Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +18 oC
2019 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2019 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2019 жылы құрылыс саласына бөлінген бюджет көлемі 53,9 млрд. теңге . Оның ішінде:

- республикалық бюджеттен – 17,3 млрд. теңге;

- жергілікті бюджеттен – 36,6 млрд. теңге.

Бөлінген қаражат есебінен 543 нысанның құрылысы жоспарланған, оның ішінде: пайдалануға берілетіні 420 нысан, 123 нысан 2020 жылға өтпелі:

- республикалық бюджеттен – 67 нысан (9 мектеп, 4 денсаулық сақтау, 32 тұрғын үй, 21 инженерлік желілер, 1 қоршау бөгеті);

       - жергілікті бюджеттен -– 476 нысан (10 білім беру, 11 денсаулық сақтау, 380 тұрғын үй, 35 инженерлік желілер, 2 мәдениет, 8 коммуналдық шаруашылық, 21 ішкі істер органдары, 9 спорт);

Бірінші тоқсанда бөлінген 7,6 млрд. теңгенің 99,2% игерілді, оның ішінде басқарма бойынша 5,6 млрд.теңге немесе 99,5% игерілді.

 

2019 жылы 19 мектептің құрылысына (14 - мектеп, 1 – мектеп интернатқа жапсаржай салу, 4 – жатақхана) республикалық және жергілікті бюджет есебінен 9,9 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде:

- республикалық бюджеттен – 4,4 млрд. теңге

- жергілікті бюджеттен – 5,5 млрд. теңге

2019 жылы 8 мектепті пайдалануға беру жоспарланған (6 - мектеп, 1 –мектеп интернатқа жапсаржай салу, 1- жатақхана), 11 нысан 2020 жылға ауыспалы.

I тоқсанға бөлінген 989,9 млн.теңгенің 974,6 млн.теңге немесе 98,5% игерілді.

 

Мемлекет басшысының "Жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру және Студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту" атты 3-ші бастамасын іске асыру бойынша әлемдік стандарттар бойынша білім беру жүйесін құра отырып, студенттердің оқу және өмір сүру жағдайларына тиісті көңіл бөлу қажет. Осы міндетті шешу үшін жатақханалар салу бойынша жұмысты өрістету жоспарлануда.

Осыған байланысты облыста Талғар, Еңбекшіқазақ, Қаратал аудандарында және Талдықорған қаласында 1930 орындық (ЖОО – 500 орындық, ПТЛ – 1430 орындық) 9 жатақхананың (ЖОО – 1, ПТЛ – 8) құрылысы жоспарланған.

Ағымдағы жылы "Талдықорған қаласының ЖМУ студенттері үшін жатақхана ғимаратының құрылысын аяқтау" нысанының (сыртқы инженерлік желілер мен абаттандырусыз) 288 орындық құрылысына жергілікті бюджеттен 2,2 млрд.теңге бөлінді. Бүгінгі күні бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Облыстың 34 мектебінде үш ауысымды оқытуды жою үшін 30 мектеп салу жоспарланған, оның ішінде:

-         7 мектеп бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде;

-         2 мектеп бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы бар;

-         21 мектеп бойынша ЖСҚ әзірленуде;

-        4 мектеп бойынша құрылыс талап етілмейді (құрылысқа жоспарланған мектептер есебінен шешілетін болады).

2019 жылы 15 денсаулық сақтау нысандарының (9 - ДА, 1 - емхана, 2 - перзентхана, 1 - аурухананың сейсмотұрақтылығын күшейту) құрылысына         7,4 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде:

-        республикалық бюджеттен – 4,6 млрд. теңге (4 нысан) .

-        жергілікті бюджеттен – 2,1 млрд. теңге (11 нысан) .

2019 жылы 11 нысан пайдалануға беру жоспарланған (9-ДА, 1-перзентхананы қайта құру, 1- аурухананың сейсмотұрақтылығын күшейту), 4 нысан 2020 жылға ауыспалы.

I тоқсанға бөлінген 812,9 млн.теңгенің 782,9 млн.теңге немесе 96,3% игерілді.

Ағымдағы жылы жоспарға сәйкес барлық қаржыландыру көздері есебінен 784,5 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда, оның ішінде бюджеттік қаражат есебінен 79,3 мың шаршы метр, оның ішінде:

Несиелік тұрғын үй 42,1 мың ш.м. (458 пәтерлік 18 үй). 2019 жылы ҰФ 2,8 млрд. теңге қарастырылған;

Жалгерлік тұрғын үй 32,0 мың ш.м. (405 пәтерлік 273 үй). 2019 жылы бұл мақсатқа 5,0 млрд.теңге қарастырылған (РБ 1,8 млрд.теңге, ЖБ 3,2 млрд.теңге);

Коммуналдық түрғын үй 5,2 мың ш.м. (61 пәтерлік 42 үй). 2019 жылы бұл мақсатқа жерг жергілікті бюджет есебінен 0,8 млрд.теңге қарастырылған.

Коммерциялық тұрғын үй (жеке құрылыс салушылардың қаражаты есебінен) алаңы 68,2 мың ш. м. (1184 пәтерлік 35 үй);

Жеке тұрғын үй құрылысы (халық қаражаты есебінен) ауданы 637,0 мың ш. м.

Облыс бойынша 2019 жылдың 1-тоқсанында барлық қаржыландыру көздері есебінен 159,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берілді, оның ішінде:

 

-        Бюджет қаражаты есебінен – 6,7 мың шаршы метр (Талғар ауданы Талғар қаласында 60 пәтерлі кредиттік тұрғын үй 5,3 мың шаршы метр, Ақсу ауданы Жансүгіров кентінде 20 жалға берілетін жеке тұрғын үй 1,4 мың шаршы метр);

-        Жеке құрылыс салушылар есебінен - 6,5 мың шаршы метр;

-        Халық қаражаты есебінен – 145,5 мың шаршы метр.

2019 жылдың 1 тоқсанына тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 100,6% орындалды.

I тоқсанға бөлінген 575,7 млн.теңгенің 100% игерілді.

2019 жылы 2 мәдениет нысандарының құрылысы жопарланған (1-драма театр, 1-мәдениет үйі). Жергілікті бюджеттен 473,7 млн.теңге бөлінді.

2019 жылы 2 нысанды пайдалануға беру жоспарланған (1-драма театр, 1-мәдениет үйі).

Жергілікті бюджет есебінен 473,7 млрд.теңге бөлінді.

I тоқсанның қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражат қарастырылмаған.

2019 жылы 9 спорт нысанының құрылысы жоспарланған (1-жүзу бассейні, 1-жабық манеж, 7-дене шынықтыру-сауықтыру кешені - Кеген, Жансүгіров, Нарынқол, Балпық би, Шамалған, Қапшағай, Райымбек ауылында).

Жергілікті бюджеттен 11,5 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде мемлекеттік-жеке серіктестік есебінен 3 нысан салынады (1-жүзу бассейні, 2- дене шынықтыру-сауықтыру кешені - Шамалған, Райымбек ауылында)

3 дене шынықтыру-сауықтыру кешенді пайдалануға беру жоспарланған (Кеген, Жансүгіров және Шамалған ауылдарында).

6 нысан 2020 жылға ауыспалы (1-жүзу бассейні, 1-жабық манеж, 4-дене шынықтыру-сауықтыру кешені)

I тоқсанға бөлінген 2,8 млрд.теңгенің 100% игерілді.

 

2019 жылға 9 коммуналдық шаруашылық нысанының құрылысы жоспарланған (1- әкімдік, 4-әкімшілік ғимараттар, 1– Азаматтарға арналған үкімет,1 - ХҚКО, 1 - ҰҚК ғимараты, 1-Алакөл ауданының жағалауын бекіту)

Жергілікті бюджеттен 730,9 млн.теңге бөлінді, оның ішінде мемлекеттік-жеке серіктестік есебінен Райымбек ауданының Нарынқол ауылында 3 әкімшілік ғимарат салынады.

5 нысан пайдалануға беру жоспарланған (1-Талғар ауданының әкімдігі, 4-Шамалған және Нарынқол ауылдарындағы әкімшілік ғимараттар), 4 нысан 2020 жылға ауыспалы.

I тоқсанның қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражат қарастырылмаған.

2019 жылы ішкі істер органдарының 21 нысанының құрылысы жоспарланған (16 тірек пунктері, 1-мем. орган, 1 - шақыру пункті, 1 - АІІБ жапсаржай , 1-ЖБО, 1-Тир)

Жергілікті бюджет есебінен 689,1 млн.теңге бөлінді.

21 нысан пайдалануға беру жоспарланған (16 тірек пунктері, 1-ЖБО, 1-Тир).

I тоқсанға бөлінген 125,9 млн.теңгенің 100% игерілді.

 


Орналастырылған күні: 03.05.2019 12:02

Өзгертілген күні: 03.05.2019 12:03:05

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх