Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +10 oC
2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Облыс көлемінде этносаралық саладағы ахуал және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған 50-ден астам іс-шара өткізілді.

Атап айтсақ, 628 Қоғамдық келісім кеңестері 273 іс-шара 102160 адамның қатысуымен өткізіп, 72 әлеуметтік мәселе шешімін тапты.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесі отбасылық құндылықтарды, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға, толеранттылық тәрбие беруге бағытталған 276 іс-шараны 20670 адамның қатысуымен өткізді, оның ішінде 8 – облыстық, 6 – қалалық, 17 – аудандық, 245 – ауылдық деңгейде.

Екінші тоқсанда облыстағы 68 медиация кабинеттері 19 іс-шара өткізді, оның ішінде Достық үйі жанындағы медиация кабинеті «Қоғамдық келісім, Аналар кеңестері және этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты қызметіндегі медиацияның рөлі» тақырыбындағы семинар бар. Аудан, қалалардан кәсіптік емес медиаторлар, қоғамдық келісім, аналар кеңестері, облыстық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері қатысты. Медиаторлар арқылы жалпы саны 241 мәселе шешімін тапты.

Этномәдени бірлестіктер этносаралық бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған іс-шаралар және Астананың 20 жылдығы аясында:облыстық татар және башқұрт этномәдени бірлестігі «Астана – бірлігіміздің бастауы!» форумын Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында, облыстық «Барбанг» күрд этномәдени бірлестігі «Қош келдің, Наурыз» фестивалін Қаратал ауданы Үштөбе қаласында, «Қазақстан – Корея» достық қоғамы және облыстық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының ұйымдастыруымен «Астана - Тәуелсіз елдің тарихында» VІІ облыстық форумын, облыстық «Полония» мәдени-ағартушылық поляк этномәдени бірлестігі «Астана – бейбітшілік бесігі» фестивалін Достық үйінде, 7 мамыр - Отан Қорғаушылар күніне арналған «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты облыстық форумды «Қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрлері орталығы», халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Елордамыз Астана - балғындардың арманы» фестивалін облыстық армян этномәдени бірлестігі, облыстық «Туган тель» татар этномәдени орталығы «Менің Отаным – Қазақстан!» форумы аясында «Сабантуй», облыстық славян қозғалысы Қапшағай қаласында «Посвящаю Астане...» форумын өткізді.

Белсенділік танытып жүрген облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының штабы өңірлік коммуникациялар орталығында брифинг, «Асар» әлеуметтік ынтымақтастық акциясын және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қамқорлық көрсету айлығы аясында «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты облыстық форум ұйымдастырды. Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары ардагерлерді Ұлы Жеңістің 73 жылдығымен құттықтады.

«Ұлы Дала Елінің мұрасы» тарихи-экологиялық жобасы аясында «Қамқор» акциясын Талдықорған қаласында және Ескелді, Қаратал аудандарында өткізді. Шараға қатысушылар Ақын Сара ескерткіші, «Қазақ халқына мың алғыс» монументі маңайында тазалық жұмыстарын жүргізді, соғыс ардагерлерінің үй-шаруаларына көмек көрсетті.

Астана қаласының 20 жылдығына арналған бірнеше іс-шара ұйымдастырылды: жыл сайынғы оныншы мерейтойлық вокалды-хореографиялық «Өнерім-өмірім» байқауы, халықаралық балаларды қорғау күніне орай мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Талаптыға нұр жауар» - «Я – талант!» қайырымдылық акциясы, «Болашақ энергиясы» патриоттар форумы өткізілді.

Сәуір - мамыр айларында «Рухани жаңғыру» орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудандық, қалалық мемлекеттік мекемелері басшыларының қатысуымен көшпелі семинарлар ұйымдастырылды.

«Туған жер» бағдарламасы аясында белгілі ғалым, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіндегі «Рухани жаңғыру» институтының директоры Е.Арын дәріс оқыды.

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын облыстық Ассамблея жанындағы ғылыми - сараптамалық топ мүшелері мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіндегі ҚХА кафедрасы талқылады. Облыс әкімі А.Баталов Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша брифинг өткізді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарын жергілікті тұрғындарға насихаттау, киелі орындарды тарихи-мәдени мұра ретінде қорғаудың ел бірлігін, этносаралық ынтымақты сақтаудағы, жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие берудегі маңызын түсіндіру. Алматы облысының   аумағындағы аудан, қала әкімдіктерімен басқа да құзырлы органдардың қатысуымен бірегей тарихи-мәдени мұра нысандарына жататын киелі орындардың қазіргі жағдайымен танысу, мемлекеттік тұрғыда ерекше қорғауға алуға ұсыныс енгізу, ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Рухы бекем, киелі мекен – Жетісу» атты ғылыми-танымдық экспедициясының ІІ кезеңі өтті.

26-31 мамыр аралығында «Туған жер» жобасы бойынша «Рухы бекем, киелі мекен – Жетісу» ғылыми-танымдық экспедициясы Райымбек, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Қарасай, Жамбыл аудандарында зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Экспедицияда қамтылған аудандар: Талдықорған – Қапшағай – Жамбыл – Қарасай – Іле – Талғар – Еңбекшіқазақ – Кеген – Райымбек – Ұйғыр – Панфилов.

5 күнге созылған экспедицияның салтанатты ашылуы 26 мамыр күні, Талдықорған қаласындағы «Рухани жаңғыру» орталығының алаңында өтті. Салтанатты жиында, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор Қ.Баймырзаев сөз сөйлеп, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Жақиянов сәт сапар тілеп, бата берді.

31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Өткенге тағзым» акциясы Еңбекшіқазақ ауданындағы Лавар, Корам ауылдарында, Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіровтың ескерткіші жанында облыстағы этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысуымен өткізілді.

Есепті мерзімде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен 588 қайырымдылық шара өткізіліп, 252 870 000 теңге көлемінде 10378 адамға, оның ішінде 3705 аз қамтылған отбасыларға, 1998 жеке тұлғаларға (мүгедектер, қарттар, ардагерлер т.б.), 4675 кәмелетке толмағандарға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Медиа-жоспарға сәйкес ІІ тоқсанда республикалық, облыстық, аудандық және қалалық газеттерде 80 мақала жарық көрді. «Қазақстан», «Хабар», «24 KZ» телеарналарында 24 телесюжеттер көрсетілді. «Жетісу» телеарнасында 116 (жаңалықтарда 57 қазақша, 59 орысша) телесюжеттер көрсетілді, айына 1 рет «Единый народ» бағдарламасы шығады. Ресми сайттарға 89, әлеуметтік желілерде («ВК», FACEBOOK, INSTAGRAM) 159 ақпарат орналастырылды.

 



Орналастырылған күні: 23.07.2018 10:20

Өзгертілген күні: 23.07.2018 10:21:41

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх