Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +17 oC

2019 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2019 жылы Алматы облысы бойынша Кешенді іс шаралар жоспары шеңберінде 49193 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту жоспарланған. 

Жыл басынан жұмыспен қамту органдарына 10066 адам жүгініп, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 8294 адам камтылды немесе 16,9%. Тұрақты жұмыспен 2681 адам қамтылды.
2019 жылға « Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын» іске асыру үшін 10277,7 млн.теңге қарастырылды. 

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 6787 адамды кәсіптік оқытуға 2589,6 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде:
-кәсіптік техникалық оқытуға 1535 адамға 2103,0 млн.теңге;
- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 5252 адамға 486,6 млн.теңге.
Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде 5399,0 млн.теңге бөлінді.

Оның ішінде:
- 1307 адамға 4967,4 млн.теңге шағын несие беру жоспарлануда;
- қалаларда және ауылды аймақтарда шағын несиені кепілдендіруге – 140,0 млн.тенге;
- операциялық шығындарды субсидиялауға – 15 млн.тенге бөлінді.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 1500 қатысушы - 121,3 млн.теңге (ЖБ – 121,3 млн. теңге) бөлінді. Нақты кәсіпкерлік негіздеріне 290 адам оқытылды (немесе 19,3%). 

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында 615 адам 155,3 млн.теңге көлемінде мемлекеттік грант алу жоспарланып, 67 адам 21,7 млн.теңге көлемінде грант алды.
Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 2289,1 млн. тенге бөлінді. 

Оның ішінде:
-әлеуметтік жұмыс орындарына – 218,1 млн.тенгеге 1030 адамға;
-жастар практикасына 436,3 млн.тенгеге 1152 адамға;
-қоғамдық жұмысқа 1612 млн.тенгеге 5752 адамды.
2019 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 1052 адам, жастар практикасына 518 түлек, қоғамдық жұмыс орындарына 3248 жұмыссыз азамат жолданды. Жыл басынан қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 435 адам қамтылды.
Бірыңғай электрондық еңбек биржасы арқылы 3152 бос жұмыс орындары тіркеліп, жыл басынан электрондық еңбек биржасы арқылы тікелей жұмысқа 1722 адам орналастырылды.
2019 жылы қалаларда 3 адам 29,0 млн.теңге көлемінде (2018 жылдың қаражатынан) шағын несие алды.


Орналастырылған күні: 14.05.2019 11:50

Өзгертілген күні: 14.05.2019 12:14:39

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх