Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +10 oC

2018 жылдың қорытындысы

Жастар саны

2018 жылы Алматы облысы бойынша Статистика департаментінің мәліметтері бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 418 074 адамды құрайды, оның ішінде –95 316-і қалалық жерлерде, 332 758-і ауылда тұрады.

Қаржыландыру

2018 жылға мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 565,5 млн.теңге бөлінді.

Штат саны

Жастармен жұмыс атқару мақсатында облысымызда жастар саясаты мәселелері басқармасы және 1 облыстық, 19 аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтарында 123 қызметкер жұмыс жасайды.

Барлық құрылымдар тиісті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген. Талдықорған қаласында 2016 жылдан бері «Жастарға қызмет көрсету орталығы» жұмыс істейді.

Сондай-ақ ауылдық округ әкімдіктерінің құрылымында жастар саясаты мәселелері бойынша ауыл жастарымен жұмыс істеу үшін 253 нұсқаушы қызметкері бар. Бүгінгі таңда әрбір ауылдық округте бір нұсқаушы жұмыс істейді.

Жастар үкіметтік емес ұйымдары

Облыста 67 жастар үкіметтік емес ұйымдары тіркеліп, оның ішінде   25 ұйым белсенді жұмыстар атқаруда. 2018 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 8 жобаны іске асыруға 31 млн. теңге қаржы бөлінді.

Лот атаулары:

1.«SUMMER CAMP – 2018» жастар активінің жазғы мектебін ұйымдастырып өткізу.

2.Алматы облысында КВН-ді дамыту.

3.Алматы облысындағы жастардың дебаттық қозғалысын дамыту.

4.Алматы облысындағы жастардың еріктілер қозғалысын дамыту.

5.Алматы облысында полицияға қолдау көрсетуші студенттік жасақтарды құру және жұмысын ұйымдастыру.

6.Алматы облысының жастары арасында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру мен нығайту бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру

7.Алматы облыстық, аудандық және қалалық жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлеріне әңгімелесуден өту және жастарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша оқыту курстарын ұйымдастыру және өткізу. Алматы облысының жастарына облыстық, аудандық және қалалық жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлерімен әңгімелесуден өту және жастарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша Алматы облысының жастарына кеңес беруді ұйымдастыру.

8. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі міндеттерін түсіндіру бойынша көшпелі шаралар ұйымдастыру және өткізу.

 

Жастардың білімі

«Облыс көлемінде 3 ЖОО және 74 кәсіптік, техникалық (41 мемлекеттік, 33 жеке меншік) оқу орындары бар. Студенттер саны 43974 құрайды. (ЖОО-11283,ТжКБ-32691).

Жоғары оқу орындарында 65 мамандық және ТжКБ оқу орындарында 75 мамандық, оның ішінде ауыл шаруашылығы, құрылыс, заңгер, қаржыландыру бойынша білім алады. Облыста 43 жатақхана бар.

Облыстың ЖОО мен ТжКБ мекемелерінде 58 жастар ісі жөніндегі комитеттер қызмет атқаруда. Сонымен-қатар, ағымдағы жылдың тамыз айында студенттік өзін - өзі басқару органдарының жұмысын жандандыру мақсатында басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ЖОО-ның және ТжКБ мекемелерінің жастар ісі жөніндегі комитет мүшелеріне, облыстың белсенді жастарына арналған «SUMMER CAMP-2018» жастар активінің жазғы мектебі ұйымдастырылды.

Жазғы мектеп қорытындысы бойынша басқарма ауылдық жерлердегі жастарды өзін-өзі басқару қызметіне тартуды жоспарлап отыр.

Әр оқу орындарында жастар ісі жөніндегі комитетері құрылды. Ортақ типтік ереже бекітілді.

«Түлектер тақтасы» жобасы бойынша

2017 жылдан бастап республика көлемінде «Түлектер тақтасы» жобасы жүзеге асуда. Жобаның мақсаты түлектерге жұмысқа орналасуға қолайлы жағдай жасауға, жас мамандардың қажеттіліктерін көрсету, ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізуге бағытталған.

Жобаның тұжырамдамасына сәйкес 3 жоғары оқу орындары және 4 кәсіби-техникалық оқу орындарында студенттер мен түлектерге арналған ақпараттық стендттер орналасқан.

NEET көрсеткіші

Алматы облысындағы 15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санының NEET көрсеткіші (оқымайтын, жұмыс істемейтін және кәсіби біліктілігін арттырмайтын жастар) үлесі 2018 жылғы ІІI тоқсанның қорытындысы бойынша Алматы облысында 6.2%-ды құрады.

Жыл басынан облыстың аудан, қалалары әкімдіктерінің деректері бойынша 1887 жас азаматтың жұмыссыз және білімдері жоқ, яғни олар NEET тобына жатады.

Бүгінгі күні ауылдық елді мекендер мен қалалар NEET санындағы жастарды анықтау жұмыстары жалғасын табуда.

Қылмыс және суицид

Алматы облысы ішкі істері департаментінің статистикалық мәліметі бойынша жыл басынан 3515 қылмыс тіркелді. Жыл басынан жастар арасындағы қылмыс, суицид, девиантты мінез-құлықты алдын алу үшін 80-нен астам іс-шаралар жүзеге асырылды, 10 000 адам қамтылды.

2018 жылдың қортындысы бойынша жастар арасында 79 суицид және  69 суицидқа әрекет жасау тіркелді.

Ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қоғамдық тәртіпті сақтау органдары өкілдеріне жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарына ықпал ету, көмек көрсету мақсатында «Алматы облысында полицияға қолдау көрсетуші студенттік жасақтарды құру және жұмысын ұйымдастыру» жобасы жүзеге асырылды.

Аталған жоба аясында облыстың 29 мемлекеттік колледжі және 2 жоғары оқу орны қамтылды. Жобаға жалпы 300 студент атсалысады. Арнайы штаб құрылып, оның жетекшісі анықталды. Студенттер арнайы куәлікпен, кеудешемен, бас киіммен қамтамасыз етіледі.

 

Неке және ажырасу

Алматы облысы жыл басынан бері 2169 жастар некеге тұрса, 1159 жас ажырасып кетті. Жыл сайын облыс көлемінде отбасылық құндылықтарын насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайтуға бағытталған «Отбасы сағаты» акциясы, «Ұрпақтар сабақтастығы» кездесулер өткізілді.

7 қыркүйек күні Көксу ауданында дәстүрлі облыстық «Мәңгілік ел – Мәңгілік отбасы» жас отбасылар байқауы өтті. Байқауға 13 отбасы қатысты. Қатысушылар бағалы сыйлықтар және сертификаттармен марапатталды.

2018 жылдың 1 қазанынан бастап «Алматы облысының жастары арасында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру және нығайту бойынша шаралар кешенін енгізу» жобасы аясында Алматы облысының жастар саясаты басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде облыстың барлық аудандары мен қалаларында «BAQYT» қолдау клубтары құрылды.

Жұмыс барысында мамандар жастар арасында ажырасуға арыз берген  387 жас отбасыларымен 50 ден астам жеке кездесу өткізіп, нәтижесінде 23 отбасының некелері сақталып қалды.

Деңсаулық және спорт

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметтері бойынша облысымыздағы тұрғындардың жалпы санынан 28,4 % спортпен шұғылданады. Спортпен айналасуға облысымызда 3439 спорттық құрылғылармен қамтамасыз етілген. (2 спорт сарайы, 23 стадион, 24 спорттық кешен, 12 спорт кешендер нысандары, 248 атқыштар ауқымдары, 831 спорт залы, 48 бассейндер, 2020 жазық ғимараттарды , 2 УТЦ, 2 шаңғы базасы, 19 хоккей корты, 2 яхта клубы, 1 мұз айдыны, 28 теннис корты, 7 ипподром, 166 салынған спорт залдары) бар.

Бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 100-ден астам спорттық іс-шара өткізілді, 10 мыңнан астам адам қамтылды.

Денсаулығын сақтау үшін кешенді медициналық-әлеуметтік, психологиялық көмек көрсетуде мақсатында 2018 жылдың мамыр айында            6 аудандарында (Ақсу, Алакөл, Ескелді, Жамбыл, Қаратал, Ұйғыр) және 3 қаларында (Қапшағай, Текелі, Талдықорған) Жастар денсаулық орталықтары ашылды. Орталықтарда заңды кеңесшілер және дәрігерлер (гинеколог, уролог, психолог, дерматология, СПИД жөніндегі дәрігер) жұмыс істейді.

Жастарды жұмыспен қамту

2018 жылдың статистикалық деректері бойынша облыста жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,7% құрайды.

Бүгінгі күні жастарды жұмыспен қамтамасыз ету шаралары «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жж «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесі бойынша 2018 жылдың  қортындысы бойынша 29 жасқа дейінгі 31783 жас жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз етілген. Тұрақты жұмысқа 14050 адам орналасты.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту  2017-2021 жж «Еңбек» бірінші бағыты шеңберінде электрик, шаштараз, тігінші, бала күтуші және т.б мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен жастар қатарынан 2050 адам қамтылды, 1591 адам жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде жастар санаты қатарынан 804 адам «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту,  2147 азамат шағын несие алды.

Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша қоғамдық жұмыстарға  1 млрд. 240 млн. теңге қаржы бөлініп, 2616 жас жолдама алды.

Аталған бағдарлама шеңберінде облыс бойынша 2018 жылға жастар тәжірибесіне республикалық бюджеттен 450,5 млн. теңге қаражат бөлініп жыл басынан бері 1755 жас түлек тәжірибе өтуде.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына облыс бойынша 371 адам жолдама алды. Республикалық бюджетен 318 млн. теңге қаражат бөлінді.

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша

2018 жылы «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы шеңберінде 271485,0 теңге 571 маманға көтерме жәрдемақы қарастырылған. 2018 жылы 571 маман көтерме жәрдемақы алды. Оның ішінде білім саласы бойынша - 406, денсаулық сақтау - 105, мәдениет саласы- 8, спорт – 9, әлеуметтік саласы - 4 және 39 агроөнеркәсіп саласы.

Сонымен қатар «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы шеңберінде 1 343 898,0 теңге 372 маманға несие қарастырылған. 2018 жылы 371 маман несие алды. Оның ішінде білім саласы бойынша - 246, денсаулық сақтау - 86, мәдениет саласы- 5, спорт – 5, әлеуметтік саласы - 4 және 25 агроөнеркәсіп саласы.

«Жасыл ел» жобасы бойынша

2018 жылы «Жасыл ел» жобасын жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 52 млн. 669 мың теңге бөлінді. «Жасыл ел» аймақтық штабы ағымдағы жылдың маусым айынан бастап XIV маусымдық жұмысын бастады. Маусым-қыркүйек айларында 1904 жас жұмысқа орналасты.

Бүгінгі таңда барлық сарбаздарға еңбек формалары мен құралдары ұсынылған. Әрбір сарбаз 56 981 теңгені құрайды жалақы алды.

«Жастар жолы» жобасы бойынша

Жастардың бос уақытын, рухани дамуын және спортты дамытуға жағдай жасауға бағытталған 2018 жылы «Жастар жолы» жобасын іске асырылды. Жұмыс барысында жастар үшін мәдениет үйірмелерін, спорт секцияларын және бос уақытты өткізу орталықтарының құрылысын ұйымдастыру үшін бос орындар анықталды: 37 нысан (негізінен иесіз), ағымдағы және күрделі жөндеуді талап ететін, 205 түрлі бөлімдер мен үйірмелерге арналған кеңселер. Ауылда 47 ашық спорт алаңы (шағын футбол алаңдары, көше тренажерлері), 11 саябақ салу және 98 мәдени орталықты жөндеу қажеттілігі анықталды. Спорт секцияларында, ауылдық жерлердегі мәдени және демалыс орталықтарында қызметкерлердің (хореографтар, музыканттар, түрлі спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар) жетіспеушілігі бар.

Бүгінгі таңда 10 аудан мен қалада 11 жоба жүзеге асырылды. 56,7 млн. теңгеге 983 спорттық жабдықтар мен техника сатып алынды.

Жыл басынан бері жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатынд  18 орталық ашылды. Оның ішінде 4 күрес бөлмесі, 5 жаттығу залдары,  4 коворкинг орталығы, 2 интернет кітапхана, 2 фотостудия қызмет көрсетуде.

Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша шамамен 40 мыңға жуық ауыл жастарының бос уақытын қамтамасыз етілді.

Іс шаралар

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының жоспарына сәйкес қала, аудандавында 1783 іс-шара өтті. Қатысқан жастар саны 229107 адам.

Облыс көлемінде Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығы мерекесіне орай мүмкіндіктері шектеулі жастар арасында «Жүректен жүрекке» атты байқау өтті. Сонымен қатар «Маусымашар-2018» көнілді тапқ          ырлар клубы өткізілді.

Сонымен қатар, Талдықорған қаласында «Астана - арман қала» атты Вена балы өтті.

Облыс көлемінде жастар арасында патриоттық сезімді насихаттау, рухани-адамгершілікті қолдау, жастардың мәдени және шығармашылық өнерлерін дамыту мақсатында 2018 жылдың тамыз айында «JETISU STYLE» облыстық жасөспірімдер фестивалі өтті. Фестивальда 25 түрлі конкурстық, ойын-сауықтық алаңдар ұйымдастырылды. Жастарға арналған шығармашылық фестивальда «Dancebattle» конкурсы, «MADE IN JETISU» атауымен қолмен жасалған сауда-саттық туындыларының көрмесі, ролик, скейтборд, бампербол, секцияларына арналған сахналарды, поэзия кеші, жасөспірімдердің домбыралық оркестрі, және т.б. зоналар құрылды. Шараға жалпы 10 000-нан астам адам қатысты.

Сондай-ақ, «Open air Cinema» жобасы аясында жаз бойы ашық аспан астында жастарға тегін кино көрсетілді.

Жастар арасында шығармашылық өнерлерін дамыту мақсатында әлеуметтік мемлекеттік тапсырысының шеңберінде Талдықорған қаласында Алматы облысы әкімінің кубогы үшін КТА фестивалі өтті. «Жайдарлы Жетісу» КТА фестиваліне 5 мыңға жуық көрермен жиналды. Іс-шара алдында отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Алматы облысы әкімінің кубогіне қатысу үшін Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Алматы қаласынан қатысушылар келді. Қазылар алқасының шешімімен фестивальдің жеңімпазы болып «ШУ-ЧУ» командасы атанды. Фестивальдің жүлдегерлері мен қатысушылары ақшалай сыйлықтармен марапаталды.

Сонымен қатар, үш күндік облыстық «Жастар форумы-2018» өтті. Форумда еліміздегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы, NEET санатындағы жастардың мәселесін шешу, жастар мен жасөспірімдер арасындағы экстремизім және терроризмнің алдын алу, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту мәселелері қаралды. Жастар саны 300 адам. 

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мемлекеттік жастар саясатын облыс көлемінде жүзеге асыруды үйлестіру, атқарылған жұмыстарды қорытындылап, оларға баға беру мақсатында Тұңғыш Президент күніне орай Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы – 2018» 19 номинация бойынша салтанатты тапсыру рәсімі өтті.

Мемлекеттік бағдарламалар мен бағыттары бойынша

Жастарға қызмет көрсету орталығында жыл қортындысы бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында 820 адам, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша – 110 адам, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 325 адам, «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы аясында 953 адам және «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша 790 адам, «Кәсіптік және техникалық білім беру» - 755 азаматқа кеңес беріліп, түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Психологиялық кеңес алғандар - 36. Жастар ісі жөніндегі комитет бойынша – 250 Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп кеңес алғандар саны – 250. Интернет кітәпханаға келген адамдар – 570.

Барлығы – 2876 адам кеңес алды. Онлайн режимде кеңес алғандар саны – 295 адам. Барлық келіп кеңес алған және онлайн режимде кеңес алғандар саны – 3171.

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының «Вконтакте», «Instagram», «Facebook», «Youtube», «Twitter» желілеріндегі ресми парақшалары тіркелген. Осы парақшаларда жоғарыда көрсетілген шаралар тұрақты түрде жарияланып тұрады.

Мемлекеттік жастар саясаты жүзеге асыру жұмыстары ерекше бақылауда.





Орналастырылған күні: 18.01.2019 16:06

Өзгертілген күні: 18.01.2019 16:10:08

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх