Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +10 oC

2018 жылдың қорытындысы

Облыс аумағында 105 этнос өкілдері тұрады. 71 этномәдени бірлестік белсенді, оның ішінде: 26 облыстық, 39 аудандық, 6 қалалық құрылымдары жұмыс істейді.

Ағымдағы жылы ҚХА-ның Астана қаласындағы кеңейтілген кеңесінде облыстық ҚХА хатшылығының ұсынысы бойынша облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 29 мүшесі құрамына Талдықорған қаласының Салтанат сарайының директоры Хоменко Наталья Вячеславовна, Ұйғыр аудандық этномәдени бірлестігінің белсендісі, Ават ауылындағы орта мектеп директоры Розахунов Ришат Лекимжанұлы,

"Ескелді жергілікті қоғамдастықты оқыту орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ким Галина Викторовнаның кандидатуралары енгізілді.

Бүгінгі таңда республикаға, облысымызға танымал қоғамдық пікір көшбасшылары - 32 адам, әр этнос өкілдері облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясына мүше болып табылады.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.

2018 жылы татулық, бірлік пен келісімнің орталығына айналған Талдықорғандағы Достық Үйінің ашылғанына 10 жыл толды. Бұл мерейлі датаға орай, 28-30 қазан аралығында облыс орталығы, Талдықорған қаласында республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Орталық аппараттан және республиканың әр аумағынан келген делегаттар облыстық Ассамблеяның сессиясына қатысып, жаңа драма театр ғимаратының ашылу салтанатын тамашалады. Алматы облысы Аналар кеңесі қызметінің оң тәжірибесі республика бойынша таратуға ұсынылды.

Ағымдағы жылы этносаралық және конфессияаралық келісімді, қоғамдық-саяси тұрақтылықты және Қазақстан халқының бірегейлігін сақтауға бағытталған 300-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Елордасы-Астана қаласының 20 жылдығы аясында этномәдени бірлестіктермен 70-тен астам мәдени-көпшілік шаралар өткізілді.

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің үкіметтік емес бірлестіктер арасында ұйымдастырған конкурсында "Қоғамдық келісім мен этносаралық келісімді нығайту" номинациясы бойынша "Алматы облыстық орыс орталығы" республикадағы ең үздік және жалғыз этномәдени бірлестік болып танылды (төрағасы А. А. Бузыкин).

Құрамында қоғамдық пікір көшбасшылары, этномәдени бірлестіктердің, ҮЕҰ, аналар кеңесінің, Кәсіподақ және жастар бірлестіктерінің өкілдері, ауылдық округ әкімдері, учаскелік полиция инспекторлары жұмыс істейтін,1облыстық, 20 аудандық және қалалық, 592 ауылдық және 15 ірікәсіпорындарда, жалпы 628 Қоғамдық келісім кеңестері белсенді жұмыс атқаруда.

Барлық деңгейдегі қоғамдық келісім кеңестері арқылы жергілікті жерлерде 235 өзекті мәселелер оң шешімін тапты.

Қоғамдық келісім кеңестерінің "Ауылым – алтын қазынам" форумын қорытындылау барысында Бас жүлдені Еңбекшіқазақауданы, І орынды Талдықорған қаласы, ІІ орынды Алакөл ауданы, ІІІ орынды Кеген ауданының Қоғамдық келісім кеңестері иеленді.

7 желтоқсанда Петропавл қаласында өткен республикалық қоғамдық келісімнің кеңейтілген кеңесінде облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О. Жақиянов баяндама жасады. Алматы облысының Қоғамдық келісім кеңестері жұмысының оң тәжірибесі республика бойынша 4-рет қорытылып, таратылды.

ҚР "Қайырымдылық туралы" Заңына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы облыста өткізілетін барлық қайырымдылық іс-шаралардың үйлестірушісі болды. Қайырымдылық пен меценаттар базасы құрылып, оған 322 адам енгізілді.

671 қайырымдылық акциясы өткізіліп, азаматтарға 252 миллион теңгеден астам сомаға көмектер көрсетілді.        

Қазақстан халқы Ассамблеясының "Жомартжан" төсбелгісімен Алматы облысынан кәсіпкер, меценат Сонаев Асан Ахметұлы, Алматы облысы АРСК филиалының мүшесі, "Софи мед" ЖШС директоры Шайкина Славяна Васильевна, Кербұлақ ауданының Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, Абуев Хасан Керімұлы, Жамбыл ауданы, "Ақтерек" шаруақожалығының басшысы, Шайнүсіпов Темірлан марапатталды.

"Жомартжүрек" сыйлығының лауреаттары болып "Бақыт – Қаратал" ЖШС басшысы Жексембиев Серікжан Бақытұлы, "АВМ GROUP" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Молдақасымов Азамат Балтағұлұлы, "РИСК "құтқару жасағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рузанов Сергей Викторович, "Универсал" ЖШС жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Кузиев Закиржан Пірмұхамедұлы, "Алматы газсервис-Холдинг" ЖШС, жетекшісі Сексенбаева Айна Жомартқызы атанды.

Облыстық ҚХА қызметінің тағы бір бағыты – Медиацияны дамыту.

«Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» базасында медиация орталығы жұмыс істейді. Облыста жалпы 68 Медиация кабинеттері, оның ішінде 20 аудан, қала әкімдіктерінде және 48 сот ғимараттарында ашылған. Алматы облысы ҚХА Қоғамдық медиаторларының жалпы саны - 272.Үстіміздегі жылы оларға арналып 40-тан астам семинар, тренингтер өткізілді.

Қоғамдық медиаторлармен және ҚХА құрылымдарымен 394 даулы мәселе реттелген.

Ағымдағы жылдың наурыз айында құрылған "Жаңғыру жолы" республикалық жастар қозғалысының аймақтық штабы белсенді жұмыс істеуде.

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау орталығы, "Атамекен" облыстық Кәсіпкерлер Палатасы, І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-мен бірлесе жаңа бастап жүрген кәсіпкерлер менжас ғалымдар арасында «Өзіңді көрсет» жастарстартаптары байқауында "Жаңғыру жолы" аймақтық штабы 2 жобаны іске асырды.

Ардагерлерге көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша "Асар" қайырымдылық акциясы және аз қамтылған отбасы оқушыларына мектепке қаражат жинау бойынша "Барлығы сіздер үшін, оқушылар" акциялары ұйымдастырылды.

"Мен қазақша сөйлеймін" акциясының 2 кезеңінде қатысушылар түрлі этнос өкілдері жастарының мемлекеттік тілді үйренуіне, оның қолданылу аясын кеңейтуге байланысты мәселелерді талқылады. 500-ге жуық студенттерді, жастарды, жоғарғы сынып оқушыларын тарта отырып, кітапша, флаер, қазақ-орыс тіліндегі сөздіктер, күнтізбелер және басқа да ақпараттық құралдар таратылды.

Қора шатқалындағы "Таубұлақ" эколингвистикалық кемпингі негізінде "Астана - мақтанышым"жастар форумы ұйымдастырылды.

Өңірлік штаб мүшелері (14 адам) Қарасай ауданындағы "Бірлік" халықаралық жастар лагері мен "Қазақстанның 100 жаңа есімі: табысқа жету жолдары" жазғы жастар мектебінің жұмысына белсенді қатысты.

"Мың бала" мәдени-ағартушылық жобасын жүзеге асыру мақсатында облыстық білім басқармасымен меморандумға қол қойылды және Талдықорған қаласының оқушылар сарайы базасында орталық құрылды.  

407 білім беру мекемелерінде (орта мектептер, жазғы лагерлер, тіл орталықтары және т. б.) 1120 іс-шара өткізілді (конкурстар, Тілдік курстар, тренингтер, "дөңгелек үстелдер", ұлттық спорт ойындары және т. б.).

Жалпы, "Мың бала" жобасы аясында 18680 адам қамтылды, мемлекеттік тілді меңгергендер саны – 5920.

Астанада өткен салтанатты марапаттауға облыстағы"Мың бала" жүлдегерлері қатысып, Жансүгіров атындағы ЖМУ студенті Александр Сон, Панфилов ауданының Б.Назым атындағы орта мектебінің оқушысы Құрбанова Айнур марапатталды.

"Әдеби тіл және оның нормалары" курсының авторы Панфилов ауданы Садыр атындағы орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Халилова Райисам Адылжановнаның еңбегі атап өтілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы облыстық Аналар кеңесі белсенді жұмыс атқаруда. 2018 жылы "Берік отбасы – берік мемлекет", "Мәңгілік ел бесігі – Ананың жүрегінде", "Достықтың тамыры - бірлікте", "Ана денсаулығы – ұлт денсаулығы", "Ана-медиатор", "Әке көрген оқ жонар", "Әйел және қоғам" және басқа да қоғамдағы ананың рөлі және отбасы беделін көтеруге бағытталған жобалар жүзеге асырылды. Жалпы жыл бойы облыстық Аналар кеңесі республикалық және облыстық деңгейдегі 50 – ге жуық, 200-ден астам аудандық және қалалық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастырды.

Облыстық ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығы құрылды, оның мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы желісі бойынша қоғамдық жұмысқа белсенді атсалысуда. Бүгінде оның құрамында қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында "Туған жер" жобасын жүзеге асыруға белсенді қатысатын 17 кәсіпкер бар. Облыстық ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы болып Котельникова Лариса Леонидовна сайланды.

Облыстық Ассамблеяның әртүрлі этностардың тарихи отандарымен байланысын нығайту мақсатында өңірде ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Достық үйінде Қытай Халық Республикасының, Ресей Федерациясының, Польшаның, Оңтүстік Кореяның делегациялары өзара тәжірибе алмасу мақсатындағы жұмыс сапарымен болды.

Облыс делегациясы Татарстан Республикасындағы "Қазанға ізгі ниетпен" аттыхалықаралық мәдени-ақпараттық іс-шараға қатысты.

Жыл бойы облыстық, аудандық және қалалық БАҚ-тарда қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тақырыбы бойынша 300-ге жуық материал жарияланды, 6000-нан астам материал әлеуметтік желілерде орналастырылды.

2018 жылы облыстық этножурналистика байқауында Кегена уданының "Қарқара" газетінің тілшісі Қанат Біржансал, Алматы облысындағы "Хабар24" телеарнасының меншікті тілшісі Қысаев Ардақ, "Қазақстан" телеарнасының меншікті тілшісі Серікқанов Қуаныш, "Алатау" облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Айдын Линда, "Огни Алатау" облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Еспанов Хасан, "Қаратал" газетінің бас редакторы Өмірбаев Асхат жеңімпаз атанды. Тағы 18 журналист, аудандық, қалалық БАҚ фото репортерлері дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Астанада Қазақстан бойынша 103 журналист қатысқан "Шаңырақ" этножурналистика саласындағы республикалық шығармашылық конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Байқауда Алматы облысынан Серікқанов Қуаныш «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі мен жобаларының жаңа бағыттары туралы ең үздік материал» номинациясы бойынша бірінші орын, Хасан Еспанов «Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және насихаттауға арналған ең үздік материал» номинациясы бойынша 3 орын және Қысаев Ардақ «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік қазақстандық моделіне арналған ең үздік материал» номинациясы бойынша арнайы сыйлыққа ие болды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Кедергісіз болашақ», «Қазақтану», «Ауыл – ел бесігі» және т.б. ҚХА-ның әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруды ақпараттық сүйемелдеу бойынша тармақтары кірген 2019 жылға арналған облыстық медиа-жоспар әзірленіп, бекітілді.



Орналастырылған күні: 04.02.2019 17:45

Өзгертілген күні: 04.02.2019 17:46:20

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх