Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +10 oC
2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Статистика департаментінің мәліметіне сәйкес облысымызда 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 408 218 адамды құрайды, оның ішінде – 88 950-і қалалық жерлерде, 319 268-і ауылда тұрады.

Жастар саясатын қаржыландыру көлемі облыста жастар саясаты мәселелері басқармасы құрылған 2012 жылы мемлекеттік жастар саясатына 77 млн.теңге қаржы бөлінсе, ағымдағы жылы бұл бағытқа 521,7 млн. теңге бөлінді. Яғни, шамамен 7 есеге артып отыр.

Облыста 20 жастар ресурстық орталықтары қызмет атқарады, оның ішінде 1- облыстық және аудан, қала деңгейінде 19 «Жастардың ресурстық орталықтары» коммуналдық мемлекеттік мекемелері. Штат саны 146 адамды құрайды. Облыс бойынша ауылдық округте жастар саясаты бойынша 253 нұсқаушылар бірлігі бөлінді. Бүгінгі күні әрбір округте 1 нұсқаушыдан өз жұмыстарын атқаруда.

Жастардың бос уақытын ұйымдастыру жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған өңірлік «Жастар жолы» іс-шаралар жоспарына сәйкес 2017 жылы облыс әкімінің өкіміне сәйкес жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі және ауыл жастарына арналған бос уақыттарын пайдаланудың түрлі нысандарын дамыту жөніндегі облыстық жұмыс тобы құрылды.

Бүгінгі күні 10 аудан мен қалаға 56,7 млн.теңгеге 11 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 18 бос уақытты тиімді өткізу орталықтары мен спортпен шұғылдану залдары ашылады.

2019 жылы облыста «Жетісу жастарының жарқын істері» атты жастар жылына арналған іс-шаралар жоспары - жол картасы бекітілді.

Жол картасын орындау мақсатында 2019 жылғы 11 қаңтарда Алматы облысы әкімінің облыс жастарымен бейресми кездесуі өткізілді.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 28 қаңтар күні жастарға қызмет көрсету орталығында «Жастар. Жігер. Жаңғыру» атты жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Аталған шаралардың нәтижесі бойынша 2019 жылы маргинал санатындағы жастарды тарта отырып, облыста студенттік құрылыс жасағының штабын жаңа форматта құру және жаңарту бойынша жастар құрылыс отрядының 93,6 млн.теңгенің шығын сметасы бекітіліп, Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. Биылғы жазғы еңбек маусымында студенттік құрылыс жасақтары қатарына облыс орталығы Талдықорған қаласындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан, сондай-ақ облыстың аудан қалаларынан 213 білімгердің тізімін жинақтап, уақытша жұмыспен қамтуға жағдай жасау жоспарланып отыр.

Облыс көлемінде республикалық және облыстық бюджет есебінен құрылысы жүріп жатқан, сондай-ақ күрделі жөндеу жүргізілетін нысандардың, мердігерлердің тізімі жинақталды (барлығы 12 нысан).

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын дамыту және ауылдық елді мекендерге жастарды тарту мақсатында аудан және қалалық жастар ресурстық орталықтарына 10 гектарға дейінгі жер телімін бөлу бойынша бүгінгі күні 19 аудан мен қалаларда тиісті жұмыстар атқарылуда.

Сонымен бірге, облыстың барлық аудандары мен қалаларында жастарға қызмет көрсету орталықтарын ашу үшін ғимараттар салу бойынша қажетті бөлмелердің алаңдары бекітілді. Қазіргі кезде құрылыс басқармасының мәліметі бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін мемлекеттік сатып алу басқармасымен байқау жариялануда.

Сондай-ақ, «Бақыт» жас отбасыларды қолдау клубы аясында жастар ресурстық орталықтарына 20 психолог штаттық бірлігі бөлініп, психологтар жұмыс жасауда.

Жастарды кәсіпкерлік қызметке қолдау және тарту және Алматы облысында "Жас кәсіпкер" бағдарламасын іске асыру және жастарға гранттық қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы Алматы облысының "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасымен Меморандумға қол қойды.

«Жастар – ел тірегі» жобасы аясында «Жас кәсіпкер» бизнес-бастамаларын дамыту бағдарламасы бойынша жастар стартаптарын қолдау мақсатында облыста «Бизнес және жастар «4 К» фестивалі өтті.

Сонымен қатар, IT-бизнес, инновациялық бизнес және әлеуметтік бизнес үш бағыты бойынша "J-3" старт-ап жобаларының республикалық конкурсын өткізу жоспарлануда. Оның мақсаты жас кәсіпкерлердің өз жобаларымен жұмыс істеуіне жағдай жасау, тәжірибе алмасу, кәсіпкерлерден тәлімгерлік алу, тренингтерді ұйымдастыру және бизнес дағдылары бойынша оқыту болып табылады.

Жыл басынан Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп жас кәсіпкерлердің деректер базасы жасақталды. Қазіргі таңда облыстың аудан, қалалары бойынша 13107 жас кәсіпкер тіркелген.

2019 жылғы 18 маусымда «Жастар көзқарасы: парасаттылық пен адалдық» жас мемлекеттік қызметшілер форумы өтті.

Форум барысында жастарға мотивациялық семинар-тренинг өткізу арқылы олардың өзін-өзі дамытуына, өзгерістерге бейімделуіне ықпал ету, кері байланыс орната отырып, жастардың көзқарасын, ұсыныстары мен пікірлерін жинақтау жұмыстары жүргізілді.

Өңірде елді мекендер бойынша іс жүзінде жұмыссыз жастардың тізімін жинақтау тәжірибесі қолға алынып, олардың санын азайту және әлеуметтендіру бойынша бағдарлама жобасы әзірленді. Іс жүзінде маргинал жастардың саны – 1830-ды құрап отыр.

2018 жылы денсаулығын сақтау үшін кешенді медициналық-әлеуметтік, психологиялық көмек көрсету мақсатында 16 жастар денсаулық орталықтары ашылды. Орталықтарда заңды кеңесшілер және дәрігерлер (гинеколог, уролог, психолог, дерматолог, СПИД жөніндегі дәрігер) жұмыс істейді. Бүгінгі күні 4546 жастар кеңес алды.

Еріктілер қозғалысының желісін кеңейту арнайы еріктілер кітапшасын жасау, яғни әр қатысқан шара туралы мәліметті, уақытын кітапшаға жазып, осы арқылы еріктінің қаншалықты белсенді екенін анықтайтын механизм қалыптастыру. Бүгінгі күні Android және IOS қосымшалары жұмыс істеп тұр. Және де еріктілерді тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған қосымша бірнеше ұйымды және көмекке мұқтаж жандарды бір арнаға біріктіреді. Бұл кез келген шараға еріктіні шақырып, тез және сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде облыста КТК ойындарын, жастар еріктілігі, дебаттық қозғалысты, жастардың бойында отбасылық құндылықтарды дамыту, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, Алматы облысында полицияға қолдау көрсетуші студенттік жасақтарды құру және жұмысын ұйымдастыру бойынша белсенді шаралар қабылдануда.

Облыста еріктілік қызметті жетілдіру, дамыту және NEET санатындағы жастардың санын азайту мақсатында бірқатар шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Мәселен, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Алматы облысында жас еріктілер қозғалысын дамыту» атты лоты (2 млн. 900 мың теңге) жарияланып, «Алматы облысының ауыл жастары» жастар қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанды.

Жобаның мақсаты еріктілерге оқыту семинарларын өткізу, спорттық іс-шаралар мен слет ұйымдастыру арқылы волонтерлік корпусты Алматы облысында нығайту болып табылады. Мақсатты аудиториясы – мектеп оқушылары, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, еріктілер, NEET санатындағы жастар. Жоба аясында:

1.Алматы облысының 20 аудан мен қаласында жас еріктілер қозғалысы бойынша оқыту семинарларын ұйымдастырып өткізу (әр аудан мен қалада 50-ден кем емес адамды қамти отырып);

2. Облыстық «Жетісу еріктілері» спартакиадасын ұйымдастырып өткізу;

3. Облыстық жас еріктілер слетін ұйымдастырып өткізу.

Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Алматы облысында полицияға қолдау көрсетуші студенттік жасақтарды қамтамасыз ету және жұмысын ұйымдастыру. NEET санатындағы жастарға және жастар арасында девиантты мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған көшпелі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» атты лоты (3 млн. 500 мың теңге) жарияланып, «Алматы облысының ауыл жастары» жастар қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанды. Жоба аясында:

1.Полицияға қолдау көрсетуші студенттік жасағының қызметін қамтамасыз ету;

2. Полицияға қолдау көрсетуші студенттік жасағы облыстық лагерін ұйымдастыру және өткізу;

3. NEET санатындағы жастарға және жастар арасында девиантты мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған көшпелі іс-шараларды ұйымдастыру.

Сонымен қатар, «Алматы облысының жастары арасында суицидтің алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу», «Алматы облысының жастары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» лоттары жүзеге асырылатын болады.

 



Орналастырылған күні: 16.08.2019 17:37

Өзгертілген күні: 16.09.2019 17:38:43

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх