Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +18 oC

2018 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат

2018 жылы Алматы облысы бойынша Кешенді іс шаралар жоспары шеңберінде 54959 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту жоспарланған.

Жыл басынан жұмыспен қамту органдарына 49217 адам жүгініп, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 48642 адам камтылды немесе 98,8%.

2018 жылға « Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын» іске асыру үшін 10706,1 млн.теңге қарастырылды.

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 6695 адамды кәсіптік оқытуға 2556,0 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде:

-кәсіптік техникалық оқытуға 1535 адамға 1229,1 млн.теңге;

- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 5160 адамға 1326,9 млн.теңге.

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде 6000,9 млн.теңге бөлінді.

Оның ішінде:

- 1176 адамға 5424,3 млн.теңге шағын несие беру жоспарлануда;

- қалаларда және ауылды аймақтарда шағын несиені кепілдендіруге – 394,1 млн.тенге;

- операциялық шығындарды субсидиялауға – 96,0 млн.тенге бөлінді.

"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 3361 қатысушы-186,7 млн .теңге (РБ-106,7 млн. теңге, ЖБ – 80 млн. теңге) бөлінді.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 2149,2 млн. тенге бөлінді. Оның ішінде:

-әлеуметтік жұмыс орындарына – 239,5 млн.тенгеге 1196 адамға;

-жастар практикасына 449,3 млн.тенгеге 1245 адамға;

-қоғамдық жұмысқа 1366,3 млн.тенгеге 10554 адамды.

Ағымдағы жылдың 1 қазанына әлеуметтік жұмыс орындарына 1399 адам, жастар практикасына 1587 түлек, қоғамдық жұмыс орындарына 9021 жұмыссыз азамат жолданды. Жыл басынан қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 5520 адам қамтылды. Кәсіптік техникалық оқытуға 1535 адам жолданды.

Бірыңғай электрондық еңбек биржасы арқылы 2202 бос жұмыс орындары тіркеліп, 12031 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Ағымдағы жылдың 1 қазанына ауылдық жерлерде 2018 жылға бөлінген қаржыдан 792 адамға 3242,2 млн.теңге көлемінде шағын несие берілді, қалаларда 6 адам 66,5 млн.теңге көлемінде шағын несие алды.

 

Әлеуметтік көмек

Облыс бойынша 2018 жылдың 1 қазанына аз қамтылған 92,3 мың астам азаматтарға 2546,4 млн. теңге мөлшерінде әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Оның ішінде:

Тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегі 7032 отбасына  254,0 млн. теңге мөлшерінде төленді.

Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын 1600 отбасына 50,3 млн. теңге көлемінде төленді.

Туберкулез індетімен ауыратын 990 азаматқа 51,8 мың млн. теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

2018 жылдың 1 қазанына 143 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне қосымша тұрмыстық-коммуналдық жеңілдіктерге 7,1 млн. теңге және мерекелік және естелік даталарға 2601 адамға 143,6 млн. теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері енгізілді, атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен аспайтын отбасыларына   шартсыз ақшалай көмек және шартты ақшалай көмек түрінде көрсетіледі.

Жаңа форматтағы (АӘК) атаулы әлеуметтік көмекті іске асыру үшін облыс бойынша 32594 отбасын (162970 адам) қамту мақсатында 2388,2 млн. теңге қаржы қаралды, оның ішінде республикалық бюджеттен 1791,6 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 596,6 млн. теңге.

2018 жылдын 1 қазанына 10620 отбасына (54958 адам)  1802,6 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Оның ішіндегі, еңбекке қабілетті 3551 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды:

- тұрақты жұмыс орнымен – 2145 адам;

- қоғамдық жұмыс орнына – 811 адам;

- әлеуметтік жұмыс орнына – 140 адам;

- қайта даярлауға– 421 адам;

- жастар практикасына – 23 адам жіберілді;

- азаматтар мен оралмандардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесуге – 11 адам.

 

Мүгедектерді оңалту бағдадарламасы

Облыс бойынша тіркелген мүгедектердің жалпы санының 53% 1-2 топтағы мүгедектер (35613 адам), 11,3% немесе 7656-мүгедек балалар.

Жылдан жылға мүгедектерді оңалту шараларына қарастырылып отырған қаржы көлемі өсіп келеді.

2018 жылы мүгедектерді оңалтуға 2,8 млрд. теңге бөлінді (ЖБ – 2532,4 млн. теңге, РБ – 269,6 млн. теңге) 2017 жылмен салыстырғанда 321,6 млн. теңгеге артық. (2017 жылы 2,5 млрд. теңге бөлінді).

Соның ішінде:

- санаторлық-курорттық емделумен 2324 адамды қамту үшін (4215 адам мұқтаж) 205,5 млн. теңге бөлінді, жеке оңалту бағдарламасының орындалуы – 52,2% құрайды (2017 жылы 5310 адамнан 1452 адам немесе 27,3% қамтылды);

- техникалық қозғалу құралдарымен – 1358 адам немесе 100% -ға  165,6 млн. теңге қамтылды. (2017 жылы 2244 адамнан 1278 адам немесе 56,9% қамтылды);

- протездік-ортопедиялық көмекпен 3461 адам (жеке оңалту бағдарламасы 100% орындалды) 165,6 млн. теңгеге қамтылды. (2017 жылы 4943 адамнан 2513 адам немесе 50,8% қамтылды);

– тифлоқұралдар 1299 адамға 152,1 млн. теңге көлемінде сатып алынып, жеке оңалту бағдарламасының орындалуы 53,9% құрады (1623 адам),          (2017 жылы 2554 адамнан 960 адам немесе 37,6% қамтылды);

- сурдоқұралдармен 1922 адам немесе 100%-ға 119,8 млн. теңге көлемінде қамтылды;

-гигиеналық құралдарды 7855 адам немесе 100%-ға 646,9 млн. теңге көлемінде қамтылды;

-жеке көмекшілердің қызметеріне 2656 адамға 1063,4 млн.теңге, ымдау тілі мамандарының қызметтеріне 400 тұлғаға – 66,8 млн. теңге және кеңейтілген техникалық көмекші құралдарына 191,0 млн. теңге бөлінді;

- ағымдағы жылы кохлеарлық импланттары бар 11 баланың сөйлеу процессорлары – 46,2 млн. теңгеге ауыстырылды.

2018 жылдың соңына дейін оңалту шараларымен 16111 адам немесе жоспардағы көрсеткіштің 90,0 % (18820 мұқтаж адам) қамтылады.  (2017 жылы 26712 адамнан 16225 адам немесе 60,7% қамтылды).

Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтудың қажетті құралдарымен қамтамасыз ету үшін, арнайы жеткізулер ұйымдастырылған. Техникалық көмекші құралдары   1702 мүгедектердің үйлеріне жеткізілді.

Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің  қолжетімділігі

Облыс бойынша бекітілген аймақтық бейімдеу картасы аясында «Интерактивтік қолжетімді карта» порталына 2117 паспортталған нысан енгізілді немесе жоспарға100%.

Оның ішінде бейімделуден бірінші кезекте өтуге жататын 400 нысанға 266,0 млн. теңге бөлініп, бейімдеу жұмыстары толық аяқталды.

Әлеуметтік инфрақұралымдардағы нысандарды бейімдеу және паспарттау бойынша мәлімет Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сайтының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» бөлімінде орналастырылған.

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында, «Инватакси» қызметін көрсету үшін 2014 жылы 20 арнаулы автокөлік сатып алынды. Ағымдағы жылы қосымша 11 арнаулы автокөлік алу үшін 121,5 млн. теңге бөлініп, сатып алынды.

2018 жылы «Инватакси» қызметін жүргізу үшін бюджеттен 102,3 млн.теңге қаржы бөлінді (оның 2,8 млн.теңгесі республикалық және    99,5 млн теңгесі жергілікті бюджеттен), өткен жылмен салыстырғанда 4,8 млн. теңгеге артық (97,5 млн. теңге).

1 қазанға «Инватакси» қызметімен әр аудан қала бойынша 56191 тапсырыс түсіп, бірінші топ мүгедектігі бар 5935 адам қамтылды.

2018 жылы мүгедектер қызмет алуға жиі баратын мекемелер орналасқан жерлерде 109 жол таңбалары, 3 дыбыстайтын құрылғыларды орнату мақсатында республикалық бюджеттен 2,0 млн. теңге қарастырылды

Облыстық "Жетісу" телеканалындағы 2 жаңалық телехабарлары сурдоаудармамен қамтамасыз ету үшін 26785,0 мың теңге бөлінген. (РБ 10714,0 мың, МБ- 16071,0 мың.)

 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

Облыс бойынша, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 12 мекеме жұмыс істейді. Оның ішінде: 2001 орынға арналған 9 стационарлық үлгідегі мекемелер.

2-і қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары 570 орындық қызмет көрсетуде(«Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ- 350 орындық, «Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 220 орындық).

2018 жылдың басынан 517 адам қызметпен қамтылды, 2018 жылдың   1 шілдесіне 468 адам қызмет алуда.

18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге арналған 5 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары бар, 1200 орын («Аманат» Есік арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 505 орындық, «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 320 орындық, «Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 157 орындық, «Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 110 орындық, «Ақниет» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 108 орындық). Бұл мекемелерде 2018 жылдың басынан 1228 адам қызметпен қамтылды.

2-і психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған 231 орындық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары бар. («Қамқор» Талдықорған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 130 орындық, «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 101 орындық). 2018 жылдың басынан 216 бала қызметпен қамтылды, 2018 жылдағы 1-ші шілдесіне аталған мекемелерде 208 бала қызмет алуда.

Сонымен қатар, жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 190 орындық 3 күндізгі болу орталықтары жұмыс істейді. («Бәйтерек» күндізгі болу орталығы» КММ – 90 орындық, «Үміт» күндізгі болу орталығы» КММ – 40 орындық, «Қаратал күндізгі болу орталығы» КММ – 60 орындық).

2018 жылдың басынан аталған мекемелерде 235 бала оңалтудан өтті.

Ағымдағы жылы арнаулы әлеуметтк қызмет көрсету ортатылықтарын күтіп ұстауға 3 млрд.130 млн.теңге қаржы бөлініп, 1,4 млрд.теңгесі игерілді.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес, аталған мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтің 8 түрі: әлеуметтік - тұрмыстық, әлеуметтік - медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік - психологиялық, әлеуметтік - еңбек, әлеуметтік - мәдени, әлеуметтік – экономикалық, әлеуметтік - құқықтық көрсетіледі.

Сонымен қатар, облыс бойынша үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 47 бөлімше бар, 2018 жылдың басынан 4112 адам қызметпен қамтылған. Оның ішінде: мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 22 бөлімшеде 1669 балалар мен 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және 25 бөлімшеде 2443 жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді.

Сонымен бірге, үкіметтік емес ұйымдар арқылы үй жағдайында 170 адам қызметпен қамтылды, осы мақсатқа республикалық бюджеттен 25564,0 мың теңге бөлініп, 1 шілдеге 10589,3 мың теңге игерілді.

Сонымен қатар, 2018 жылы тұрмыстық зорлық – зомбылық құрбандары санатына жататын азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетуге коммуналдық мемлекеттік мекеме ашу үшін республикалық бюджеттен 20041,0 мың теңге қаржы бөлінді, 1 шілдеге 4806,0 мың теңге игерілді. Талдықорған қаласы әкімінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы №44 қаулысымен 20 орынға арналған бейімдеу орталығы ашылды. 2018 жылдың 1 шілдесіне                   13 адамға қызмет көрсетілді.

Шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды беру экономикалық қызмет түрі бойынша облысқа бөлінген квота шегінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 469 бұйрығымен Алматы облысына 2018 жылға бөлінген квота мөлшері – 2633 бірлікті, оның ішінде І санат бойынша - 98, ІІ санат бойынша - 518, ІІІ санат бойынша - 1059, ІV санат бойынша - 54 және маусымдық жұмыстарға – 904 бірлікті құрайды.

2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында берілген рұқсаттардың саны - 1015, оның ішінде І санат бойынша - 26, ІІ санат бойынша – 130, ІІІ санат бойынша - 388, маусымдық жұмыстарға – 456 және КА шеңберінде 15 - бірлік.

Берілген рұқсаттар үшін төленген салық алымы 281,4 млн. теңгені құрады.

Облыс бойынша шетелдік жұмыс күшін тартушы 141 мекеме мен кәсіпорында 997 (оның ішінде КА шеңберінде - 16) шетелдік және 15838 қазақстандық азамат еңбек етуде.

2018 жылдың 1 қазанына квота саны 1633 бірлікті құрайды.

   

Тұрғылықты тұру үшін келген оралмандарға «оралман» мәртебесін беру

Алматы облысына 1991 жылдан 2017 жылдар аралығында 59088 отбасында 195525 этникалық қазақтар көшіп келіп қоныстанды.

2017 жылы «Оралман мәртебесін» алуға өтініш білдірген 7140 этникалық қазақ ұлт өкілдеріне оралман мәртебесі берілді. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің 5175-і, яғни 72,5 пайызы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы берілді.  

2018 жылдың 9 айының жұмыс қорытындысы бойынша 3727 этникалық қазақ ұлт өкілдеріне оралман мәртебесі беріліп, көрсетілген мемлекеттік қызметтің 3727 – сі, яғни 100 пайызы Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті арқылы жүзеге асырылды.


Орналастырылған күні: 23.10.2018 16:17

Өзгертілген күні: 23.10.2018 16:19:27

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх