Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

2018 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат

Жер қатынастары басқармасының атқарған жұмысы бойынша ақпарат 

Облыстың жер қоры 22 млн.358 мың 432 гектар жерді құрайды, оның 8 млн.621 мың 061 гектары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, оның ішінде егістігі - 1 млн.015 мың 192 гектар, оның суарылмалысы - 442 мың 982 гектар, көп жылдық екпелер - 20 мың 711 гектар, тыңайған жерлер - 88 мың 245 гектар, шабындық - 210 мың 686 гектар, жайылым - 7 млн.113 мың 600 гектарды құрайды.

2018 жылдың 01 қыркүйек жағдайына жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін алу бойынша 151 554 өтініш тіркелген. Өтініштердің басым бөлігі Талдықорған қаласы мен Алматы қаласының маңындағы аудандарда тіркелген.

Түскен өтініштердің қанағаттандырылмауының себебі болып жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін қалақұрылысы құжаттамасымен және инфрақұрылыммен қамтылған дайын алаңдардың болмауы табылады .

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану тұрақты бақылауда.

Жайылым жерлерін басқару және пайдалану жөнінде Жоспарын бекіту мәселесі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 3 қарашада № 11-5/03-368 (2.2.6-2.2.8) тапсырмасының орындалуы туралы төмендегіні хабарлаймыз.

Жайылым айналымдарының схемалары барлық 16 аудан 3 қала әкімдіктерімен бекітілді.

Бүгінгі күні облыс бойынша барлық 16 ауданның және 3 қаланың (Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Іле, Жамбыл, Райымбек, Сарқан, Панфилов, Ескелді, Көксу, Кербұлақ, Қаратал, Қарасай, Талғар, Ұйғыр аудандары және Қапшағай, Текелі, Талдықорған қалалары) жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарлары әділет департаментінде тіркелді.

Конкурстар, аукциондарды өткізу және ұйымдастыру бойынша

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беруге мораторий жариялануына байланысты, 2016 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беруге конкурстар мен аукциондар өткізілмеді.

2017 жылы 4 конкурс өткізіліп, көлемі 22,6 мың га құрайтын 142 жер учаскесі берілді (Жамбыл, Қаратал, Райымбек аудандары және Қапшагай қаласы).

2018 жылдың 2 тоқсанында 6 конкурс өткізіліп, көлемі 84, 7 мың га құрайтын 297 жер учаскесі табысталды (Жамбыл, Іле, Ескелді, Көксу, Ұйғыр аудандары және Текелі қаласы).

Бұдан бөлек жылдың аяғына дейін 11 конкурс өткізіліп, 103,6 мың га жер учаскесін беру жоспарлануда (5,3 мың. га егістік, оның ішінде 1,2 мың.га суармалы, 0,8 мың.га шабындық, 97,3 мың.га жайылым).

Сондай-ақ, облыста конкурстық негізде босалқы жерлерден 7,2 млн га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді табыстауға мүмкіндік бар.

Алакөл және Панфилов аудандары коммерциялық мақсаттарға 2017 жылы көлемі 144,2 га құрайтын 53 жер учаскесін табыстады.

Жер учаскелеріне құжаттық түгендеу жұмыстарын жүргізу бойынша

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2016 жылғы 09 қыркүйегіндегі тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовпен бекітілген «Жер қатынастарын реттеу саласындағы 2017-2019 жылдарға арналған жұмыс жоспарына» сәйкес, облыс аумағында 2017 – 2019 жылдары жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жеріне құжаттық түгендеу (ревизия) жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Аталған жұмысты іске асыру мақсатында облыс, аудан, қалалар деңгейінде комиссиялар құрылып, 2017 жылы ауыл шаруашылық мақсатындағы және облыстың елді мекендер жерлеріне құжаттамалық түгендеу жұмыстары жүргізілді.

2018 жылы жоспарға сәйкес, өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер санатына түгендеу жұмыстары жүргізілуде.

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» (ұзындығы- 66 км)

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының» құрылысына қажетті 690,6 га құрайтын 939 жер учаскесі түседі. Сатып алуға 639,08 га құрайтын 722 жер учаскесі (Қарасай ауданы -339 учаске (321,60 га), Іле ауданы – 197 (166,84 га), Талғар ауданы – 186 учаске (150,64 га) жатады.

Оның ішінде:

- 580 жер учаскесі (Қарасай ауданы -232 учаске (148,8 га), Іле ауданы – 188 (112,5 га), Талғар ауданы – 160 учаске (72,9 га) сатып алынды (334,2 га).

- 27 меншік иесіне (Қарасай ауданы) тең бағалы жер учаскесі ұсынылды.

- 114 меншік иесі (Қарасай ауданы -79, Іле ауданы -9, Талғар ауданы – 26) өз еркімен жер учаскесінен бас тартты.

1 жер учаскесі (Қарасай ауданы) сот қарауында (ТОО «Табыс-2005», 51,92 га).

ҚР Бас прокуратурасының 2018 жылғы 23 ақпанында Жоғарғы соттың «Табыс-2005» ЖШС-не 849,5 млн.тг бюджеттен төленуі бойынша сот актісінің тоқтатылуы бойынша қаулысы енгізілді. ҚР Жоғарғы сотының шешімі бойынша материалдар қайта қаралуға жіберілді.

«Алматы-Бішкек» автомобиль жолы бойынша (16-19 км)

Республикалық маңызы бар «Алматы - Бішкек» автомобиль жолының («Алтын орда» базары аумағы) құрлысына 53 жер учаскесі түседі (көлемі-4,5745 га), оның ішінде мемлекет меншігінде 5 жер учаскесі (көлемі-0,1263 га). 48 жер учаскесі (көлемі-4,4482 га) сатып алуға жатады (574,9 млн). Оның ішінде:

- 28 жер учаскесі (2,5367 га) иеліктен шығарылып, сатып алынды     (423,3 млн).

- 2 жер учаскесінің (0,5826 га) меншік иелерінің келісімі алынды (41,3 млн).

- 9 жер учаскесінің (0,439 га) меншік иесі өз еркімен бас тартты (7,3 млн).

- 6 жер учаскесін (0,5828 га) иеліктен шығару бойынша сот шешімі қабылданды (104,0 млн теңге), (4 жер учаскесінің материалдарының сот шешімі күшіне енді, 2 жер учаскесінің материалдары 02.08.2018 ж. Жоғарғы сотқа жолданды, 2 жер учаскесінің материалдары апелляциялық сот алқасының қарауында 05.09.2018 ж.).

- 3 жер учаскесінің (0,3071 га) құжаттары сот қарауында (4,9 млн), (2 жер учаскесінің материалдары АМЭС қарауында, қарастыру мерзімі 23.08.2018 ж. және 12.09.2018 ж., 1 жер учаскесінің материалдары аудандық сот қарауында).

Сонымен қатар, "Асыл Арман" ТК "Труба" жобасы және Райымбек ауылына қарасты жерүсті жаяу жүргіншілер аймағынан қосымша 13 жер учаскесі (0,6743 га) түседі.

Бүгінгі күні, облыс әкімдігі тарапынан жер учаскелерін сатып алу мақсатында автомобиль жолдары комитетіне бюджеттік өтінім әзірленуде.

«Береке» индустриялық аймақтың құрылысы

«Береке» индустриялық аймақтың құрылысына барлығы 209 жер учаскесі (көлемі 535 га) түседі, оның ішінде сатып алынуға жататыны 185 жер учаскесі (422,7 га).

- 128 жер учаскесі (253,6 га) босатылды (540,5 млн теңге).

- 3 жер учаскесі (10,3 га) меншік иелері өтемақы сомасына келісім берді (4,8 млн теңге).

- 30 жер учаскесі (98,7 га) меншік иелері тең бағалы жер учаскесін алуға келісім берді (87,1 млн теңге)(оның ішінде 19 жер учаскесі кепілде тұр).

- 4 жер учаскесін иеліктен шығару бойынша сот шешімі қабылданды (17,0 га), (меншік иелері апелляциялық шағым түсірді, сот отырысы 2018 жылдың 21 қыркүйегіне белгіленді).

- 11 жер учаскесінің (9,4 га) материалдары сот қарауында (22,9 млн теңге), (сот отырысы 2018 жылдың 14 қыркүйегіне тағайындалды).

   - 9 жер учаскесі (33,8 га) меншік иелерімен келіссөз жұмыстары жүргізілуде (51,4 млн теңге).

Бүгінгі күні, жергілікті бюджеттен жер учаскелерін сатып алу үшін 768 567 000 теңге бөлініп, оның 294 123 848 теңгесі игерілді (қалған 474 443 152 теңгенің игерілу мерзімі ағымдағы жылдың тамыз-қараша айлары).


Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін электрондық форматқа көшіру бойынша

Облыста 2015 жылы жер ресурстарының кешенді электрондық картасы әзірленді. Бұл картаға ауыл шаруашылығы алқаптары, пайдаланылмай жатқан жерлер, ирригациялық желілер, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар жобалар енгізілді.

Электрондық картаның деректері электрондық үкімет үдерістерін автоматтандыруды жетілдіру және жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, ТҮКШ, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика саласында мемлекеттік қызмет көрсету платформасы болып табылады.

Кешенді картаны жетілдіру өтініштерді қабылдаудан бастап жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын беруге дейін мемлекеттік қызмет көрсетуді электрондық форматқа толық көшіруді қамтамасыз етеді, бұл өтініштерді қарау уақытын едәуір қысқартады, өтініштерді өңдеу бойынша толық автоматтандырылған жұмыс орындарын құрады, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырады. Бұл ретте, жер учаскелерін беру процестерінің ашықтығы мен бақылауы қамтамасыз етіледі.

"Облыс әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар орталығы" КММ-не облыстық бюджет қаражатынан электрондық картаны жетілдіруге және Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға 20 млн. теңге бөлінді (I-кезең).

Пилоттық жоба ретінде мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды облыстық маңызы бар Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалаларында және Іле, Қарасай, Талғар аудандарында енгізуді жоспарлануда.

 


Орналастырылған күні: 27.11.2018 09:18

Өзгертілген күні: 27.11.2018 09:20:42

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх