Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +10 oC

2018 жылдың 9 ай қорытындысы

2017-2019 жылдарға арналған    «Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру және салааралық өзара әрекеттестікті дамыту» жобасы шеңберінде акциялар өткізілді: «Қауіпсіз тамақтануды таңда!», «Сенің денсаулығың сенің қолыңда!», «Таза қол», Ұн фортификациясы, «Болашаққа қадам!», «Физикалық белсенділік». Жалпы іс-шаралардың саны 149 болды.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін ай сайын мониторинг жүргізіледі. 9 айдың қорытындысы бойынша халықтың жалпы өлімі - 6,83 құрады, оның ішінде қан айналымы жүйесі аурулары - 127,00, қатерлі ісіктерден - 48,5, семіздіктің көрсеткіші - 136,04, жол-көлік оқиғаларыдың саны - 2155.

Осы көрсеткіштерді төмендету және жетілдіру мақсатында, Департамент күн сайын әлеуметтік желілерде, instagrams және Facebook «ohranniki_zdorovya» әлеуметтік желілерінде ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізеді, бүгінгі күні 931 басылым шығарылды, абоненттер саны 8346 адамды құрады.

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының Әдеп уәкілімен Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кодексті сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізеді.

9 айдың қорытындысы бойынша бірінші жартыжылдықта 254 және 267 мемлекеттік қызметкермен анонимді сауалнама өткізілді. Аумақтық басқармаларға 12 семинар және 8 рет іссапар ұйымдастырылды.

2018 жылдың 9 айында мамандандырудан 42\адам өтті, оның ішінде 21 дәрігер, 21 орта медициналық білімі бар мамандар.

Біліктілік санатты алу үшін 35 өтініш қабылданып қаралды, оның ішінде 26 өтінішке дәлелді бас тартылды.Сонымен қатар есептік кезеңде облыстық мамандырылған комиссиямен 9 адамға біліктілік санаты берілді.


Орналастырылған күні: 22.10.2018 12:11

Өзгертілген күні: 22.10.2018 12:14:47

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх