТЭК, Қайнар АКБ, Кнауф Гипс Капшағай, Байсерке Агро, "Байтұрғанова" ЖК). Аталған орталықтарда 200 адамды оқыту жоспарланған.

Аталған 6 орталықта барлығы 322 адам оқытылды. Оның ішінде Кербұлақ ауданы мен Талдықорған қаласынан «ТАТЭК» АҚ-на (электрик мамандығы) бойынша 22 адам және «Қайнар АКБ» ЖШС (аккумуляторщик мамандығы) бойынша 6 адам, Ақсу, Алакөл, Қаратал, Кербұлақ аудандары мен Талдықорған қаласынан "Байтұрғанова" ЖК-не (визажист, парикмахер және т.б.) мамандықтар бойынша 136 адам, «Байсерке Агро» ЖШС (ветеринар мамандығы) бойынша  16 адам, «Дидакт-кз» ЖШС 69 адам, «Алтын Арба» ҚҚ – 73 адам жіберілді. Олардың ішінен 132 адам жұмысқа орналасты.

Екінші бағыты (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) шеңберінде 5321,7 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде:

620 адамға шағын несие беруге 4737,0 млн.теңге (ауылды жерде РБ – 3200 млн.теңге, МБ – 476,7 млн.теңге 480 адам, РБ – 168,1 млн.теңге 42 адам, МБ – қалалық жерде 892,2 млн.теңге 98 адам);

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1312 адамды кәсіптік негіздеріне оқытуға 133,0 млн.теңге қарастырылды;

қалалардағы және ауылдағы микрокредиттерге кепілдік беру – 402,5 млн. теңге;

микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау – 49,3 млн. теңге.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арқылы ұйымдастырылды. Оқытумен 1475 адам қамтылып, 1312-і оқуын аяқтап, сертификаттарын алды. Оның ішінде 278 адам шағын несие алды.

Бүгінгі күні 840 адамға жалпы сомасы 4260,9 млн.теңгені құрайтын шағын несие берілді.

Оның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 606 адамға жалпы сомасы 2191,6 млн.теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 216 адамға жалпы сомасы 1646,9 млн.теңге.

Шағын несиені кепілдендіруге 402,5 млн.теңге бөлінді (ауылдық жерлерде-335,3 млн.теңге, қалаға-67,2 млн.теңге).

Ауыл тұрғындарының жобаларын кепілдендіру жұмыстары басталды. Бүгінгі күнге жалпы сомасы 22,4 млн.теңгені құрайтын 19 жобаның жұмыстарына кепілдендіру қаражаты берілді.

Қазіргі уақытта Талдықорған қаласынан жалпы сомасы 209,5 млн.теңгені құрайтын 15 жобаға және Текелі қаласынан жалпы сомасы 31,3 млн.теңгені құрайтын 3 жобаға  шағын несие берілді.

Бағдарламаның үшінші  (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) бағыты бойынша 1699,2 млн. теңге бөлінді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 1155 адамға 196,3 млн. теңге, жастар практикасына  1233 түлекке 390,3 млн. теңге, қоғамдық жұмыс орындарына 9155 адамға 1107,5 млн.теңге және Бағдарламаны сүйемелдеуге 5,1 млн.теңге қарастырылды.

2017 жылда қоғамдық жұмысқа 10120 адам жолданып, әлеуметтік жұмыс орындарына 1357 адам және жастар практикасына 1530 түлек жұмысқа орналастырылды.

  

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының атқарған жүмыстары

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламаның екінші бағытын  жүзеге асыру үшін 2018 жылы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы арқылы – 630,557 млн. теңге бөлінді(РБ – 179,276 млн. теңге, ЖБ – 451,281 млн. теңге), аталған қаражат Бағдарламаның Ережесіне сәйкес Талдықорған және Текелі қалаларында шағын несие беруге арналған.

2018 жылы 11 қаңтар мерзіміне ЕДБ-мен 17 шағын несие жалпы соммасы 230,8 млн. теңге беріліп, оның ішінде 31,3 млн.теңгеге 3 жоба- Текелі қаласынан, 199,5 млн. теңгеге 14 жоба- Талдықорған қаласынан. Жалпы соммасы 114,4 млн.теңгеге 9 жоба мақұлданды; 17 жоба жалпы сомасы 257 млн.теңгеге қарастырылуда.  


 

 

 

 

 


 

 

 



Орналастырылған күні: 16.01.2018 18:09

Өзгертілген күні: 27.02.2018 17:03:38

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх