Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

2017 жылдың қорытындысы

2016 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 711 (96,0 %) елді мекені қала құрылыстық құжаттамамен қамтылды. Оның ішінде: қалалар -10 (100 %), халық саны 5,0 мыңнан жоғары елді мекендерде -  54 (100 %),  халық саны 5,0 мыңға дейінгі елді мекендерде - 647 (95,6 %).

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» жолдауында баяндалған тапсырмаларды облыстық атқарушы органдардың орындауы бойынша жұмыстар туралы» Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 2015 жылдың 30 қарашадағы жолдауы шегінде халық саны 5 мың адамға дейінгі елді мекендерді бас жоспармен толық қамтамасыз ету тапсырмасы берілді.

Осыған орай, ағымдағы жылда облыстың:

53 елді мекенін бас жоспармен біріктірілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен;

32 елді мекенін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен;

30 елді мекенін жеңілдетілген сызбамен қамтамасыз етілді. 

2016 жылғы 12 мамырда облыстық мәслихаттың № 2-22 шешімімен бекітілген «Алматы облысындағы Алматы қаласының 4 серіктес қаласының бас жоспарларының ТЭН» негізінде, Басқарма Гейт-сити бас жоспарына түзету енгізілді және 727 га егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын орындалды.

Бұдан басқа, Елбасының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 қадам - Ұлт жоспарымен «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталын құру (32 қадам) үшін және Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің 2015 жылғы 26 қазандағы    № 51-8.150 бекітілген «Заңның ұлықтылығын қамтамасыз ету саласындағы реформадан шығатын, Заңды іске асыру бойынша ұйымдық-практикалық шаралар жоспары» тапсырмасының 3 - тармағын орындау мақсатында, ағымдағы жылда топографиялық түсірілімдерді техникалық ерекшеліктерін орындағанда геоақпараттық жүйесі бағдарламасында (формат ГИС) орындауға міндетті талаптар қоюмен жабық конкурс өткізді.

Басқармамен, АЭА «Қорғас – Шығыс қақпасы» кешені Панфилов ауданының іргелес ауылдарымен өзара байланысын анықтау үшін Алматы облысы, Панфилов ауданының есептік мерзімі 2035 жылға дейінгі «Жаркент-Қорғас агломерациясының аумағын қала құрылыстық дамытудың кешенді жобасы» жобасы әзірленіп, Алматы облыстық мәслихатының шешімімен бекітілді.

Сондай-ақ, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және Нұркент жаңа қаласында тұратын жұмысшылар мен олардың отбасыларының тіршілігіне жағымды және экологиялық қауіпсіз ортасын құру мақсатында, Басқарма тапсырысымен (Нұркент) жаңа қаласының бас жоспары әзірленіп, Алматы облыстық мәслихатының шешімімен мақұлданды. Аталған жоба бойынша құжаттар, құзыретті министрліктермен келісу шараларын өтуде.

Сонымен қатар, Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жолдауының негізінде және 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 32 Алматы облысы әкімі А. Баталовтың аппараттық жиналысының хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында «Алматы – Талғар – Евгеньевка», «Алматы – Көкпек – Шонжы – Көктал – Қорғас», «Алматы – Үшқоңыр – Ұзынағаш – Прудки», «Бірлік – Алмалық – Рысқұлов – Казстрой – Ақбұлақ», «Алматы – Өскемен», «Алматы – Бішкек», «Үлкен Алматы айналмалы автомобиль жолы» және «Батыс Европа – Батыс Қытай» автокөлік жолдарының нақты жоспарлау жобалары орындалды. Аталған қала құрылыстық құжаттамалар жобаланған автокөлік жолдарында жол бойы инфрақұрылым нысандарын орналастыруды реттеуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, жасыл екпелерді күтіп ұстау, қорғау және аумақтарды абаттандыруды реттеуге және тәртібін анықтауға Басқармада «Алматы облысындағы жасыл екпелерді күтіп ұстау және қорғау, қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы ережелері» әзірленіп, Алматы облыстық мәслихатының шешімімен бекітілді. Аталған Ережелерді құрылымдық бөлімдер және Алматы облысының қалалық және аудандық жергілікті атқарушы органдары басшылыққа алатын болады.

2016 жылы 2 Қала құрылыстық Кеңесі отырысы өткізіліп, 16 түрлі инвестициялық жобалар қаралды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес, Басқарма облыстың қалалық және аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен берілген жобалауға сәулеттік-жоспарлық тапсырмаларына (СЖТ) қалыпты түрде мониторинг жүргізеді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша қалалық және аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен 1397 СЖТ жобалауға  даярланып, берілген.

Сонымен қатар, Басқармада, Алматы облыстық құрылыс Басқармасы жобалақ-сметалық құжаттама (ПСД) әзірлеуге өткізген мемлекеттік сатып алу негізінде орындалған 8 эскиздік жоба қаралды.

Ағымдағы жылы «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша 18 өтініш қарастырылып, мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 


Орналастырылған күні: 17.01.2017 16:41

Өзгертілген күні: 19.01.2017 14:22:37

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх