Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +32 oC

2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2018 жылғы (1 токсан) Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жұмысы туралы ақпарат.


2017 жылы 5 жобаның іске асырылуына 3,7 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 4 жоба сумен жабдықтау саласында (Ақсу ауданы - Көшкентал ауылы, Кербұлақ ауданы - Шұбар ауылы, және Талдықорған қаласында 2 жоба) 1 жоба жылумен қамту бойынша (Қапшағай қаласы).

Барлығы 2,1 млрд. теңге игерілді. Қалған қаражат ағымдағы жылы игерілетін болады. Сумен жабдықтау жобаларының бірі (Кербұлақ ауданы Шұбар ауылы) 2017 жылы аяқталды, нысан пайдалануға берілді.

Осы жобалардың іске асырылуы 39,1 км сумен жабдықтау желісін қайта жаңғыртуға және 21,0 км кәріз желілерін салуға мүмкіндік береді.

Барлығы 195,1 шақырым сумен жабдықтау желілері жаңғыртылып салынады, желілердің тозуы 30%-ға төмендеп, желілердегі жоғалтулар (потери в сетях) 2,5%-ға қысқарады.

2018 жылы сумен жабдықтау саласындағы 2 жобаны іске асыруға 744 млн.теңге бөлінді. Жоба бойынша 26,2 шақырым сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және салу және 29,0 мың тұрғын үшін сумен жабдықтау жүйесінің сапасын жақсарту қарастырылған.

Нәтижесінде Алматы облысында «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 290 мың адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді, 7 ауылда және 3 қалада 219 шақырым су және кәріз желілері жаңартылды.

2015 жылдан бастап «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы шеңберінде «ТҮКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ арқылы несиелеу желісі бойынша 6 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінді, 5 жоба бойынша жұмыстар аяқталды, Қапшағай қаласындағы жылу желілерін қайта жаңғырту жөніндегі 1 жоба бойынша аяқтау жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы 7,9 км жылу желілері және Қапшағай қаласындағы Заречный кентінде орталық қазандық салынды. Талдықорған және Қапшағай қалаларында 9,0 км жылу желілері қайта жаңғыртылды.

 2016 жылы Ұлттық қордан 10 жобаны іске асыруға 4,0 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде жылумен жабдықтау бойынша 866,8 млн.теңге сомаға 1 жоба бар. Талдықорған қаласындағы №4 қазандықты жаңғырту аяқталып, қуаты 21-ден 31 ГКал/сағ-қа ұлғайды, объект пайдалануға берілді.

2017 жылы Ұлттық қордан 3,9 млрд.теңгеге 5 жоба іске асырылуда, оның ішінде 4 жоба сумен қамтамасыз ету саласында және жылумен жабдықтау саласында 1 жоба, атап айтқанда 1,5 млрд. теңге сомаға «Алматы облысы Қапшағай қаласында ПТВМ-30МС 2 қазандығын ауыстырып, қолданыстағы КВГМ-30-150 қазандығын ауыстырып, КВГМ 30-150 жаңа қазандығын орнатып, ДСА 150 2 деаэраторын және технологиялық жабдығын ауыстырып «Қапшағайжылу» МКМ су жылыту қазандығы ғимаратын қайта жаңғырту» жобасы іске асырылуда.

Моноқалаларды дамыту – 2020 бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 1,4 млрд. теңге болатын Текелі қаласының  «Алатау» және «Алатау» шағын аудандарының  жылу желілерін қайта жаңғыртуды аяқтауға 325,2 млн. теңге бөлінді (республикалық бюджеттен 223,332 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 101,9 млн.теңге), 12,5 км  жылу желілері жөнделді.

Алакөл ауданы Үшарал қаласының (216,8 млн. теңге), Көксу ауданы Балпық би кентінің (226,4 млн. теңге) және Талдықорған қаласының (157 млн.теңге) жылу желілерін жаңғыртуға және салуға  облыстық бюджеттен 600,2 млн.теңге бөлінді.

Қуаттылығы 440 ГКал/сағ және 300 МВт болатын Талдықорған ЖЭО құрылысына ТЭН әзірлеу жалғасуда, алдын-ала есептеулер бойынша, құрылыс жұмыстарының құны 180,0 млрд. теңгені құрайды.

Сондай-ақ, сомасы 9,3 млрд. теңге болатын "Талдықорған қаласындағы Басқуат қазандығының құрылысы, кеңейтілуі және қайта жаңғыртылуы (1 кезең)" жобасы әзірленді, құрылысы жұмыстарын 2018 жылы республикалық бюджет есебінен бастау жоспарлануда.

 


 


Орналастырылған күні: 02.05.2018 15:18

Өзгертілген күні: 02.05.2018 15:19:07

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх