Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +19 oC

2018 жылдың қорытындысы

Алматы облысындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы

Алматы облысында қоғамдық-саяси ахуал өзінің тұрақтылығымен және біртектілігімен сипатталады. Тұрақты ахуалдың қалыптасуының негізгі себептері облыс экономикасының дамуы, өнеркәсіп, құрылыс және ауылшаруашылығындағы жетістіктер мен облыстың жергілікті атқарушы органдары тарапынан өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау мен әлеуметтік шиеленіс ошақтарын болдырмаудың алдын алу мақсатындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуі.

103 ұлт өкілдері қоныстанған облыс аумағында 2018 жылы 71 ұлттық – мәдени орталықтар, 411 үкіметтік емес ұйымдар, 107 бұқаралық ақпарат құралдары, 67 жастар бірлестігі мен саяси партиялардың 6 облыстық филиалдары жұмыс атқарады.

Алматы облысының халқының құрамы мен географиялық орналасуын ескере келе, қазіргі жағдайда қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі аспектілерінің бірі әлеуметтік шиеленістердің алдын алу. Аудандық, қалалық әкімдіктерден келіп түскен мәліметтерге сәйкес, өңірде тұрғындарды алаңдататын, өз шешімін таппаған өзекті мәселелерге тиісті деңгейде көңіл бөлінуде.

Қазіргі таңда облыс бойынша мониторингке 53 ірі және 146-дан аса орта кәсіпорындар қамтылып, жалақы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша анықталған берешек фактілері және оларды өтеу жөнінде қабылданған шаралар туралы жауапты мемлекеттік органдар арасында апта сайынғы салыстырып тексерулерді және шұғыл ақпарат бөлісуді үйлестіру көзделген.

Еңбек қатынастарына байланысты мәселелерді жедел шешу мақсатында облыстық және жергілікті БАҚ-та еңбекақы уақытында төленбеген жағдайларда еңбек инспекциясы жөніндегі басқармаға жүгіну қажет деген хабарландырулар жарияланған.     

Облыс бойынша рұхсат берілмеген митингілер, шерулердің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылып, жергілікті атқарушы органдар тарапынан тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

2018 жыл басынан облыс бойынша жергілікті атқарушы органдарға митинг, пикеттер өткізу туралы 22 өтініш түсті (оның ішінде: Талдықорған қаласы-16, Алакөл ауданы-1, Қарасай ауданы – 1, Ескелді ауданы - 1, Енбекшіқазақ ауданы -1, Кербұлақ ауданы -1, Панфилов ауданы - 1 ), 2017 жылы - 39 өтініш түсті.

Алайда, әлеуметтік негізде пайда болатын шиеленістерді анықтау, ескерту, болдырмау шараларының жүргізілуіне қарамастан, облыс аумағындағы жекелеген аудандарда әлі де өз шешімін таппай отырған жағдайлар орын алуда.

Қоғамдық-саяси ахуалға жүргізілген мониторинг нәтижесінде, ауылды жерлерде жұмыссыздық пен қатар қажетті инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымдардың болмауы, су, электр, жылу және газбен жабдықтаудың қанағаттанарлық жағдайда болмауы, денсаулық сақтау, білім беру нысандарының жетіспеуі және энергия көздері тарифтерінің жоғарлығы тұрғындардың БАҚ-ды тарта отырып, наразылық акцияларына шығуына себеп болуда. Сондай-ақ, әлеуметтік шиеленістердің туындау потенциалына бақылаусыз көші-қон процесстері де кері әсерін тигізуде.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына кері әсерін тигізетін факторлардың бірі этносаралық шиеленістер. Осы орайда, этносаралық қатынастың дамуына әсер ететін теріс үрдістердің алдын алу және болдырмау мақсатында көпұлтты аймақтар (Қарасай, Жамбыл, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Панфилов аудандары) ерекше бақылауға алынған.

Алматы облысында 628 қоғамдық келісім кеңестері құрылған. Барлық деңгейдегі қоғамдық келісім кеңестерінің құрамына ардагерлер және аналар кеңесінің төрағалары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, зиялы қауым және дін өкілдері, саяси партиялардың жетекшілері, белсенді жастар кірді.

Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау мақсатында облыс көлемінде өткізілген көпшілік конфессияаралық және этносаралық сипаттағы мәдени іс-шаралар тұрғындарға оң әсерін тигізуде.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында Call-центр телефондарының нөмірлері, террорлық тұрғыдан осал объектілердің террорға қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі ақпараттық материалдар орналастырылған. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің кезекші бөлімінде терроризмге қарсы «қауырт» желі құрылған, қоңыраулар «110» телефон нөміріне қабылданады.

Жетісу телеарнасының жүгіртпе жолында күнделікті «110 қауырт желісі», «8 8000802895» сенім телефоны және деструктивті діни ағымдар қызметінен зардап шеккендерге көмек көрсететін республиклық «114 қауырт желісі» және ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес жалған хабарлар берген азаматтардың жауапкершілігі туралы хабарламалар эфирге таратылуда.

Алматы облысының ішкі саясат басқармасына қарасты «Талдау және болжау орталығы» КММ-ы мамандары Алматы облысындағы қоғамдық-саяси ахуалды мониторингілеу тақырыбында тоқсан сайын әлеуметтік зерттеулер жүргізуде.

Бүгінгі күнге дейін орталық арқылы түрлі әдістердің көмегімен 10000 респондентті қамтыған 20 сандық және сапалық зерттеу жұмыстары, онлайн-сауалнамалар жүргізілді. Сауланамалар арқылы өңіріміздегі өзекті мәселелер («Алматы облысындағы қоғамдық-саяси ахуал», «Ұлтаралық қатынастар», «Урбандалу деңгейі», «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуы барысындағы қоғамдық пікір, «Облыста орналасқан шетелдік компаниялардағы еңбек ұжымының жағдайы», «Өңірдегі жол сапасы», «Медициналық қызмет көрсету сапасы» және т.б.) зерделеніп, қорытындылары аудан, қала әкімдіктеріне ұсынылды.

Сондай-ақ, сапалы жұмысты жүргізу мақсатында орталық қызметкерлердің интеллектуалдық потенциалын арттыру және көші ілгері тұрған ғылыми-зерттеу институттарымен тәжірибе алмасу барысында 7 меморандумға қол қойылды.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде жекелеген арандатушылар тарапынан облыс аумағындағы қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына кері әсер ететін жарияланымдар орын алуда.

Осыған орай, Алматы облысының ішкі саясат басқармасына қарасты «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-ы мамандары тарапынан күнделікті ресми сайттарға және әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізілуде.

Сондай-ақ, «WhatsApp» мессенджерінде БАҚ мониторинг орталығы (ЦМС) атты жұмыс тобы құрылды. Аталған топқа күнделікті ҚР бойынша және Алматы облысына қатысты барлық жағымсыз (негативті) ақпараттар жіберіліп, күн сайын «Brand Analytics», «Alem Media Monitoring», «You Tube»қосымшалары арқылы облыс көлемінде шыққан барлық ақпараттарға шолу жасап отырады.

 

Азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттестігі туралы

Облыс аумағында 956 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Олар әртүрлі бағытта (білім беру, әлеуметтік бағытта, жастар саясаты, экология тақырыбында, әскери-патриоттық, салауатты өмір салтын қалыптастыру, гендерлік теңдік және т.б.) жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы ҮЕҰ-дың Дерекқорына өңірдегі 411 ҮЕҰ белсенділік танытып, өз мәліметтерін тапсырды.

2018 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа барлығы – 253,5 млн.т г. бөлінген. Оның ішінде 100 млн.тг – аудандық, қалалық әкімдіктерге.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері өз салалары бойынша әлеуметтік жобалар тақырыптарын бекітіп, биылғы жылы жалпы 145 әлеуметтік жобалар іске асыруда.

Алматы облысының ҮЕҰ әлеуметтік идеялар мен жобалардың Жәрмеңкесі өткізіліп, үздік жобаларға 10 мини-гранттар, жалпы ақша қоры 10 000 000 (он миллион) теңге бөлінді.

Үстіміздегі жылдың 21-22 маусымда Алматы облысы Талдықорған қаласында «ASAR» ҮЕҰ-бизнес-мемлекеттің үш жақты әріптестіктің «Өңірлердің тұрақты дамуына жергілікті қоғамдастықтың қосқан үлесі» атты II республикалық форумы өтті. Форумның негізгі мақсаты: жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттік органдар, бизнес және үкіметтік емес сектордың күш-жігерін белсенді ету. Форум аясында интерактивті дәрістер, шеберлік-сыныптар, «саѕе-study» семинарлары мен панельдік пікірталастар (жалпы саны -13) ұйымдастырылды. Сонымен қатар, әлеуметтік жобалар платформасы ұйымдастырылып, мемлекеттік органдардың, бизнес және үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы Ынтымақтастық туралы 8 меморандумдарға қол қойылды. Форум жұмысы жоғары деңгейде өтіп, оған 300 астам адамдар қатысты.

2018 жылдың 1-2 қазан аралығында облыс орталығында Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдарының Азаматтық қоғам және мемлекет:диалог, ынтымақтастық, жауапкершілік атты форум ұйымдастырылып, өткізілді. Мақсаты: мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша қоғамды әлеуметтік жаңғырту үрдістеріне азаматтық секторды тиімді тартуға бағытталған қоғамдық диалогты одан әрі дамыту болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген жұмыстар жалғасын табуда.

  

Ақпараттық сүйемелдеу туралы

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында облыстық медиа-план әзірленді.   2018 жылғы 15 қаңтарда облыс әкімдігінде аудан, қала әкімдері, облыстық басқарма, департамент басшылары, «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан Халқы Ассамблеясы, ардагерлер кеңесі, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Жолдаудың негізгі ережелерін ақпараттық түсіндіру жөнінде селекторлық режимде актив жиыны өтті. Осындай активтер Алматы облысының аудан және қалаларында да өткізілді.     Жолдауының мәтінімен 600 дана (300 дана мемлекеттік тілде, 300 дана орыс тілінде) брошюралар басылып, таратылды, сонымен қатар, 2 000 дана әдістемелік құралдар шығарылды. Құрамында 2 117 мүшесі бар 294 облыстық, аудандық, қалалық ақпараттық топтар құрылған. Топ мүшелері ағымдағы жылғы қаңтар айының 16-нан ақпан айының 9-на дейінгі аралықта облыстың елді мекендерінде кездесулер өткізіп, тұрғындарды ақпаратпен қамту жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күні облыстық, аудандық, қалалық ақпараттық топ мүшелерімен елді мекендерінде 718 кездесу өткізіліп, 187 017 тұрғын ақпаратпен қамтылды.          

«Ел жүрегі - Астана» бірыңғай медиа-план әзірленіп, ақпараттық жұмыстар жүргізілуде. Бекітілген жоспар бойынша, облыс көлемінде өткізіліп жатқан шараларға ақпараттық сүйемелдеу көрсетілуде. Облыстық спикерлер тобы жаңартылып, бұқаралық ақпарат құралдарында пікірлері жариялануда. Әдістемелік көмек көрсету мақсатында мемлекеттік және орыс тілдерінде Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуін түсіндіру бойынша «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты әдістемелік құралдар   шығарылды.  27 маусымда облыстық «Огни Алатау», «Жетісу» газеттерінің 100 жылдығына орай және «Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесі    құрметіне арналған облыс әкімінің салтанатты     қабылдауы өткізілді. Оған 350 аудандық, облыстық, республикалық бұқаралық құралдардың өкілдері, блогерлер, журналистика ардагерлері қатысты. Мемлекеттік ақпараттық саясатты табысты іске асыру бойынша БАҚ өкілдері ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. 

Сонымен қатар, 28-29 маусым аралығында журналистерге көшпелі пресс-тұр ұйымдастырылды.      

7 желтоқсанда Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасындағы «Самғау» байқауының жеңімпаздарын марапаттауы өтті.

Байқауға республикалық, облыстық, аудандық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері,   штаттан тыс тілшілерден, жалпы 143 үміткердің жұмыстары   11 номинация бойынша қабылданды.  Байқаудың негізгі міндеттері - «7-20-25», «Нұрлы Жол», «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ақпаратты Қазақстан» және тағы да басқа мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруы

Облыстық, аудандық, қалалық газеттердің, мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің сайттарында мемлекет басшысының Жолдауының, Үндеуінің мәтіндері жарияланып, айдарлар ашылып, облыс тұрғындарының пікірлері жарық көруде.

Облыс көлемінде мемлекеттік саясатты насихаттау мақсатында 2 679 көрнекі құралдар орналастырылды. Халықаралық нашақорлыққа қарсы күніне орай 3 х 6 көлемінде 80 банерлер дайындалып, аудан, қалаларға таратылды.   

Ағымдағы жылдың басынан облыстық, аудандық, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Облыстық «Жетісу», «Огни Алатау», аудандық, қалалық газеттерде «Облыстық әкімдікте», «Өзекті мәселе», «Қоғамдық кеңес», «Семинар», «В областном акимате» және тағы да басқа айдарлармен «Тау туризмі дамытылады», «Қант тапшылығы туындамайды», «Жұмыс жобалары жария талқыланды», «Өзара ынтымақтастық», «Увеличили мощность энергообъекта», «Развиваем горный туризм», т.б. тақырыптарда 2 701 мақала жарияланды.  Облыстық «Жетісу» телеарнасының жаңалықтар топтамасынан қазақ және орыс тілдерінде 783 сюжет көрсетілді.  Сонымен қатар, Алматы облысының өңірлік коммуникациялар алаңында жыл басынан жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстары бойынша барлығы 176 спикер сөз сөйлеген         122    брифинг      ұйымдастырылды.  Облыстың және барлық мемлекеттік органдардың ресми сайттарында, аудан, қала әкімдерінің және әкімдіктерінің, облыстық басқарма басшыларының «Instagram», «Facebook», «Вконтакте» әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына күнделікті ақпараттар жариялануда.  Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты жүзеге асыру шеңберінде облыста өткізілетін іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу республикалық бүқаралық ақпарат құралдары арқылы қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күні мемлекеттік ақпараттық тапсырысты 48 республикалық бұқаралық ақпарат құралдары жүзеге асырады, оның ішінде 6 телеарна, 24 баспа БАҚ, 18 интернет-ресурстар. BBC World News халықаралық телеарнасымен келісім шарт жасалды.

 Ішкі саяси бағыттар бойынша жоспарлау туралы

Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты жүйелі түрде жүргізу, өткізілетін шаралардың саяси-идеологиялық бірегейлігіне қол жеткізу мақсатында мемлекеттік ұлттық мерекелер, қоғамдық-саяси маңызды іс-шаралар жоспарланып, іске асырылды.

Өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру, жүйеге келтіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын халық арасында түсіндіру бойынша шаралар тізбесіне сәйкес облыста, сондай-ақ аудан, қалаларда жүйелі кестелер әзірленді.

Іс-шаралар өткізу нәтижесінде апта сайын есептер Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберілді.

Жолдауда белгіленген міндеттерді ескере отырып өңір бойынша «оқиғалар қатары» қалыптастырылды және тоқсан сайын оның іске асырылуы қамтамасыз етілуде.

Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 27 қыркүйектегі №188 өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу» тұжырымдамасы мен республикалық шаралар тізбесіне сәйкес, облыста және аудан, қалаларда іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

Аталған тұжырымдамаға сәйкес, облыста Елорданың 20 жылдығын мерекелеуді дайындау және өткізу бойынша комиссия құрылып, аудан, қала әкімдіктеріне тапсырмалар мен ұсыныстар берілді. Жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді.

«Елордаға сыйлық» жобасының шеңберінде Астана қаласындағы «Жетісу» саябағы туралы веб-сайтқа фотосуреттер «Жетісу» телеарнасында ролик түсірілді.

6 шілдеде барлық аудан мен қалаларда салтанатты жиындар, мәдени-көпшілік, бұқаралық және тағы басқа 580 іс-шаралар өткізіліп, оған 140 мыңнан астам адам қамтылған.

Кестелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне өткізілген іс-шаралар бойынша есептер жолдануда.

Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені ықпалымен Астана қаласына арнап түсірген «Мой город» деректі фильм облыс бойынша кино апталык ұйымдастырып көрсетілді.

Алматы облысының әкімдігі «Мерейлі отбасы-2018» ұлттық конкурсының ұйымдастыру, өткізу және оны ақпараттық жария ету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық ұйымдастыру комиссиясының құрамы 2018 жылғы 02 мамырда облыс әкімінің № 201 қаулымен бекітілді.

Осы бағытта өңірлік комиссия отырысында облыстық конкурсқа тапсырылған өтінімдері мен құжаттары бойынша 78 отбасылардың арасынан лайықты 38 отбасын іріктеп, жүлделі орындарға лайықты   8 отбасылары белгіленді.

Конкурстың қорытындысы бойынша 1 орын алған Жамбыл ауданынан – Карибаевтар отбасылары республикалық конкурсқа қатысты.

2018 жылғы 26 сәурде ішкі сасат жұмыстарын жетілдіру бойынша аудандық, қалалық ішкі саясат болімдерімен семинар өткізілді.

Чернобыль оқиғасына арналған және Алматы облысы бойынша «Чернобыль ардагерлері және мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 25 жыл толуына байланысты салтанатты іс-шара өткізілді.

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Жетісу» телеарнасы, сондай-ақ облыстық, қалалық әкімдіктің қолдауымен «О, Ләйлә» атты көркем фильм түсіріліп, облыс әкімі А.Баталовтын қатысуымен тұсаукесері өтті.

Сонымен бірге Алматы облысында «Dostar Production» студиясының «ZOR» фильмі халыққа көрсетілді.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған жоспарын жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат жіберілді.

Қазақстан Республикасы Конституция, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күндерін мерекелеуге арналған облыстық іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

Сонымен бірге, мерекелерге арналған ашылатын нысандардың жоспары әзірленді.

Жоспарларға сәйкес нысандар ашылып, қомақты шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге арналған жоспар» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өтті. 

2019-2020 жылдарға арналған ҚР Президентінің «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаласы облыс бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, жүзеге асуда.

Жоспарды орындау бпрысында күнделікті есептер Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жолдануда.


Басқарма бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен мәселелер жөнінде облыс әкімінің хаттамалық тапсырмалары орындалып, әр аптаның соңына жинақталып, ақпарат берілуде.

І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында «Елбасы жолы» киноэпопеясының «Астана» атты көркем фильмнің, «Үлкен кісі» деректі фильмнің тұсаукесері өткізілді.

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының 2019 жылға арналған іс-қимыл жоспары әзірленіп, бекітілді.

Облыстық аудан, қалаларында өткізілген барлық шаралар тұрғындардың басым көпшілігіне оң ықпалын тигізіп, жалпы халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін жоғарылатуға өз септігін тигізуде.

Сондай-ақ, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету барысында азаматтық қоғам институттарымен, өңірдің қоғам жұртшылығының өкілдері шараларға тартылуда.


Ішкі саясат саласындағы талдау және мониторинг жұмыстары туралы

Әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау және оны тереңдеп талдау арқылы стратегиялық шешімдер қабылдауды қолдау мақсатында "Талдау және болжау "орталығы құрылды.

"Талдау және болжау" орталығы дағдарыстық не болмаса төтенше жағдайларды басқару, күнделікті жедел сараптау, Алматы облысының әлеуметтік-саяси жағдайын және әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және болжау, социологиялық және интернет сауалнама жүргізу, фокус-топтық пікірталас ұйымдастыру, жасырын процестерді анықтау бойынша сараптамалық талқылаулар, әлеуметтік және саяси шиеленістер тудыратын себептер мен факторларды қабылдау сынды шешімдерді жүзеге асырады.

Жоғарыда келтірілген кезеңдер бойынша "Талдау және болжау" орталығы әртүрлі тақырыптар бойынша (этносаралық қатынастар, террористік идеологияның әсері, көші қон, ажырасу себептері, жолдардың мен медициналық қызметтердің сапасы және т.б.) 15-нан астам социологиялық зерттеулер жүргізді. Оған 10 000 - ден астам тұлға (респондент) қатысты.

Халықпен қарым-қатынасты күшейту мақсатында WHAT’S UP әлеуметтік желісі арқылы ақпаратты жылдам алу үшін белсенді топ қызметін құрылды.

Әлеуметтік шиеленіске жол бермеу үшін аудан, қала әкімдіктері әр апта сайын аймақтағы әлеуметтік-саяси жағдай туралы ақпарат беріп отырады.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық Заң талаптарын орындау мақсатында облыс әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес Панфилов, Ұйғыр, Балқаш, Кеген, Райымбек, Ақсу аудандарында және Текелі, Қапшағай қаласында 236 мемлекеттік мекеме мен білім ұйымдарында мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуына қадағалау жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, комиссия жұмысы шеңберінде мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің заңға сәйкес қолданылуын қадағалау бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті өкілдерімен бірлескен тексерулер жүргізіліп, рәміздердің дұрыс қолданылуы бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Облыс көлемінде 4 маусым - Қазақстан Республиқасының мемлекеттік рәміздері күні аясында мемлекеттік рәміздерді насихаттау, патриоттық тәрбиені ілгерілету мақсатында ү.ж. 4 мамырдан бастап  4 маусым дейін «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің нышаны» атты айлық өткізілді.

 Кадр жұмысы бойынша

2018 жылға облыстық ішкі саясат басқармасының штат санының лимиті 16 адамды құрайды, оның ішінде басқарма басшысы – 1, басқарма басшысының орынбасары – 2, бөлім басшысы – 5, бас маман – 7, жетекші маман – 1.

Басқарманың барлық қызметкерлерінің білімі жоғары, оның ішінде: философия докторы (PhD) – 1, педагогика ғылымдарының кандидаты – 1, екі жоғары білімі бар – 5. Қызметкерлердің орта жасы – 40, ерлер – 3, әйелдер – 13.

2018 жылға арналған қайта даярлау және біліктілігін арттырудың жоспар-кестесіне сәйкес 4 қызметкер оқуға бару жоспарланған, 2 қызметкер біліктілігін артырып, сертификатталды.


Бүгінгі күні басқармада тұрақты вакансиялар жоқ.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Халқына Жолдауыныңтоғызыншы бағыты «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» бойынша барлық басқарма қызметкерлері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мәдениетті қалыптастыру және азаматтық құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» атты жаппай облыстық бірыңғай сағатына және «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі» әлеуметтік зерттеудің қорытындысының презентациясына қатысты. Сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды жалпыға бірдей қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның «Под небом правды» атты фильмі облысымыздың барлық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне көрсетіліп, біріңғай сағаты ұйымдастырылды.

Этносаралық қатынастар мәселелері бойынша медиаторлар және мамандар тобын құру үшін Басқарма тарапынан аудандық, қалалық ішкі саясат бөлімі басшыларына «Управление конфликтами. Медиативная компетенция» атты оқыту семинары ұйымдастырылды. Аталған семинарды «Қазақстан медиаторлары Ассоциациясының» бас директоры, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы, «Құқықтық-жөндеу жүйесіндегі реформа» қоғамдық бірлестігі басқармасының төрағасы Жақұпов Жандильда Әжиғалиұлы. Шара барысында барлық оқытушыларға сертификат берілді.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында басқарманың барлық мемлекеттік қызметкерлері электрондық цифрлық қолтаңбамен қамтылған және олар өз қызметтерінде мемлекеттік қызметтерді «E-gov» портал арқылы алады.


Орналастырылған күні: 18.01.2019 16:43

Өзгертілген күні: 18.01.2019 16:47:43

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх