Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +24 oC

2018 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат

Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 116 бабына сәйкес Алматы облысында су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су қорғау аймақтары мен белдеулері облыстың аса ірі 301 өзендері, көлдері мен су қоймаларына жобалануда.

2006-2018 жылдар аралығында облыстың 215 су объектісіне су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнатудың жұмыс жобалары жасалды.

Облыс әкімдігінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы 2009 жылғы 12 мамырдағы № 93, 2010 жылғы 4 мамырдағы № 60, 2011 жылғы 21 қарашадағы № 246, 2017 жылғы 23 қазандағы № 448 және 2018 жылғы 31 мамырдағы № 247 қаулылары қабылданды.

Облыстың су объектілерінің көбісіне су қорғау аймақтары мен белдеулері орнатылмаған, жер беті суларының ластануы, өзендер мен көлдердің жағасына судың жағдайына әсер ететін түрлі құрылғылар мен ғимараттар салынуда.

Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі зардап шегіп, микроклимат пен су объектілерінің экологиялық жағдайы нашарлап бара жатыр.

Аталған жұмыстардың жүргізілуі жалпы экологиялық жағдайдың жақсарып, су ресурстары мен су шаруашылығы құрылғыларын тиімді пайдаланылуына алып келеді.

Басқарманың су ресурстары бөлімімен халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау мақсатында жер үстi және жер асты су объектiлерiнен тәулігіне 50 м3 дейін су алатын жеке және заңды тұлғаларға берілетін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органының қорытындысын тіркеу жұмыстары жүргізіледі.

Тіркеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 19-02/183 Бұйрығына сәйкес атқарылады.

Қорытындыны тіркеу ережелері мен басқа да қажетті ақпарат басқарманың сайтында орналастырылған.

Сонымен қатар су ресурстары бөлімімен облыс әкімдігінің 2018 жылғы 5 маусымдағы № 264 қаулысына сәйкес «Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» және «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.


Орналастырылған күні: 13.11.2018 11:02

Өзгертілген күні: 13.11.2018 11:03:28

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх