Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +24 oC
2019 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2019 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Есепті кезеңде ішкі және сыртқы туризмнің басым дамуын ескере отырып, Алматы облысында 2018-2020 жылдарға арналған туризмді дамытудың «Жол картасын» іске асыру бойынша жұмыстар жалғастырылды.

2019 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша облыста 734 туристік қабылдау пункті жұмыс істейді, 2018 жылмен салыстырғандағы өсім 7,0% (2018 - 686 бірлік), 13,5 млн. келушіге қызмет көрсетіліп, 8,2%-ға ұлғайды (2018 - 12,5 млн. адам). Соның ішінде кіру туризмі бойынша (резидент еместер) өсім 21,8% құрады.

Ақылы туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі 44,5% -ға артып, 1 874,0 млн. теңгені (2018ж - 1 297,3 млн. теңге) құрады. (Кесте ұсынылады)

Бірінші тоқсанда облыста 5 туристік инфрақұрылым нысаны іске қосылып, 360 млн. теңге көлеміне жеке инвестициялар тартылды. Оның ішінде Алакөл көлінің жағасында 3 туристік нысан (жеке инвестициялар көлемі - 95 млн. теңге), Ұйғыр ауданында ыстық қайнар көздерінде 1 нысан пайдалануға берілді, инвестиция көлемі -175 млн. теңге, Жамбыл облысында 96 млн. теңге көлеміне 1 қонақ үй салынды.

Ағымдағы жылдың 5 қаңтарында «Oi-Qaragai-Lesnaya Skazka» тау-шаңғы базасының ашылуы (кеңеюі) өтті. Инвестиция көлемі 15,5 млрд. теңгені құрады. Талғар ауданында «Lesnaya Skazka-Aport-Aktas» тау шаңғы курортын іске асыру жалғасуда, жоспарланған инвестиция көлемі 16,5 млрд. теңгені құрайды, келушілер саны - 724,0 мың адам.

Облыста Алакөл көлінің жағалауын дамытуға, оның ішінде Ақши және Көктұма ауылдарындағы көл жағалауын қорғауға, Ақсу ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға және салуға, Үшарал әуежайындағы ұшу-қону жолағын қайта жаңарту бойынша бас жоспарын іске асыру жұмыстары басталды.

Туризмді басқармасымен есептік кезеңде «2019-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы» жобасына және оның заңнамалық қолдауына ұсыныстар енгізілді. Соның ішінде, Алакөл көлінің жағалауында туристік өнімдерді дамыту және Алматы тау кластері шегінде, Республикалық туризм карточкасы нысандарының TOP-10-ға енген.

Алматы тау кластерінің Мастер-жоспары әзірленді. Өңірде тау және экотуризмді дамыту үшін ықтимал учаскелері таңдалып, іріктелді. Алматы өңірінің тау кластері туризмнің 8 негізгі локациялар бойынша 5 негізгі туризм түрлерінен тұрады.

Туризм түрлері: тау (шаңғы және жаз), эко-этно (шытырман, мәдени), спорт (масс-медиа), денсаулық және фитнес, сондай-ақ байланысты (MICE, гастро және т.б.).         

Сегіз локация негізгі аймақтан тұрады, сондай-ақ Көлсай, Шарын және Қапшағайдың бөлігі кіреді. (Қаскелең, Алматы аймағы, Талғар, Түрген, Көлсай, Хан Тәңірі, Шонжы, Іле-Қапшағай).

Биылғы жылы жергілікті бюджет есебінен Талғар, Қаскелең және Шарын аймағы нысандарында инженерлік инфрақұрылымды жобалау жұмыстары басталады.

Алматы аймағын тау кластерінің Мастер-жоспарын мастер-жоспар әзірлеу шеңберінде, Талғар ауданында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Маминнің төрағалығымен өзекті мәселелері бойынша кездесу өтті. Кездесуге Алматы облысы мен Алматы қаласының туристік іскерлік қоғамдастығының өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Мамин, сондай-ақ Алматы облысының туристік тау кластерінің перспективалы учаскелерін аралады.

Алматы облысының туристік әлеуеті MITT-2019 Мәскеу халықаралық туристік көрмесі және Берлин (Германия) қаласында өткізілген (ITB-2019) халықаралық туристік көрмесінде Қазақстан стендтерінде ұсынылды.

Халықаралық жәрмеңкелер, іс-шараларда Алматы облысының туристік әлеуеті мен мүмкіндіктерін жарнамалау мақсатында «Zhetysu Travel» брендін насихаттап, жарқын бейнесі қалыптасып, туристік кәдесыйлар мен жарнамалық материалдар әзірленді.

Есептік кезеңде Іле ауданында В.М. Чепельді еске алуға арналған жасанды рельефте туристік іс-шаралар бойынша республикалық жарыстар өткізілді. Байқауға Қазақстанның 8 өңірінен 22 команда қатысты. ІІ орынды «Жастар» және «Кіші» 2 жас тобында Алматы облысы «Ирбис Текели» командасы иеленді.

Жастар арасында туризмнің қысқы түрлерін дамыту мақсатында Ескелді ауданында «Тау Жетісу» тау шаңғысы базасында «Winter fest» фестивалі өткізілді. Фестивальге облыстың аудандары мен қалаларынан 13 команда қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша Талдықорған қаласындағы Медицина колледжінің командасы командалық жарыста жеңіске жетті.


Орналастырылған күні: 25.04.2019 10:33

Өзгертілген күні: 25.04.2019 10:35:04

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх