Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +22 oC
2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Өнеркәсіп

2018 жылдың қаңтар-маусым айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 397,2 млрд.теңгені құрады, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 67,8 млрд.теңгеге артқан, бұл саладағы нақты көлемінің индексі 103,7%.

2018 жылдың қаңтар-маусым айында өңдеу өнеркәсібінің саласында жалпы 336,5 млрд.теңгеге өнім шығарылды, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен алыстырғанда 64,7 млрд.теңгеге артқан, нақты көлемінің индексі – 105,9% - ды құрады.

Облыс өнеркәсібінің 42,4%-нан астам өндірісін қамтитын 22 жүйеқұраушы кәсіпорындардың қызметіне ай сайын жүргізілетін мониторинг қорытындысы бойынша 2018 жылдың қаңтар-маусым айында 182,6 млрд. теңгеге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 115,7% өнім шығарылды. Кәсіпорындардың негізгі бөлігі 80%-дан астам жүктелікпен жұмыс істейді.

2018 жылдың 6 айында 23 жаңа өнеркәсіп орындары іске қосылып, 8 өнеркәсіп нысандар өз өндірістерін кеңейтті, 740 жаңа жұмыс орны ашылған.

 

Жер қойнауын пайдалану

Басқармада кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына арналған 374 келісімшарт тіркелген.

Алматы облысында кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиясының 5 отырысы өткізілді және жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер бойынша жұмыс тобының 6 отырысы өткізілді.

Сауда

2018 жылдың қаңтар-маусым айлары бойынша Алматы облысының бөлшек тауар айналымы 165,2 млрд.тенгені, НИК – 108,2%-ды құрады, ол 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (141,5 млрд. тенге) 23,7 млрд.теңгеге өсті. Бөлшек тауар айналымының көлемін орындау жағынан облыс республика бойынша 3-ші позицияда (ҚР НИК – 105,6%).

Бөлшек тауар айналымы облыстың барлық аудан және қалаларымен орындалды.

2018 жылдың І жартыжылдығы бойынша облыс бойынша сауда және қызмет көсету саласында 16043 нысандар жұмыс істейді, оның ішінде дүкендер 9708, қоғамдық тамақтандыру 2096, тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету орындары 4155, базарлар 83, сол сияқты құрылған объектілерде 68,5 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Сыртқы сауда айналымы

Алматы облысы а.ж. әлемнің 89 мемлекетімен сауда-саттық жүргізуде. 41 мемлекетке тауар сатылса, 85 мемлекеттен тауарлар әкелінеді.

2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында Алматы облысының сыртқы сауда тауар айналымы 348,6 млн. АҚШ долларын құрады, экспорт 83,5 млн. АҚШ долларын, импорт 265,1 млн. АҚШ долларын құрады. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сыртқы сауда тауар айналымы 50,9 млн. АҚШ долларға жоғарылады, импорт 25,1 млн. АҚШ долларға жоғарылап, 110,5%-ды құрады, ал экспорт 25,8 млн. АҚШ долларға жоғарылады немесе 144,7%-ды құрады.

Тұтыну бағаларының индексі бойынша (инфляция)

Статистикалық ақпаратқа сәйкес 2018 жылғы маусым айындағы инфляция деңгейі 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 102,4%-ды (ҚР-102,6%), оның ішінде азық-түлік тауарларына 102,1%-ды (ҚР-102,9%), азық-түлік емес тауарларға 102,2%-ды (ҚР-102,5%), ақылы қызметтерге 103,1%-ды (ҚР-102,4%) құрады. Облыс көлеміндегі инфляция деңгейі республика көрсеткішінен 0,2%-ға, азық-түлік тауарлары бойынша 0,8%-ға төмен.

Кәсіпкерлікті дамыту

2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында статистика агентігінің мәліметі бойынша жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 113 692 бірлік немесе былтырғы жылдың тиісті мерзіміне 102,5% құрады (2017 жылы қаңтар-маусым – 110 887 бірлік).

2017 жылдан бастап кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асырылуда.

Бағдарлама аясында: шағын несиелеу, шағын несиеге кепілдік беру, қатысушыларды оқыту қолдау шаралары қарастырылған.

Жұмыссыздар мен кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар мен ауыл шаруашылығы кооперативтері Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

Шағын несие беру шарттары:

- микрокредиттің ең жоғары сомасы – 8 000 АЕК-ке дейін (19,2 млн.тенге);

- микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін – 7 жылға дейін;

- жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 %-дан аспайды.

Шағын несиелендіру мәселелері бойынша кәсіпкер жүгінеді:

ауылдық елді мекендерде (оның ішінде Талдықорған қаласының Еркін ауылы, Текелі қаласының Рудничный ауылы), шағын қалаларда - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ;

қалаларда (оның ішінде Талдықорған қаласы, Талдықорған қаласының Өтенай ауылы; Текелі қаласы)- «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдар.

 

Инвестициялар

2018 жылдың қаңтар-маусым айларына негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 204,7 млрд.теңгені құраса, нақты көлем индексі 109,7 % болды. 2018 жылдың жоспары – 570 млрд. теңге.

2017 жылғы қаңтар-маусым айларына қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар құрылымындағы негізгі үлес бюджеттік емес инвестицияға тиесілі – 170,2 млрд.теңге немесе 83,1% (жеке меншік нысанына – 145,9 млрд.теңге, банк несиелері - 8,2 млрд. теңге, басқа заемдық қаражаттар – 16,1 млрд. тенге), бюджеттік қаражаттар – 34,6 млрд. теңге немесе 16,9% (республикалық бюджет 8,4 млрд. теңге, жергілікті бюджет – 26,1 млрд. теңге).

ИИДБ жүзеге асыру бойынша

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, өңірлік кәсіпкерлікті дамыту картасында 322,8 млрд. теңгеге 55 жоба іске қосылып, 8685 жаңа жұмыс орны құрылды.

Алматы облысының 2015-2019 жылдарға арналған Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасында өзектендіру есебімен 3263 жұмыс орнымен жалпы сомасы 133,6 млрд. теңгені құрайтын 20 жоба бар.

2015 жылы 374 жаңа жұмыс орнының құрылуымен жалпы сомасы             6 681 млн. теңгеге 3 жоба іске қосылды (120 жаңа жұмыс орнының құрылуымен жалпы сомасы 3 700 млн.теңгеге «Абди Ибрагим Глобал Фарм» ЖШС-ны фармацевтикалық зауытының құрылысы; 250 жаңа жұмыс орнының құрылуымен жалпы сомасы 2 831 млн.теңгеге «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС-нің алюминий профильдерін шығару зауыты; 4 жаңа жұмыс орнының құрылуымен жалпы сомасы 150 млн.теңгеге «Алакөл-Көмір» ЖШС-нің Асфальтбетонды өндіру зауытының құрылысы).

2016 жылдың 6 желтоқсанында Ел басының қатысуымен өткен Телекөпір аясында 500 жаңа жұмыс орнының құрылуымен жалпы сомасы 8250 млн. теңгеге «Қуаттылығы жылына 400 мың тонна шойынды инновациялық технология бойынша шығару тау-кен қайта өңдеу нысаны құрылысы» «Bapy Mining» ЖШС нысанының құрал-жабдықтарын монтаждауды аяқтау және баптау мен қыздыру жұмыстарының басталуы туралы баяндалып, іске қосылды.

2017 жылы 670 жаңа жұмыс орнының құрылуымен жалпы сомасы            25 670 млн. теңгеге 4 жоба («Агро-Инвест-Каратал» ЖШС шошқа кешені базасында ет және шұжық өнімдері өндірісінің құрылысы; «Алматы Стекло» ЖШС шыны зауытының құрылысы; «Қарасай машина өндіру зауыты» ЖШС металконструкцияларды өндіру бойынша зауыты; «Нұрлы құс» ЖШС Нұрлы ауылында 2500 тонна қуаттылығында ет бағытындағы құс фабрикасын құру) іске қосылды.

2017 жылы 6 желтоқсанында Елбасының қатысумен өткен Телекөпір аясында «Қуаттылығы жылына 18 000 тонна металконструкция өнімін инновациялық технологиямен өндіру зауыты бойынша «Қарасай машина өндіру зауыты» ЖШС нысананың құрал-жабдықтарын монтаждауды аяқтау және құрылыс жұмыстарының басталуы туралы баяндалып іске қосылды.

2018 жылы 566 жаңа жұмыс орнының құрылуымен жалпы сомасы 25 107,7 млн.теңгеге 5 жобаның (400 жаңа жұмыс орнының құрылуымен жалпы сомасы 15 855 млн.теңгеге «Маревен Фуд Тянь - Шань» ЖШС тамақ өнімдерін өндіру зауыты; 50 жаңа жұмыс орнының құрылуымен жалпы сомасы 8 400 млн.теңгеге «Империя Фуд» ЖШС еткомбиннаты құрылысы; 42 жаңа жұмыс орнының құрылуымен жалпы сомасы 163,0 млн.теңгеге «As-Biba» ЖШС-нің керамзит өндіру бойынша зауытының құрылысы; 20 жаңа жұмыс орнының құрылуымен жалпы сомасы 174,5 млн.теңгеге «Жарсуат 2050-К» ЖШС-нің Алакөл ауданында темірбетонды сақиналар мен жиектер өндіру бойынша цех»; 54 жаңа жұмыс орнының құрылуымен жалпы сомасы 515 млн.теңгеге «АСЫЛ ТАУ ТАС» ЖШС-нің Плита және қабырға блоктарын шығаратын қиыршық тас зауытының қызметін ұйымдастыру) іске қосылуы жоспарланған.

Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына қосу үшін бизнес-жоспарды дайындау бойынша аудандар және қалалармен жұмыстар жалғасуда.

Индустриялық аймақтар мен өнеркәсіп алаңдары

Бүгінгі күнге облыс көлемінде 6 индустриялық аймақтарының (Қапшағай қаласында «Арна», Іле ауданында «Боралдай», Талғар ауданында «Қайрат», Жамбыл ауданында «Қазыбек бек» және Талдықорған қаласында «Талдықорған», Іле ауданында «Береке») және Қарасай ауданында «Шамалған» өнеркәсіп аймағының инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Талдықорған» индустриялық аймағы, жалпы көлемі – 594,9 га.

«Талдықорған» индустриялық аймағының құрылысы толығымен аяқталды және бүгінгі күні инвестициялық жобалармен толтыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Индустриялық аймақтың аумағында 70 кәсіпорынды орналастыру жоспарланған, оның ішінде бүгінгі күні 850 жұмыс орнының құрылуымен жалпы сомасы 15,5 млрд.теңгеге 6 жоба іске асырылуда.

«Береке» индустриялық аймағы, жалпы көлемі – 535 га.

Іле ауданындағы «Gate City» спутник қаласының аумағында «Береке» индустриялық аймағы құрылды, оның аумағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтылған: сумен жабдықтау - 20,2 км; электрмен жабдықтау - 60,4 км; газбен жабдықтау - 10,2 км; қазандық - 200 Гкал; жолдар - 10,3 км.

Дайын инфрақұрылымның негізінде 2017 жылы облыстық бюджеттен инфрақұрылым желісіне (сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету, су тарту және газбен жабдықтау) «Береке» ИА қосу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеуге 99,0 млн.теңге бөлінді.

Қазіргі таңда ЖСҚ әзірленді, ол мемлекеттік сараптамаға өткізу сатысында.

Сондай-ақ индустриялық аймақтың құрылысы үшін жер телімін алу бойынша жұмыс жүргізілуде. Барлығы құрылыс жұмыстарына 209 жер телімі жатады (көлемі 535 га), оның ішінде 185 жер телімі (442,7 га) сатып алуға жатады. Жер телімін сатып алу үшін 2018 жылы жергілікті бюджеттен 768,6 млн.теңге бөлінді.

Бүгінгі күні индустриялық аймаққа қатысу үшін 25 инвестициялық жоба мәлімделді, оның ішінде 1700 жұмыс орнының ашылуымен инвестиция көлемі 147,7 млрд.теңгенің 12 жобасы мақұлданды.

«Қайрат» индустриялық аймағы, жалпы көлемі –198 га.

«Қайрат» ИА бойынша сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сыртқы кәріз жүйесі, автомобиль жолы, су тарту, темір жол және электрмен жабдықтау нысандары бойынша ЖСҚ әзірленді.

2017 жылы сумен жабдықтау желісін жүргізу үшін Ұлттық қордан 761 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күні кестеге сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылы газбен жабдықтау, сыртқы кәріз жүйесі және теміржолдар нысандары бойынша республикалық бюджеттен 1,2 млрд.теңге бөлінді.

Қазіргі таңда газбен жабдықтау және теміржол жобалары бойынша конкурстық ресімдер өткізілді, оның қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Сыртқы кәріз жүйесі жобасы бойынша конкурс өткізу сатысында.

ИА аумағында қажетті инфрақұрылымды жүргізу аяқталғаннан кейін өтінімдерге сәйкес жалпы сомасы 18,3 млрд.теңгенің 8 инвестициялық жобасын орналастыру жоспарлануда, 676 жұмыс орны құрылады.

Қалған индустриялық аймақтар жобалау сатысында.

«Арна» индустриялық аймағы, жалпы көлемі – 1303 га.

Инфрақұрылым нысандарының кезең-кезеңмен құрылыс жұмысын жүргізу жоспарлануда. Бүгінгі күні ТЭН түзету бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бүгінгі күні ИА аумағында 773 жұмыс орнының құрылуымен 30,5 млрд.теңгеге 5 жоба іске асырылуда. Кипр инвесторларының қатысуымен «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС-ның азық-түлік өнімдерін өндіру бойынша зауыттың құрылысы жобасы іске асырылуда. Жобаның құны 15,9 млрд. теңге, 500 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Жобаны іске қосу 2018 жылдың 2-жартыжылдығына жоспарланған.

«Боралдай» индустриялық аймағы, жалпы көлемі – 601,8 га.

2017 жылы ТЭН әзірлеу аяқталды және «Мемсараптама» РМК-дан оң қорытынды алынды.

«Қазбек бек» индустриялық аймағы, жалпы көлемі – 961 га.

Жалпы сомасы 79,8 млн.теңгеге ТЭН әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын ала отырып, жұмысты аяқтау 2015 жылы 1 қазанда жоспарланған. Мердігерді жосықсыз өнім беруші деп тану үшін сотқа талап арыз берілді. Қазіргі таңда 75,8 млн.теңгеге жұмыс жүргізілді.

Өнеркәсіп алаңдары

Сонымен қатар 2014 жылы 19-20 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Алматы облысына жұмыс сапарының барысында берілген тапсырмаларды орындау бойынша Іс-шаралар жоспарына сәйкес жаңа өндірістерді орналастыру үшін инфрақұрылымды қамтамасыз ете отырып әр ауданда өнеркәсіп алаңдарын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өнеркәсіп алаңдарының инфрақұрылымын қаржыландыру Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 Қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

12 аудан бойынша (Ақсу, Алакөл, Балқаш, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Райымбек, Сарқан, Талғар, Ұйғыр, Панфилов, Текелі қ.) жер телімдері белгіленді. Қазіргі таңда инфрақұрылымның бар болуы (дамыту) және қажетті есептеулер мәселелері пысықталуда.

Бүгінгі күні 4 өнеркәсіп алаңдарында (Алакөл ауданы Үшарал қ. «Талапкер», Қаратал ауданы Үштөбе қ. «Үштөбе», Ұйғыр ауданында  Қарадала учаскесінде «Жылыжай кешені», Текелі қ. «Достық») инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Алакөл ауданы Үшарал қ. «Талапкер», Қаратал ауданы Үштөбе қ. «Үштөбе», Ұйғыр ауданында Қарадала учаскесінде «Жылыжай кешені» өнеркәсіп алаңдары бойынша ТЭН әзірленді және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Текелі қаласының өнеркәсіп алаңы бойынша ЖСҚ әзірленді және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Қазіргі таңда Ұйғыр ауданының өнеркәсіп алаңы бойынша ЖСҚ бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды (автомобиль жолдары, электрмен жабдықтау).

Алакөл ауданы Үшарал қ. «Талапкер», Қаратал ауданы Үштөбе қ. «Үштөбе» өнеркәсіп алаңдары бойынша ЖСҚ әзірлеу үшін жергілікті бюджеттен ақша қаражатын бөлу үшін бюджеттік өтінім берілді. ҚМЖ құны 69,1 млн.теңгені құрайды.

Текелі қаласы «Достық» өнеркәсіп алаңы бойынша 2018 жылға 916,4 млн.теңгеге республикалық бюджеттен ақша қаражатын бөлу үшін бюджеттік өтінім берілді.

 


Орналастырылған күні: 31.07.2018 11:37

Өзгертілген күні: 31.07.2018 11:41:32

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх