Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +17 oC
2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Алматы облысы бойынша 2019ж. 6 айында өткен жылдың тақылеттес кезеңімен салыстырғанда эпидемиологиялық жағдай қызылша, эпидемиялық паротит, аскаридоз, дерматомикоз жұқпаларының жоғарылауымен, жіті ішек, сальмонеллез, менингококк, кене энцефалиті, эхинококкоз, энтеробиоз, педикуллез, қышыма жұқпаларының төмендеуімен сипатталады. Вирустық «А» гепатиті бір деңгейде, іш сүзегі, күл, сіреспе тіркелген жоқ. Вирустық гепатит «А» жұқпасының 48 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 29 (60,4%), 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 2,29 және 4,67 құрады. Өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық бір деңгейде. Вирустық гепатит «А» жұқпасына қарсы эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша 2546 бала иммундаумен қамтылды. Жұқпа ошақтарында қарым-қатынаста болған 1007 адам анықталып, медициналық бақылауға алынған, оның ішінде биохимиялық әдіспен аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігіне 120 адам тексерілген (11,9%).

Вирустық «В» гепатитінің 1 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 0,05 құрады. Өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 3 жағдайға төмендеген. Вирустық «С» гепатитінің 1 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 0,05 құрады. Былтырғы жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 1 жағдайға төмендеген.

Жіті ішек жұқпасының 251 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 165 (65,7%), 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 11,97 және 26,56 құрайды. Былтырғы жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 28,9%-ға төмендеген. Жұқпаның таралу жолы 78% анықталды, оның ішінде тағам арқылы – 93,8%, қарым – қатынас арқылы 6,1%. Берілу факторы көбінесе үй жағдайында дайындалған, тоңазытқышсыз сақталған тағамдар болып қалуда.

Сальмонеллез жұқпасының 5 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 4 (80%), 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 0,24 және 0,64 құрады. Өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 5 жағдайға төмендеген.

Қызылша жұқпасының 422 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар - 306 (72,5%), 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіштері 20,13 - 49,25 құрады. Былтырғы жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 422 жағдайға жоғарылаған.

Менигококты жұқпаның 7 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар - 4 (57,1%), 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіштері 0,33 және 0,64 құрады. Былтырғы жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 9 жағдайға төмендеген.

Эпидемиялық паротиттің 2 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді, 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіштері 0,10 және 0,32 құрады. Былтырғы жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 1 жағдайға жоғарылаған.

Эхинококкоз жұқпасының 73 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 21 (28,7%) жағдайы. 100 мың халыққа шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 3,48 және 3,38 құрады. Өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 23,7% төмендеген.

Облыс бойынша бруцеллез сырқаттанушылығы 2018 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2019 жылдың 6 айында 9 жағдайға төмендеді, 78-ден 69 жағдайға дейін. Бруцеллезбен науқастанғандардың 89,9% ауыл тұрғындары, сырқаттанушылық облыстың 34 елді - мекенінде тіркелді.

Алматы облысында 2019 жылдың 6 айында адамдар арасында құтырма ауруы тіркелген жоқ. Сонымен бірге (Ақсу, Іле, Қаратал, Кербұлақ, Панфилов, Ұйғыр аудандарымен Қапшағай қаласында) ауылшаруашылық малдары арасында құтырма ауруына күдікті 22 жағдай тіркеліп, 15 жағдайда құтырма ауруының диагнозы зертханалық жолмен расталды. Ошақтардың барлығы ветеринарлық қызметпен бірлесіп тексеріліп, тиісті шаралар атқарылды, қарым – қатынаста болған 60 адам есепке алынып, олардың антирабиялық екпелерінің күнбе – күн алынуына тізім бойынша бақылау жүргізілуде.

Облыс аумағында оба, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы тіркелген жоқ. Департаменттің зоологиялық-паразитологиялық тобымен көктемде-күзде іс-сапарлар ұйымдастырылып, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына, туляремия және басқа карантиндік инфекциялардың эпидемиологиялық жағдайының қолайсыздығына байланысты аудан аймақтарындағы табиғи ошақтарының белсенділігіне геоақпараттық жүйе бойынша мониторинг жүргізіледі. Көктем, күз айларында тексеру барысында сыртқы ортадан алынған оң нәтижелі сынамалар электрондық картаға енгізіліп тұрады.

Облыста жыл басынан адам иммунтапшылық вирусы жұқпасымен (АИТВ) 175 жағдай тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 8,7 құрады. 15-49 жас топтары арасында АИТВ жұқпасының таралу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,015 құрады. Аса қауіпті инфекциялардың алдын алу мақсатында бруцеллез, сібір жарасы, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы мен құтырма аурулары бойынша бейнероликтер түсіріліп, облыстық «Жетісу» телеарнасы арқылы көрсетілуде.

Туберкулездің 435 жаңа жағдайы анықталды, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 20,7 құрады, сырқаттанушылық 17,5%-ке, оның ішінде өкпе туберкулезімен сырқаттанушылық 20,8%-ге төмендеді (көрсеткіші 17,7). Балалар арасында сырқаттанушылық 18 жағдайға төмендеді (11 жағдай, көрсеткіші – 2,9). Эпидемиологиялық қолайсыздықты туындатып отырған Алакөл, Балқаш, Іле, Қаратал, Кербулақ, Талғар аудандары және Капшағай, Талдықорған қалалары. Талғар, Панфилов аудандарында санаторлық типті балабақша, Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Іле, Қаратал, Көксу, Райымбек, Сарқан аудандарында және Қапшағай, Талдықорған, Текелі қалаларындағы мектепке дейінгі мекемелердің жанынан санаторлық топтар ашылып, жұмыс істеуде.

Қадағалауда 5823 тағам өнімдерін өндіретін, сататын объектілер бар. Олардың 461 тағам сынамалары зерттеліп, оның ішінде 20 (4,3%) микробиологиялық көрсеткіштер бойынша нормативтік құжаттардың   талаптарына сәйкес келмеді. Барлық аумақтық басқармалар мамандарымен бактериялды ластанған тағам сынамаларының себебін анықтау технологиялық үдерістердің сатысын қадағалаумен жүргізілді. Бактериалды ластанушылықпен айқындалған бұзушылықтар бойынша, жауапты тұлғаларға 694375 тенге көлемінде 15 айыппұл салынып, шаруашылық субъектілеріне 15 нұсқау берілді.      

2019 жылдың 1 жартыжылдығында 2018 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда эндемиялық зобпен науқастанушылық саны 5469-дан 5636-ға дейін өсті. Есепті кезеңде сауығуымен және тұрғылықты орнының ауысуымен облыс бойынша диспансерлік бақылаудан   584 адам, оның ішінде 102 - бала, 171 - жасөспірім, 311 - ересек шығарылды.

Алматы облысында йодпен байытылған тағам өнімдерін өндіру жалғастырылуда («Адал Сүт» ЖШС Еңбекшіқазақ ауданы (тапсырыс бойынша), «Үштөбе-Айдын» ЖШС Қаратал ауданы сүт зауыттарында, Талдықорған қаласындағы «Ляззат-2006» ЖШС сүт цехы мен ЖК Л. Жолтабарованың наубайханасында, Текелі қаласындағы «ГМЗ Текели» ЖШС сүт зауыты, Талғар ауданындағы «Сырат» ЖШС алкогольсіз өнімдерді өндіру цехы). 4191 сауда нысандарында, оның ішіндегі 54 облыс базарларында йодталған ас тұзы және басқа да йодпен байытылған тағам түрлері (ашытқы, сүт және сүт өнімдері, сусындар және т.б.) тасып әкелінеді.   Йодталған тамақ өнімдері Алматы қаласындағы көтерме базарлары мен Алматы облысының фирмаларынан тасымалданады.  

Облыс бойынша Қапшағай қаласындағы ««KazAgroLand»» ЖШС, Қарасай ауданындағы «Азия АгроФуд» ЖШС және «Турка» ЖШС Сарқан ауданындағы 3 ұн тартатын обьектілерде темірмен және дәруменді-минералдық қоспалармен фортификацияланады. Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалының зертханаларында 103 сынамаларының, оның ішінде 57 - тұз, 16 - нан, 14 - сүт өнімдері, 16 – ашытқының йодтық құрамы зерттелді. Құрамындағы йодтың сәйкес еместігі 3 тұз сынамасында анықталды («Аралтуз», «Илецкая»), шаруашылық субьектілеріне әкімшілік шара айыппұл ретінде 50500 тенге көлемінде салынып, сонымен қатар субьектілермен аталған тұз өнімдері тасымалдаушыларға қайтарылды.

Бақылауда 2400 білім беру ұйымдары бар.   Ыстық тамақтану 570 (75,6%) мектепте ұйымдастырылған, 84 (11,1%) – буфеттік, 102 (бастауыш, орталау толық емес) мектептерде қажетті бөлмелерінің жоқтығына байланысты ыстық тамақтану ұйымдастырылмаған. Барлық 570 (100%) асханалар жекеменшік кәсіпкерлерімен жалға алынып жұмыс істеуде. Облыс бойынша оқушылардың саны 387901, олардың 340816 (87,8%) ыстық тамақпен қамтылған. Мектептер медициналық кабинеттермен 99%, медициналық кадрлармен 100% қамтамасыз етілген. Оқу процессі 3 аусымда 34 мектепте жүргізіледі, олар: Еңбекшіқазақ - 4, Жамбыл - 2, Іле - 13, Қарасай - 11, Ұйғыр - 1, Талғар – 3 аудандарында.

Облыс аумағында білім басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 1 нысан – Кербұлақ ауданының Қосағаш орта мектебі апатты деп танылды. Тексеру нәтижесі бойынша материалдар шешім қабылдау үшін ауданаралық экономикалық сотқа жіберілді. Сот шешімі бойынша мектептің апаттық екі ғимараты жабылып, оқу үдерісі апатты емес бір оқу ғимаратында 2 ауысымда жүргізіледі. Жаңа мектеп ғимаратын салу үшін жер телімі бөлініп, жоба құжаттары дайындалды. 2019 жылы 80 орындық мектеп салу үшін 761 млн теңге қаражат бөлінді.

Алматы облысында 741 елді мекенің (731 ауылдық елді мекен және 10 қалалық), 616 елді мекенінде орталықтандырылған су жүйесімен, 84 елді мекенде орталықтандырылмаған (құдықтар, ұңғымалар, бұлақтар), 1 ашық су көздері – тау өзендерінен және 4 елді мекен тасымалданатын сумен қамтамасыз етілген. Алматы облысында орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 96,9% құрайды, Республикалық көрсеткіште 92,2%. Орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 2,9% құрайды, Республикалық көрсеткіште 6,7%.

2019 жылдың 6 айымен салыстырғанда бақылаудағы су құбырларының саны 115 (2018жылы 6 айында – 479), 2019 жылдың 6 айында - 594 (Ақсу – 2, Алакөл – 11, Енбекшіқазақ – 21, Жамбыл - 32, Іле – 3, Қарасай - 14, Кербұлақ - 17, Сарқан - 4, Талғар – 7, Райымбек – 4 аудандарында) артты. Сонымен қатар орталықтандырылмаған су құбыры жүйесінің саны 122–ден 67-ге азайды. Ерекше тәртіп тексерісіне 174 су құбыры жүйелері жоспарланған, оның 115 немесе 66,1% тексеріспен қамтылды, барлық тексерілген нысандарда бұзушылықтар анықталып, әкімшілік шаралар қолданылды.

Радиациялық ахуал бірқалыпты, радиациялық фон 0,11-0,18 мкЗв/сағ. құрады. Облыс бойынша 180 рентген кабинеттері жұмыс жасайды. 2019 жылдың 6 айында оның 8 өтініш бойынша санитариялық-гигиеналық тексеріспен қамтылды.

Облыста Кеден Одағының техникалық регламенттер талаптарына және ұлттық заңнаманың сәйкестігіне өнімдердің (тауарлардың) үлгілерін сатып алу және оларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу арқылы өнім қауіпсіздігінің мониторингі жалғасуда. 2019 жылдың 6 айында өнімдер қауіпсіздігінің мониторингісі шеңберінде өнімдердің (тауарлардың) 1418 сынамаларына сараптама жүргізілді, оның ішінде 13,5% техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді. Сәйкес келмейтін сынамалардың жалпы санынан 71% тамақ өнімдеріне тиесілі, 29% өнеркәсіптік тауарлар тобына тиесілі.

Сәйкес келмейтін сынамалардың жалпы санынан сүт және сүт өнімдеріне сәйкес келмейтін өнімдердің - 5,2%, ет және ет өнімдеріне - 20,8%, кондитерлік өнімдерге - 7,2%, ұн - жарма өнімдеріне - 3,1%, жемістер мен көкөністерден жасалған өнімдерге, май және ауыз суға 1%, балық өнімдеріне - 6,2 %, құс еті және құс өнімдеріне - 8,8%, аспаздық өнімдерге -2%, өзге де тамақ өнімдеріне, алкогольсіз сусындарға, нан-тоқаш өнімдеріне - 3,6%, ойыншықтарға - 9,8%, балалар мен жасөспірімдерге арналған тауарларға - 13,5%, қаптамаға, парфюмерлік-косметикалық өнімдерге - 0,5%, жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне - 4,1% тиесілі. Анықталған бұзушылықтар бойынша шаруашылық субъектілеріне 29 ұйғарым берілді. Ұйғарымды орындамағаны үшін 26 шаруашылық субъектілері 4215285 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жұмыс нәтижесінде шаруашылық субъектілері сатылымнан 195,47 кг тағам өнімдерін алып, жеткізіп берушілерге қайтарылды.

Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімімен 6 ай ішінде "Қауіпсіз өнімді таңда", "Сенің денсаулығың сенің қолыңда!, "Таза қолдар",  "Болашаққа қадам!", "Дене белсенділігі". Әлеуметтік желілерде және баспа басылымдарында осы іс-шаралар бойынша 71 жариялымдар орналастырылды. Темекі шегуден және түтінсіз темекіні пайдаланудан бас тарту бойынша департаменттің және оның аумақтық басқармаларының әлеуметтік желілерінде 114 мақала жарияланды. Талдықорған қаласының № 4 орта мектебінде 1 флешмоб өткізілді. Сонымен қатар, тұрғындар мен медицина қоғамдармен, колледждермен, жоғары оқу орындарының студенттерімен «Шылым шегу зиян», «Алкогольдің зиян» мәселелері бойынша 23 кездесу өткізілді. Алкоголь өнімін тұтынудан бас тарту бойынша департаменттің және аумақтық басқармаларының әлеуметтік желілерінде 31 жариялымдар орналастырылды. 111 ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. «Артық дене салмағының немесе семіздік», «Дене белсенділігі және дұрыс тамақтанудың болмауын болдырмау бойынша Департаменттің және оның аумақтық басқармаларының әлеуметтік желілерінде 18 жариялымдар орналастырылды. Сонымен қатар дұрыс және дұрыс тамақтануды насихаттау бойынша мектептермен 21 кездесу өткізілді.

2019 жылы 31 мамырда өтетін Дүниежүзілік темекі шегуге қарсы күрес күніне орай, 2019 жылы 17 мамырда Талдықорған қаласының "Жерұйық" базарының аумағындағы тұрғындарына «Темекі шегудің зиян» туралы ақпараттандыру мақсатында " Темекіні алма-ға айырбаста!" акция өткізілді, 119 ақпараттық материалдар таратылды. Департаментте және аумақтық басқармаларында тұрақты негізде жұмыс күнідері дене шынықтыру минутын өткізіледі. 373 мемлекеттік органдарда, 142 өнеркәсіп кәсіпорындарда, 134 әлеуметтік объектілерде дене шынықтыру минуттары енгізіліп өткізілуде. 760 мектепте дене шынықтыру минуты үнемі өткізіледі.

ДДҰ "денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" жобасын енгізу бойынша директорлар мен үйлестірушілер арасында семинар өткізілді. 47 мектеп бағдарламасын жүзеге асырылды. Сондай-ақ, білім басқармасы мен денсаулық сақтау басқармасымен аталған жобаны енгізу бойынша 3-жақты меморандумға қол қойылды.

Салауатты тамақтану бойынша супермаркеттер мен шағын маркететтерде 67 сөрелер ұйымдастырылды. Қоғамдық тамақтану объектілерімен 385 меморандум жасалды. Сондай-ақ 2019 жылы 29 наурызда қант пен тұзды төмендету бойынша әскери қызметшілермен тамақтану нормаларына ұсыныстар енгізу туралы дөңгелек үстел өткізілді. Әскери қызметкерлер мен салауатты өмір салтын ұстануын арттыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы 10 меморандум жасалды.

Инстаграм мен фейсбук әлеуметтік желілерінде (ohranniki_zdorovya) үнемі ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күні инстаграммда 144 жарияланым, 8101 жазылушы, фейсбук 144 жарияланым, 5000 достары 4938 жазылушы. Бейнероликтер көрсетіледі: кинотеатрлар-2, сауда-ойын-сауық орталықтарында-2, вокзалда-1, әуежайда-1, LED экрандар-14, Аймақтық БАҚ-1 (Жетісу телеарнасы), әлеуметтік желілерде – 58.


Орналастырылған күні: 16.08.2019 10:54

Өзгертілген күні: 16.08.2019 10:56:11

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх