Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC
2018 - 2019 жылдарға арналған Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (ДЭФ ЖБҚИ) индикаторларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары

2018 - 2019 жылдарға арналған Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (ДЭФ ЖБҚИ) индикаторларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары

1-тармақ «ДЭФ ЖБҚИ үйлестіруге орталық атқарушы органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен»ҰКП» бірінші басшы орынбасарының деңгейінен төмен емес жауапты қызметкерлерді анықтау».

Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасынан ДЭФ ЖБҚИ үйлестіруге жауапты, басқарма басшысының орынбасары – Бакиров Алмат Әмірханұлы.

Алматы облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан экономикалық мәселелер бойынша директорының орынбасары – Шаяхметов Әсет Несіпбекұлы. Сонымен қатар, жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы - Қасқарауов Әділ Қайырғалиұлы.

6-тармақ «Алдын-ала сауалнама кезеңіне кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысы үшін дайындық іс-шараларын жүргізу».

2017 жылы «Атамекен» ҰКП ресми интернет-ресурсында Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторларын жақсарту жөніндегі қабылданған шаралар туралы 50-ден астам мақала орналастырылды.

Бүгінгі күні Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторларын жақсарту жөніндегі қабылданған шаралар туралы ақпарат әлеуметтік жүйеде, бұқаралық ақпараттар құралдарында мақалалар орналастыру жұмыстары жалғасуда.

21-тармақ «АЭА одан әрі тиімді дамуын қамтамасыз ету, оның ішінде инфрақұрылымның құрылыстарын жеделдету, АЭА жұмыс істеу мерзімін созу, АЭА қатысушыларының әкімшілік механизмдерін оңтайландыру ж.б.»

«Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында «Қорғас-Шығыс қақпалары» АЭА инфрақұрылым нысандарын іске асыруға Ұлттық қордан 2015 жылы 12,5 млрд.теңге бөлініп, оның 7184,2 млрд.теңгесі 2016 жылға ауыстырылып толығымен игерілді.

«Қорғас-Шығыс қақпалары» АЭА аумағында 80 компания жұмыс істеуде, олардың инвестиция көлемі 600,0 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде 2 компания шетел инвестициясының қатысуымен.

2018-2020 жылдары құны 134,2 млрд.теңгені құрайтын 11 жобаны іске асыру жоспарлануда, нәтижесінде 1763 жұмыс орны ашылмақшы.



Орналастырылған күні: 02.03.2018 11:56

Өзгертілген күні: 02.03.2018 11:56:51

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх