Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +2 oC
2019 жылдың 1-жартыжылдығында келіп түскен жеке және заңды тұлғалар өтініштері базасында тіркелген сұратуларға талдау

2019 жылдың 1-жартыжылдығында келіп түскен жеке және заңды тұлғалар өтініштері базасында тіркелген сұратуларға талдау

Осы кезеңде облыс әкімінің аппаратына барлығы 98 сұрату келіп түскен, оның ішінде 75-і бұқаралық ақпарат құралдарынан («Вечерний Талдыкорган», «Искра Жетысу» газеттерінен, «Власть» интернет-журналынан, «ЛС Аналитик» ЖШС, «Казақстан» Қаз ТРК, «Effective media Liaison» ЖШС, «Total Media Qazaqstan» ЖШС және басқалары), қалған 23-і сотқа қатысу үшін ақпарат беру жөніндегі адвокаттық сұратулар, білікті заңгерлік көмек көрсету мақсатында сот орындаушыларының атқарылатын әрекеттерді іске асыру кезінде туындайтын мәселелер бойынша сұратулары.
Ай сайын «Вечерний Талдыкорган» газетінің қызметкерлері аудандар мен қалалар бөлінісіндегі тіркелген некелер, ажырасулар, туылған балалар мен қайтыс болғандар саны сияқты мәліметтерді ұсыну туралы сұратулар жібереді. Бұдан басқа, апта сайын газет беттеріндегі жарияланымдар бойынша қабылданған шаралар туралы сұратулар жіберіліп тұрады.
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарынан да «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңын, оның ішінде жетім балаларға тұрғын үй беру бөлігін, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» ҚР Заңдарын, қай ауылдар ауылдық елді мекендерге жататындығы туралы ақпарат беру және заңнама нормаларын ( ҚР Жер кодексі, ҚР Орман кодексі және т.б.) түсіндіру бойынша сұратулар келеді.
Сондай-ақ, облыстағы нысандар құрылысының барысы, құрылыс қай кезеңде, жобаны іске асыру үшін бағытталған инвестиция көлемі, инвестор кім, инфрақұрылым тартылған ба, жолдарды жөндеуге бөлініп жатқан қаржы көлемі, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жұмыс орындарын ұлғайту бойынша қабылданып жатқан шаралар, абоненттерді газ жүйесіне қосу мәселелері, соның ішінде газбен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның бар болуы, облыс әкімдігінің теңгерімінде тұрған қызметтік пәтерлер саны, оның ішінде қаншасы бос, сатып алынуы жоспарланған қызметтік пәтерлер, «7-20-25» бағдарламасының қатысушыларына қанша пәтер сатылады, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін қанша шаршы метрді пайдалануға беру жоспарланған, ҚР әрбір азаматына бөлінген жер учаскелерінің саны, ЖТҚ үшін жер учаскелерін алған азаматтар саны, телеарналар мен радиостанциялар тізімін беру, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тізімін ұсыну, Алакөл көліне жыл сайын қанша адам барады және көрсетілген туристік қызметтердің көлемі қандай, өңірдегі экологиялық проблемалар жөнінде ақпарат беру, ҚХР-дан ШЫХО аумағына әкелуге және ШЫХО аумағынан РФ-ға бажсыз әкетуге рұқсат етілген тауарлар тізбесі (санын, салмағын, көлемін көрсете отырып) туралы және басқа да мәселелер бойынша сұратулар келіп түскен.
Барлық түскен сұратулар уақытында тіркеліп, ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңдарына сәйкес қаралды.
Келіп түскен 98 сұратудың 12-сі қанағаттандырылды, 6-уы түсіндіріліп, 80-і қайта жолданған.

Орналастырылған күні: 04.07.2019 09:25

Өзгертілген күні: 04.07.2019 09:25:56

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх