Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Облыстың жер қоры 22 млн 358 мың 429 гектар жерді құрайды, оның 15 млн 734 мың гектары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, оның ішінде егістігі - 1 млн 056 мың гектар, оның суарылмалысы - 475 мың гектар, көп жылдық екпелер - 29 мың 243 гектар, тыңайған жерлер - 119 мың 356 гектар, шабындық - 468 мың 334 гектар, жайылым - 14 млн 055 мың гектар, бақшалар мен қызметтік телімдер – 5 мың 716 гектарды құрайды.

2019 жылдың 01 шілде жағдайына жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін алу бойынша 136 817 өтініш тіркелген. Өтініштердің басым бөлігі Талдықорған қаласы мен Алматы қаласының маңындағы аудандарда тіркелген.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану тұрақты бақылауда.

Конкурстар, аукциондарды өткізу және ұйымдастыру бойынша

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беруге мораторий жариялануына байланысты, 2016 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беруге конкурстар мен аукциондар өткізілмеді.

2017 жылы 4 конкурс өткізіліп, көлемі 22,6 мың га құрайтын 142 жер учаскесі берілді (Жамбыл, Қаратал, Райымбек аудандары және Қапшагай қаласы).

2018 жылы 6 конкурс өткізіліп, көлемі 84, 7 мың га құрайтын 297 жер учаскесі табысталды (Жамбыл, Іле, Ескелді, Көксу, Ұйғыр аудандары және Текелі қаласы).

Бұдан бөлек жылдың аяғына дейін 11 конкурс өткізіліп, 103,6 мың га жер учаскесін беру жоспарлануда (5,3 мың. га егістік, оның ішінде 1,2 мың.га суармалы, 0,8 мың.га шабындық, 97,3 мың.га жайылым).

Сондай-ақ, облыста конкурстық негізде босалқы жерлерден 7,2 млн га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді табыстауға мүмкіндік бар.

Алакөл және Панфилов аудандары коммерциялық мақсаттарға 2017 жылы көлемі 144,2 га құрайтын 53 жер учаскесін табыстады.

 

Жер учаскелеріне құжаттық түгендеу жұмыстарын жүргізу бойынша

Мемлекет Басшысының 2016 жылғы 09 қыркүйектегі тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов бекіткен «2017-2021 жылдарға арналған жер қатынастарын реттеу саласындағы міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларының жерлеріне тексеру жүргізілуде.

Аталған жұмысты іске асыру мақсатында облыс, аудан, қалалар деңгейінде комиссиялар құрылып, 2017 жылы ауыл шаруашылық мақсатындағы және облыстың елді мекендер жерлеріне құжаттамалық түгендеу жұмыстары жүргізілді.

2018 жылы өнеркәсіп жерлеріне және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға құжаттық тексеру жүргізілді.

2019 жылы су, орман қорлары мен босалқы жерлерге тексеріс жүргізлуде.


«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» (ұзындығы- 66 км)

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының» құрылысына қажетті 690,6 га құрайтын 939 жер учаскесі түседі. Сатып алуға 639,08 га құрайтын 722 жер учаскесі (Қарасай ауданы -339 учаске (321,60 га), Іле ауданы – 197 (166,84 га), Талғар ауданы – 186 учаске (150,64 га) жатады.

Оның ішінде:

580 жер учаскесі (Қарасай ауданы -232 учаске (148,8 га), Іле ауданы – 188 (112,5 га), Талғар ауданы – 160 учаске (72,9 га) сатып алынды (334,2 га).

27 меншік иесіне (Қарасай ауданы) тең бағалы жер учаскесі ұсынылды.

114 меншік иесі (Қарасай ауданы -79, Іле ауданы -9, Талғар ауданы – 26) өз еркімен жер учаскесінен бас тартты.

Қарасай ауданындағы «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» жобасына түсетін «Табыс-2005» ЖШС-не тиесілі 1 жер учаскесі бойынша қабылданған Жоғарғы сот шешімімен Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылдың 24 желтоқсандағы шешімі жойылып, істі жаңа құрамда қайта қарау туралы 2019 жылдың 4 маусымында сот ұйғарымы шықты. Сот отырысы ағымдағы жылдың 17 шілдесіне тағайындалды.

«Алматы-Бішкек» автомобиль жолы бойынша (16-19 км)

Республикалық маңызы бар «Алматы - Бішкек» автомобиль жолының («Алтын орда» базары аумағы) құрлысына 53 жер учаскесі түседі (көлемі-4,5745 га), оның ішінде мемлекет меншігінде 5 жер учаскесі (көлемі-0,1263 га). 48 жер учаскесі (көлемі-4,4482 га) сатып алуға жатады. Оның ішінде:

- 33 жер учаскесі (3,3615 га) иеліктен шығарылып, сатып алынды (666,5 млн.тг).

- 1 жер учаскесінің (0,1619 га) меншік иелерінің келісімі алынды            (0,1 млн.тг).

- 9 жер учаскесінің (0,439 га) меншік иесі өз еркімен бас тартты (7,3 млн.тг).

- 2 жер учаскесін (0,09 га) бойынша қайта бағалау жұмыстары жүргізілуде (0,6 млн тг).

- 3 жер учаскесінің (0, 3863 га) құжаттары сот қарауында (58,8 млн.тг).

Сонымен қатар, "Асыл Арман" ТК "Труба" жобасы және Райымбек ауылына қарасты жерүсті жаяу жүргіншілер аймағынан қосымша 13 жер учаскесі (0,6743 га) түседі, оның ішінде мемлекет меншігінде 1 жер учаскесі (0,0278 га), 1 жер учаскесі (0,0095 га), Р.Н.Исраилова «Асыл Арман» ТҮК кіреберіс жол) сатып алынған, сатып алуға 11 жер учаскесі (7 коммерциялық мақсаттағы, 1 медициналық қызмет көрсету орталығына қызмет көрсету мақсатында, 1 шаруа қожалығын жүргізу мақсатында, 2 көпқабатты тұрғын үй кешенін орналастыру мақсатындағы жер учаскелері) жатады (0,6338 га).

Оның ішінде:

- 7 жер учаскесі (0,5762 га) иеліктен шығарылып, сатып алынды  (110,3 млн.тг).

- 4 жер учаскесі (0,0576 га) меншік иелерімен келіссөз жұмыстары жүргізілуде (4,7 млн тг).


«Береке» индустриялық аймақтың құрылысы

«Береке» индустриялық аймақтың құрылысына барлығы 209 жер учаскесі (көлемі 535 га) түседі, оның ішінде сатып алынуға жататыны 185 жер учаскесі (422,7 га).

- 131 жер учаскесі (266,2 га) босатылды (612,3 млн тг).

- 3 жер учаскесі (10,3 га) меншік иелері өтемақы сомасына келісім берді (4,8 млн тг).

- 33 жер учаскесі (108,7 га) меншік иелері тең бағалы жер учаскесін алуға келісім берді (89,4 млн.тг)(оның ішінде 19 жер учаскесі кепілде тұр).

- 10 жер учаскесін иеліктен шығару бойынша сот шешімі қабылданды (6,9 га), сот шешімдерінің күшіне енуіне қарай аталған жер учаскелері сатып алынатын болады (19,6 млн тг).

- 8 жер учаскесі (30,9 га) меншік иелерімен келіссөз жұмыстары жүргізілуде (53,4 млн тг).

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін электрондық форматқа көшіру бойынша

Облыста 2015 жылы жер ресурстарының кешенді электрондық картасы әзірленді. Бұл картаға ауыл шаруашылығы алқаптары, пайдаланылмай жатқан жерлер, ирригациялық желілер, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар жобалар енгізілді.

Басқармамен жер ресурстарының кешенді электрондық картасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде, ол өтініштерді қабылдаудан бастап жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын беруге дейін мемлекеттік қызмет көрсетуді электрондық форматқа толық көшіруді қамтамасыз етеді, бұл өтініштерді қарау уақытын айтарлықтай қысқартады, өтініштерді өңдеу бойынша толық автоматтандырылған жұмыс орындарын құрады, Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырады. Сондай-ақ, жер учаскелерін беру процестерінің ашықтығы мен бақылауы қамтамасыз етіледі.

Облыстық бюджеттен 2019 жылға 509,0 млн.теңге бөлінді, соның есебінен аумақтардың кеңістіктік деректерін жинау, жерді қашықтықтан зондтау материалдарын өңдеу, аэрофотүсірілімдер, заманауи лазерлік кешендермен жер үсті түсіру (топосъемка) және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жұмыстары орындалады.

Бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурсы жарияланды, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитетімен бірыңғай ұйымдастырушы арқылы жүзеге асырылатын болады.

Болашақта жоғарыда аталған жүйе келесі міндеттерді қамтиды:

жер учаскелерін сату жөнінде аукциондар өткізу тәжірибесін талдау және сауда-саттықты бірыңғай электрондық алаңға ауыстыру мәселесін;

жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезекте тұрғандардың электрондық тізілімін енгізу мәселесін;

барлық елді мекендердің бас жоспарларын, даму схемаларын, жоспарлау және құрылыс салу жобаларын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңдарды дайындау жөнінде шаралар қабылдау;

халықтың жер учаскелері туралы ақпаратқа қол жеткізуі туралы заңнаманың және кезектілік тізімі туралы өзекті деректердің орындалуын қамтамасыз етілуі.

Жер қатынастары саласындағы пилоттық жоба ретінде  16 мемлекеттік қызметті автоматты режимде облыстық маңызы бар қалаларда (Талдықорған, Текелі, Қапшағай) енгізу жоспарлануда.

Жобаны іске асыру құрылыс мақсаттары үшін жер учаскелерін беру, топотүсірілім беру, техникалық шарттар, аумақтарды дамыту жоспарлары және басқалар бойынша онлайн қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижесі жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1 жылдан 30 күнге дейін, сәулет және құрылыс саласында 100 күннен 10 күнге дейін қысқартылады деп күтілуде.

ӨГАЖ құру кезінде проблемалық мәселелер:

- өзекті жоспарлы-картографиялық материал (масштаб 1:500, 2000).

- жергілікті жерге уйлестірілген байланыстыру (қателігі 5-6 метр).

- сандық бас жоспар, векторлық форматтағы ЕТЖ

-қолданыстағы жер үсті және жер асты инженерлік-коммуникациялық желілер бойынша деректер (осы мәліметтер "Қазақтелеком" АҚ, "ТАТЭК", "Водоканал", "Теплосервис" және т. б. атынан монополиялық қызмет жеткізушіде болады).

Жоғарыда көрсетілген барлық факторлар бірыңғай ақпараттық базаны уақтылы құруға кедергі келтіреді.

 

Геоботаникалық зерттеу жұмыстары бойынша

2014-2017 жылдар аралығында республикалық бюджет есебінен облыстың 5 ауданында (Іле, Көксу, Кербұлақ, Жамбыл, Райымбек аудандары) 2390,3 мың га жайылым жерлерге геоботаникалық зерттеп-қарау жұмыстары жүргізілді.

2018 жылы жоғарыда аталған жұмыстарға республикалық бюджет есебінен 137,7 млн.тг қаражат бөлініп 3 ауданда(Алакөл, Сарқан, Ұйғыр аудандары) көлемі 1501,9 мың га жайылым жерлерге жүргізілуде.

2019 жылы геоботаникалық зерттеп-қарау жұмыстары 101,2 млн.тг құрайтын 3 ауданда (Балхаш, Ескелді, Қаратал аудандары) көлемі 0,9 мың га жайылым жерлерге жүргізілу жоспарлануда.

 

Ауыл шаруашылығы жерлеріне мониторинг жүргізу тәртібі

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалануға бақылау жүргізу мақсатында қолданыстағы жер заңнамасымен қоғамдық кеңес, агроөнеркәсіптік кешені саласындағы мемлекеттік емес ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен:

жалға алудың алғашқы бес жылында жыл сайын, келесі кезеңдерде суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарында – әр үш жыл сайын, суарылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарында әр бес жыл сайын тұрақты мониторинг жүргізу қарастырылған.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің пайдаланылуына жүргізілген мониторингтеудің                                 оң нәтижелері жергілікті атқарушы органының шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін жалға алу шартының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.

Пайдаланылмай жатқан жерлер бойынша

Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 2015-16-17 жж. уақыт аралығында және 2018 жылдың 1 жартыжылдығында облыс бойынша барлығы 495,8 мың га пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлер анықталды (оның ішінде 89,6 мың га егістік, 400,6 мың га жайылым, 5,6 мың га шабындық жерлер).

Қабылданған шаралар нәтижесінде: ерікті түрде және жергілікті атқарушы органдардың берген арыздары негізінде сот шешімімен мемлекеттік меншікке 120,6 мың га жер қайтарылып ауыл шаруашылық айналымына енгізілді; 363,3 мың га жер учаскелерін жер пайдаланушылар қайта пайдалануға кірісті; пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 11,9 мың га жерлерге пайдаланылуы бойынша шаралар қабылдау үшін 1 жыл мерзімге нұсқамалар бере отырып, аталған жерлерге қатысты жалпы сомасы 1 млн 371 мың теңге көлемінде айыппұл ретінде әкімшілік шаралар қабылданды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты (2018 жылғы 4 мамырдағы № 151-VI Заңы) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мен қорғауды бақылау аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарына тапсырылған.

Осыған орай, 11,9 мың га жерлер бойынша тексеріс материалдары аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне ағымдағы жылы мониторинг және бақылау тексерісін жүргізу үшін жолданған.

Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда.

Иесіз жерлер бойынша

Аудан және қала әкімдіктерінің берген ақпараттарына сәйкес, жалпы көлемі 124728,0 га (1371 учаске) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері 2018 жылы иесіз мүлік ретінде тіркеуге қойылған (Алакөл, Ақсу, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Көксу, Панфилов, Сарқан, Райымбек, Кеген, Кербұлақ).

Бүгінгі күнде аудан және қала әкімдіктерімен бір жылдық мерзімдері өтуіне қарай (Еңбекшіқазақ ауданы) иесіз мүлік ретінде тіркеуге қойылған жер учаскелерін сот арқылы мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аталған бағыттағы жұмыстар жерге орналастыру бөлімінің тұрақты бақылауында.

 


Орналастырылған күні: 14.08.2019 11:47

Өзгертілген күні: 14.08.2019 11:49:12

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх