Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +26 oC

2017 жылдың қорытындысы

Есептік кезеңде Алматы облысында туризмді дамыту мастер-жоспарын және оны іске асыру жөніндегі 2014-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғастырылды.

Алматы облысының аумағында Алакөл мен Балқаш курорттық аймақтарын дамыту жоспары әзірленіп, бекітілді. 2017 жылғы ақпан айында Астана қаласында Алакөл, Балқаш курорттық аймақтарын дамыту бойынша ұсыныстарды қарау және іріктеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында инженерлік-көліктік инфрақұрылымдардың құрылыстары, жағажайларды қоршау бөгендерінің жұмыстары, авиарейстерді субсидиялау бөлігінде республикалық бюджеттен қаржыландыруды талап ететін мәселелерді көрсете отырып, курорттық аймақтарды дамытудың әлеуетін таныстырды.

Алакөл көлінің жағалауында демалушылар ағымының жыл сайын артуына байланысты, 2017 жылы «Жетіген-Достық-Жетіген» маусымдық теміржол қатынасы ұйымдастырылды, бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 85,0 млн.тг. бөлінді. Тасымалданатын жолаушылардың болжамды саны - 60 мың адам. Пойыздың қатынау кестесі 20 маусым мен 30 тамыз аралығын қамтиды.

Туристерді Алакөл көлінің жағалауына қолайлы жеткізу үшін Үшарал қаласында әуежай қолданысқа берілді. Құрылыс жұмыстарына 896,9 млн. теңге қаражат бөлінді. «Астана-Үшарал-Астана» әуебағытын субсидиялау 2017 жылға 173,0 млн.тг құрады, аптасына 3 рет «Жетісу» Авиакомпаниясы» АҚ-мен орындалады, қаржыландыру көзі – республикалық бюджет .

2017 жыл қорытындысы бойынша мониторинг деректеріне сәйкес облыста 680 туристік нысан жұмыс істейді. Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілер саны 1,5 млн. астам адамды құрады, соның ішінде ішкі туризм (резиденттер) – 1 564 978 адам, кіру туризмі (резидент еместер) – 1 731 адам.

Есептік кезеңде туристік-сауықтыру қызметтері 8310,1 млн.теңге көлемінде көрсетілді, 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда  50% -ға жоғары.

Туристік объектілерге апаратын жолдардың құрылысына көп
 көңіл бөлінуде. Алакөл ауданындағы Ақши ауылынан көл жағалауындағы демалыс орындарына апаратын 0-23,78 шақырым автокөлік жолын қайта
жаңғырту     жұмыстарын   жүргізуге    2017  жылы   1 157,8 млн. теңге бөлініп, толықтай игерілді. Жұмыстардың орындалу мерзімі – 2015-2018 ж.

Балқаш көліне апаратын ұзындығы 141 шақырым автомобиль жолын қайта жаңғырту бойынша:

-         Ақсу ауданындағы "Алматы-Өскемен-Лепсі-Ақтоғай" автомобиль жолы       0-110 шақырымының, 0-35 шақырым учаскесін қайта жаңғырту жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс өткізіліп, «Жол» ЖШС-мен келісім шарт жасалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы ағымдағы жылдың наурыз айына жоспарлануда. Жалпы құны - 9 816,0 млн.теңге, 2018 жылға 1 327,3 млн.теңге бөлінді.

-         Сарқан ауданындағы "Алматы-Өскемен-Қызыл қайың-Лепсі" автомобиль жолының 113-117 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсы өткізіліп, «Жол» ЖШС-мен келісім шарт жасалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы ағымдағы жылдың наурыз айына жоспарлануда. Жалпы құны - 732,9 млн.теңге, 2018 жылға 227,6 млн.теңге бөлінді.

-         Сарқан ауданындағы «Лепсі-Балқаш көлі» автомобиль жолының 0-27 шақырымын қайта жаңғыртуға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне республикалық бюджеттен қаражат бөлуге өтінім берілетін болады.

2017 жылы жергілікті бюджеттен 2018-2020 жылдарға арналған «Қопа» темір жол вокзалынан бастап Қарабастау ауылына дейінгі облыстық жолдың 34 шақырымдық учаскесін жөндеуге 0,9 млрд.теңге бөлінді, аталған жұмыс ЮНЕСКО нысандар тізіміне енген Таңбалы Мемлекеттік мұражай-қорығына туристер ағымын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2017 жылы жергілікті бюджеттен «Алматы-Нарынқол» тас жолынан «Шарын» шатқалына дейінгі облыстық маңызы бар 11 шақырым жолдың салуына жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау үшін 8,736 миллион теңге бөлінді.

«Текелі қаласының бассейнін сенімгерлік басқаруға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша дайындық жұмыстары басталды. Тиісті мемлекеттік органдардың және жеке бастамашы ЖК «Бейсембетов» шақырылуымен кездесулер өткізілді. Жобаның тұжырымдамасы әзірленді, Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы алынды, салалық қорытынды дайындалды.

Өткен жылдың қараша айында Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің инфрақұрылымын дамыту және туристік орталықтар құру тақырыбында парк директорларының, туристік бизнес өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді. МҰТП-дің бас жоспарлары қарастырылып,  өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.

Облыс тұрғындарының өңірдің туристік объектілері туралы ақпараттылығын арттыру мақсатында QR кодтауды қолданумен туристік навигация жүйесін құру бойынша жұмыс аяқталды. Жалпы облыс аумағында 255 сілтеуіш орнатылған: «Алматы-Талдықорған», «Талдықорған-Үшарал» жол жиектерінде, Балхаш, Алакөл көлдерінің, Қапшағай су қоймасының жағалауында, сонымен қатар, МҰТП-дің аймағында 50 жолсілтеуіш , Алматы, Талдықорған қалаларының жол бойында 60 сілтеуіш орнатылды.

Алакөл көлінің жағасында белсенді демалысты насихаттау мақсатында 2017 жылдың 7-9 мамыры аралығында «Алакөл қанаттары» атты құс фестивалі өтті. Қатысушылардың саны - шамамен 100 адам.

2017 жылы 29 сәуірде Тамғалы-тас табиғи шекарасында Іле-Балқаш регатасының салтанатты ашылуы (бұдан әрі – регатасы) ұйымдастырылды. 2017 жылы регатаның 1-ші кезеңіне (спринт, жаппай рафтинг) 38 команда қатысты, оның ішінде Ресей Федерациясының Санкт-Петербург Төтенше жағдайлар министрлігінің институты да бар. Регата шеңберінде футбол, волейбол, ұлттық спорт түрлерінен (көкпар, ауыспалы, қыз қуу) жарыстар өткізілді.

Сәуірдің 30-ы күні мектеп оқушылары арасында кемелер, қайықтар, катамарандар, каяктар секцияларына арналған кубоктар өткізілді. Жарыстарға 13 команда, оның ішінде И. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің командасы қатысты.

2017 жылғы 8-15 шілде аралығында желкенді туризмнан Алматы облысының командасы Новосибирск қаласында (РФ) өткен «Обское море-2017» халықаралық желкенді регатасына қатысты. Жалпы  32 қайық ішінде жарыстың нәтижесі бойынша Алматы облысының командасы 1 орынға ие болды.

Қыркүйектің басында Алматы командасы Ақтаудағы халықаралық желкенді регатада Қазақстан Республикасын таныстырып, 3 орын алды. Сондай-ақ, Израиль, АҚШ, Украина, Ресей командалары қатысты.

9-11 қыркүйек аралығында Алакөл ауданындағы Алакөл көлінің жағалауында «Окунькөл» балық аулау және туристік фестиваль ұйымдастырылып, кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасында алабұға  балығын аулау турнирі өтті, 100-ден астам адам қатысты.

2017 жылғы 7-14 қазан аралығында «Барыс» облыстық туристік клубының өкілдері Сочи қаласында (РФ) туристік көпсайыстан өткен жарысқа қатысты. «Барыс» туристік клубынан 5 адам қатысты. Туристік техника бойынша команда 2 орынға ие болды.

«Рухани жанғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 7 өзеннің біреуі – Лепсы өзені зерттеу мақсатында 2017 жылы 1-9 маусымда экспедиция өткізілді. Экспедиция Балқаш көлінің шығыс бөлігіне жақын орналасқан кең және перспективалық аймақта туризмнің су түрлерін, экологияның белсенді және экологиялық түрлерін танымал ету және одан әрі дамыту мақсатында жүзеге асырылды. Бұл бағыт салауатты өмір салтын ұстанушы және су туризміне қызығушылық танытатын туристерге ұсынылды.

Қарамерген, Ағашайық, Ақтам қалаларына экспедиция  2017 жылдың 14-22 тамыз аралығында өтті. Экспедицияға археологтар, тарихшылар, географтар қатысты. Іс-шараның мақсаты:

- Қарамерген, Ағашайық, Ақтам елді мекендерін зерттеу;

- бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде қамту;

- тарихи ескерткіштер мен қалалардың жаңаруы;

- жаңа туристік маршруттардың ашылуы.

Қазіргі уақытта шетелдік туристер ежелгі түркі халықтарының тарихына қызығушылық танытып, болашақта осындай мүмкіндік беру іс-шараның міндеті болып табылады.

1-3 қараша күндері аралығында «Жетісудың жеті кереметі» өлкетану экспедициясы өткізілді. Экспедицияға бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, өңірлік және республикалық деңгейдегі қоғамдық ұйымдар, туриндустрия, турклубтар мүшелері, Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны – 20 адам. Үш күндік экспедиция Еңбекшіқазақ, Кербұлақ, Панфилов, Ұйғыр аудандары мен Талдықорған, Қапшағай қалаларындағы тарихи маңызы бар табиғи ескерткіштер мен мұражайларын қамтыды.

2017 жылғы 14-18 маусым аралығында шетелдік туристік компания өкілдеріне ақпараттық тур өткізілді. Ақпараттық турға Германия, РФ өкілдері қатысты. Іс-шараны өткізу барысында қатысушылар «Алтын Емел», «Шарын» және «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи парктеріне барды.

2017 жылдың 26 тамызында Талғар ауданындағы «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде «Тойқазан» ұлттық тағамдарының бесінші мерейтойлық фестивалі өтті. Фестивальға келушілердің жалпы саны 9000-нан астам адамды құрады.

2017 жылғы 20 сәуірде «Tourism and Travel» 17-ші қазақстандық халықаралық көрмесі аясында «Жетісу-2017» атты семинары өтті. Семинарда 132 қатысушы тіркелді. Қонақтар - Қытай, Қазақстан мемлекеттік органдарының өкілдері, Еуропалық экологиялық және агротуризм орталығының (Нидерланды) делегаттары, Тәжік туристік ұйымдарының қауымдастығы, Қырғыз туризм ассоциациясы. Воркшоп шеңберінде Алматы қаласының Туризм басқармасы мен «Қорғас» Қытай-Қазақстан халықаралық мәдени-туристік зонасының Әкімшілік комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық аймағындағы Қорғас қаласының туризм департаменті қол қойды.

Алматы облысының делегациясы 2017 жылы   Astana Leisure-2017  Қазақстандық халықаралық туристік көрмесіне және ANCIENT TARAZ-2017», «Ontustik Tourism. Invest 2017» халықаралық туристік форумдарына қатысты. Көрмеде Қазақстанның жалпы стендінде «Алматы - Қазақстанның еркін мәдени аймағы» кластерінде 4 аймақтық МҰТП, «Тұмар Транс» туроператорлық компаниясы, «Ақбұлақ» АКБ, «ЖетісуРесортСПА» санаториясы, «Атлантида», «Пеликан» және «Aquamarine Resort» демалыс аймақтарының өкілдері болды.  

Сондай-ақ Astana Leisure-2017 көрмесі аясында Aлматы облысын ішкі туризм нарығында дербес туристік бағыт ретінде қалыптастыру мақсатында туризм басқармасы презентация өткізді. 2017 жылы облыстың туристік мүмкіндіктерінің презентациясы Астана, Алматы қалаларында өткізілді. Жалпы презентацияда 100-ден аса қатысушы болды, оның ішінде Алматы облысының орналастыру оъектілерінен 25 өкілдері қатысты.

2017 жылғы 15 желтоқсанда Талдықорған қаласында Қытай Халық Республикасы Хунань провинциясының өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында қытайлық делегацияға 2018 жылғы 18-20 сәуір аралығында Алматы қаласында өтетін «KITF-2018» халықаралық туристік көрмесіне қатысу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Шет елдік және отандық туристтерді облыстың туристік мүмкіндігі туралы ақпараттандыру мақсатында облыс аумағында 40 жуық жарнамалық-ақпараттық тақташалар әзірленіп, қазіргі таңда 23 данасы еліміздің ірі қалаларында, облыс аумағындағы әуежай, темір жол станциялары, жоғары деңгейлі қонақ үйлер және туристер көп шоғырланатын қоғамдық орындарда орнатылды. Тақташаларды орналастыру жұмыстары жалғасуда.

Туристік кадрлардың біліктілігін арттыру, соның ішінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысушылар үшін әзірленген маршруттарда жұмыс істейтін гид-экскурсоводтарды дайындау Орталық Азия университеті базасында білікті гидтардың дайындығы бойынша курстар өткізілді. 25 гид - экскурсовод дайындалды.

Ғаламторды пайдаланушылар үшін Алматы облысының көптеген ерекше нысандарын, тарихи ескерткіштерін, мәдениеті мен табиғатын жоғарғы сапада  көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық-технологиялық деңгейде өңделген,  туристік ақпараттық интернет-портал  
(http://almatyregion-tour.kz) жұмыс жасауда. Сондай-ақ, Би-Би-Си телеарнасы туризм басқармасының ұсынысы  бойынша Алматы облысының табиғаты мен көрнекті орындары туралы бейнеролик жасады.

Жоғарыда аталған шаралар Алматы облысында туризмді дамытуға және аймаққа туристер ағынын ұлғайтуға ықпал етеді.

Осы бағытта жұмыс жалғасуда.

 


Орналастырылған күні: 19.01.2018 10:22

Өзгертілген күні: 19.01.2018 10:23:20

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх