Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -10 oC

2018 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат

Алматы облысы бойынша 2018ж. 9 айында өткен жылдың тақылеттес кезеңімен салыстырғанда эпидемиологиялық жағдай жіті ішек, менингококк, эхинококкоз кене энцефалиті жұқпаларының жоғарылауымен, вирустық «А» гепатитінің, сальмонеллез, эпидемиялық паротит, аскаридоз, энтеробиоз, дерматомикоз, педикуллез, қышыманың төмендеуімен сипатталады.

Вирустық гепатит «А» жұқпасының 54 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 26 (48,1%), 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 2,6 – 4,3 құрады. Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 7 жағдайға төмендеген.

Вирустық гепатит «А» жұқпасына қарсы жоспарлы түрде 2 жастағы балалар 18832, эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша 15 173 адам иммундаумен қамтылды. Жұқпа ошақтарында қарым-қатынаста болған 1822 адам анықталып, медициналық бақылауға алынған, оның ішінде биохимиялық әдіспен аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігіне 197 адам тексерілген (10,8%).

Вирустық «В» гепатитінің – 5 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 0,24 құрады. Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 3 жағдайға жоғарылаған.

Вирустық «С» гепатитінің 3 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2. 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 0,15 – 0,33 құрады. Былтырғы жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 2 жағдайға жоғарылаған.

Созылмалы парентеральды гепатиттердің 578 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 16 (2,7%) жағдайы тіркелді. 100 мың халыққа шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 28,0 – 2,6 құрады. Оның ішінде созылмалы вирустық «В» гепатитінен - 307, созылмалы вирустық «С» гепатитінен – 271 жағдайы тіркелді.

Жіті ішек жұқпасының 729 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 509 (69,8%), 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 35,4 және 84,1 құрайды. Былтырғы жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 27%-ға жоғарылаған. Жұқпаның таралу жолы 81,6% анықталды, оның ішінде тағам арқылы – 98,9%, қарым – қатынас арқылы 1%. Берілу факторы көбінесе үй жағдайында дайындалған, тоңазытқышсыз сақталған тағамдар болып қалуда.

Сальмонеллез жұқпасының 12 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 3. 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 0,58-0,50. Былтыроғы жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 3 жағдайға төмендеген.

Менигококты жұқпаның 19 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар -10, 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіштері 0,92-1,65 құрады. Былтырғы жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 4,6 есеге жоғарылаған.

Эхинококкоз жұқпасының 132 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 38 (28,7%) жағдайы тіркелді, 100 мың халыққа шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 6,4 құрады. Өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 17 жағдайға өсті.

Вирусты кене энцефалитінің 11 жағдайы тіркелді, 100 мың халыққа шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 0,5 құрады, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 7 жағдайға өсті.

Облыс бойынша бруцеллез сырқаттанушылығы өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2018 жылдың 9 айында 30,8% төмендеді (166-дан 118-ге). Бруцеллезбен науқастанғандардың 86,4% ауыл тұрғындары қамтып, сырқаттанушылық облыстың 83 елді - мекенінде тіркелді.

Адамдар арасында құтырма ауруы тіркелген жоқ. Сонымен бірге облыстың 4 ауданында (Ақсу, Қаратал, Кербұлақ, Ұйғыр) ауылшаруашылық малдары арасында құтырма ауруына күдікті 18 жағдай тіркелді, 11 жағдайда құтырма ауруының диагнозы зертханалық жолмен расталды. Ошақтардың барлығы ветеринарлық қызметпен бірлесіп тексеріліп, тиісті шаралар атқарылды, қарым – қатынаста болған 99 адам есепке алынып, олардың антирабиялық екпелерінің күнбе – күн алынуына тізім бойынша бақылау жүргізілуде.

Облыс аумағында оба, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы тіркелген жоқ. Департаменттің зоологиялық-паразитологиялық тобымен көктемде-күзде іс-сапарлар ұйымдастырылып, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына, туляремия және басқа карантиндік инфекциялардың эпидемиологиялық жағдайының қолайсыздығына байланысты аудан аймақтарындағы табиғи ошақтарының белсенділігіне геоақпараттық жүйе бойынша мониторинг жүргізіледі. Көктем, күз айларында тексеру барысында сыртқы ортадан алынған оң нәтижелі сынамалар электрондық картаға енгізіліп тұрады.

2018 жылдың 9 айында адам иммунтапшылық вирусы жұқпасымен (АИТВ) 1255 жағдай тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 12,8 құрады. 15-49 жас топтары арасында АИТВ жұқпасының таралу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,02 құрады.

Карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың алдын алу мақсатында облыстық «Жетісу» телеарнасы арқылы 2 интервью беріліп, бруцеллез, сібір жарасы, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы мен құтырма аурулары бойынша бейнероликтер көрсетілуде. Бұқаралық ақпарат құралдарында 5 мақала шығарылды. Сондай-ақ, құтырма, бруцеллез және сібір жарасы инфекцияларының алдын алу тақырыптарында әлеуметтік жүйлерге ақпараттар жариялануда.

2018 жылдың 9 айында туберкулездің 720 жаңа жағдайы анықталды, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 35,0 құрады, сырқаттанушылық 4,3%-ке, оның ішінде өкпе туберкулезімен сырқаттанушылық 3,5%-ға төмендеді (көрсеткіші 30,5). Эпидемиологиялық қолайсыздықты туындатып отырған   Балқаш, Талғар, Қаратал, Сарқан , Іле аудандары және Капшағай, Талдықорған қалалары.

Балалар арасында сырқаттанушылық 4 жағдайға өскен (19 жағдай, көрсеткіші – 3,1).

Талғар, Панфилов аудандарында санаторлық типті балабақша, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Қаратал, Көксу, Райымбек, Сарқан аудандарында және Қапшағай, Талдықорған, Текелі қалаларындағы мектепке дейінгі мекемелердің жанынан санаторлық топтар ашылып, жұмыс істеуде.

Алматы облысында 741 елді мекенің (731 ауылдық елді мекен және 10 қалалық), 664 елді мекенінде орталықтандырылған су жүйесімен, 68 елді мекенде орталықтандырылмаған (құдықтар, ұңғымалар, бұлақтар) және 9 елді мекен тасымалданатын сумен қамтамасыз етілген.

Алматы облысында орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 94% құрайды, Республикалық көрсеткіш - 92,2%. Орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 5,9% құрайды, Республикалық көрсеткіш - 6,7%.

2017 жылдың қорытындысы бойынша бақылауда 464 орталықтандырылған су құбыры болса, 2018 жылдың 9 айында орталықтандырылған су құбырының саны 8 көбейіп, 472 орталықтандырылған су құбырын құрады. Олар, келесі аудандарда: Сарқан – 5, Ескелді – 2, Ұйғыр – 1. Ағымды жылдың 9 айында Ескелді ауданында 1 су құбыры жүйесінде құрылыс және қайта құрылыс жұмыстарының жүргізілу себебінен орталықтандырылмаған су құбыры жүйесінің саны 124 –тен 123-ке азайды. 2018 жылдың аяғына дейін облыс бойынша 17 елді мекенде су құбыры жүйелерінде құрылыс және қайта құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

2018 жылдың ерекше тәртіп тексерісіне 245 су құбыры жүйелері жоспарланған, қазіргі уақытта оның 114, немесе 46,5% тексеріспен қамтылды, барлық тексерілген нысандарда бұзушылықтар анықталып, әкімшілік шаралар қолданылды.

Радиациялық ахуал бірқалыпты, радиациялық фон 0,11-0,18 мкЗв/сағ. құрады. Облыс бойынша 180 рентген кабинеттері жұмыс жасайды. 2018 жылдың 9 айында оның 31 өтініш бойынша санитариялық-гигиеналық тексеріспен қамтылды.

2018 жылдың 9 айында аудандық, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының қадағалауында 5843 тағам өнімдерін өндіретін, сататын объектілер болды. 2018 жылдың 9 айында 1568 тағам сынамалары зерттеліп, олардың 69 (4,4%) микробиологиялық көрсеткіштер бойынша нормативтік құжаттардың   талаптарына сәйкес келмеді . Барлық қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары мамандарымен бактериялды ластанған тағам сынамаларының себебін анықтау технологиялық үдерістердің сатысын қадағалаумен жүргізілді. Бактериалды ластанушылықпен айқындалған бұзушылықтар бойынша, жауапты тұлғаларға 36 айыппұл 1097880т. көлемінде салынып, шаруашылық субъектілеріне 36 нұсқау берілді.      

2018 жылдың 9 айымен 2017 жылдың 9 айымен салыстырғанда эндемиялық зобпен науқастанушылық саны 6053 (2017ж.9 айы) 6118 (2018ж. 9 ай) дейін болмашы өсті. Науқастанушылық саны жасөспірімдер мен ересектер арасында жоғарылаған. Есепті кезеңде сауығуымен және тұрғылықты орнының ауысуымен облыс бойынша диспансерлік бақылаудан   127 адам, оның ішінде 52 бала, 34 жасөспірім, 41 ересек шығарылды.

Алматы облысында йодпен байытылған сүт өнімдерін өндіру жалғастырылуда (сүт зауыттары: «Адал Сүт» ЖШС Еңбекшіқазақ ауданы (тапсырыс бойынша), «Үштөбе Айдын» ЖШС Қаратал ауданы, Талдықорған қаласындағы «Ляззат-2006» ЖШС сүт цехы мен ЖК Л. Жолтабарованың наубайханасы, Текелі қаласындағы «ГМЗ Текели» ЖШС).

4139 сауда нысандарында, 54 облыс базарларында йодталған ас тұзы және басқа да йодпен байытылған тағам түрлері (ашытқы, сүт және сүт өнімдері, сусындар және т.б.) тасып әкелінеді.      

Облыс бойынша Қапшағай қаласындағы «Қапшағай Бидай Өнімдері» ЖШС, Қарасай ауданындағы «Азия АгроФуд» ЖШС және «Турка» ЖШС Сарқан ауданындағы 3 ұн тартатын обьектілерде   темірмен және дәруменді-минералдық қоспалармен фортификацияланады.

2018 жылдың 9 айында Қоғамдық денсаулық сақтау Комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШҚ РМК Алматы облысы филиалының зертханаларында 143 сынамалар зерттелді, оның ішінде тұз – 117, нан -5, сүт өнімдері - 15, сынамаларының йодтық құрамы зерттелді, НҚ талаптарына сәйкес еместігі ашытқы 6.

Алматы облысы   қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бақылауында барлығы 2168 білім беру ұйымдары бар. Ыстық тамақтану 568 (75,2%) мектепте ұйымдастырылған, 88 (11,6%) - буфеттік. Барлық 568 (100%) асханалар жекеменшік кәсіпкерлерімен жалға алынып жұмыс істеуде. Мектептер медициналық кабинеттермен 99%, медициналық кадрлармен 100% қамтамасыз етілген.

Оқу процессі 3 аусымда 34 мектепте жүргізіледі, олар: Еңбекшіқазақта 4, Жамбыл - 2, Іле -13, Қарасай -11, Талғар-3, Ұйғыр- 1 аудандарында.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау «Денсаулықты ықпал ететтін мектептер» жобасын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы мен оның аумақтық басқалармен және орындарымен 187 меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, ДДС жобасын іске асыру мақсатында кәсіпорындарымен «Салауатты өмір салтын» 1 және 2 қауіпті топтағы 40 меморандумдар жасалды.

     2017-2019 жылдарға арналған    «Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру және салааралық өзара әрекеттестікті дамыту» жобасы шеңберінде акциялар өткізілді: «Қауіпсіз тамақтануды таңда!», «Сенің денсаулығың сенің қолыңда!», «Таза қол», Ұн фортификациясы, «Болашаққа қадам!», «Физикалық белсенділік». Жалпы іс-шаралардың саны 149 болды.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін ай сайын мониторинг жүргізіледі. 9 айдың қорытындысы бойынша халықтың жалпы өлімі - 6,83 құрады, оның ішінде қан айналымы жүйесі аурулары - 127,00, қатерлі ісіктерден - 48,5, семіздіктің көрсеткіші - 136,04, жол-көлік оқиғаларыдың саны - 2155.

Осы көрсеткіштерді төмендету және жетілдіру мақсатында, Департамент күн сайын әлеуметтік желілерде, instagrams және Facebook «ohranniki_zdorovya» әлеуметтік желілерінде ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізеді, бүгінгі күні 931 басылым шығарылды, абоненттер саны 8346 адамды құрады.

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының Әдеп уәкілімен Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кодексті сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізеді.

9 айдың қорытындысы бойынша бірінші жартыжылдықта 254 және 267 мемлекеттік қызметкермен анонимді сауалнама өткізілді. Аумақтық басқармаларға 12 семинар және 8 рет іссапар ұйымдастырылды.

2018 жылдың 9 айында мамандандырудан 42\адам өтті, оның ішінде 21 дәрігер, 21 орта медициналық білімі бар мамандар.

Біліктілік санатты алу үшін 35 өтініш қабылданып қаралды, оның ішінде 26 өтінішке дәлелді бас тартылды.Сонымен қатар есептік кезеңде облыстық мамандырылған комиссиямен 9 адамға біліктілік санаты берілді


Орналастырылған күні: 17.10.2018 12:03

Өзгертілген күні: 23.10.2018 15:15:41

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх