Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +8 oC
2017 жылдың өткен 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі

2017 жылдың өткен 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі

Облыстың жер қоры 22 млн 358 мың га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық алқаптары –15 млн  844 мың га, оның 1 млн 070 мың га егістік, 484 мың 909 га - суармалы егістік, көпжылдық екпелер - 31 мың 136 га, тыңайған жер - 106 мың 291 га, шабындық - 469 мың 090 га, жайылым - 14 млн 160 мың га және бау-бақша мен қызметтік мақсаттарға арналған жер - 6 мың 806 га. 

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 09 қыркүйегіндегі тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовпен бекітілген «Жер қатынастарын реттеу саласындағы 2017-2019 жылдарға арналған жұмыс жоспарына» сәйкес, облыс аумағында 2017 – 2019 жылдары жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жеріне құжаттық түгендеу (ревизия) жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 

Аталған жұмысты іске асыру мақсатында облыс, аудан, қалалар деңгейінде комиссиялар құрылып, тиісті іс – шаралар атқарылуда.
Сонымен қатар, Елбасы Жолдауында жерді пайдалану тиімділігін арттыру көзделген. Атап айтқанда, Республика бойынша суармалы егістік алаңын бес жыл ішінде 40%-ға кеңейтіп, 2 млн гектарға жеткізу жоспарланған.
Аталған тапсырманы орындау мақсатында облыс деңгейінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, 126,684 гектар айналымнан шығып қалған суармалы жерлерді қайта айналымға енгізу мақсатында пилоттық жобамен  6 ауданның (Ақсу, Алакөл, Ескелді, Көксу, Панфилов, Ұйғыр) Ислам Даму банкісінің қаражатымен суару жүйелерін қайта жаңғырту құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Бүгінгі таңда  суармалы егістің көлемін кеңейтуге облыста ішкі резервтер бар. Атап айтқанда, жер пайдаланушылардың өтініштері негізінде неғұрлым бағасы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарын  суармалы егістікке ауыстыру, жайылымдық және тәлімді жерлерді суармалы егістік ретінде пайдаланып жүрген жер пайдаланушыларды анықтап, есептік құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізу болып табылады.
Бұдан бөлек, 2016 жылғы 15 наурызындағы № 31  облыс әкімінің өкімімен облыс аумағында ауыл шаруашылығы, коммерциялық мақсатындағы жерлерге, жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жерлерге түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін комиссия құрылып, іс - шаралар жоспары бекітілді.
Аталған комиссия жұмысы нәтижесінде 2017 жылы пайдаланылмай жатқан көлемі 152,7 мың га пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталды. 

Қабылданған шаралар нәтижесінде 5,9 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды, 30,8 мың га жердің иелері жерлерін пайдалануға кірісті, 43,6 мың га жер иесіз мүлік ретінде есепке алынды, 17,5 мың га жердің материалдары жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен қаралуда.
Аталған бағыттағы жұмыстар облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен атқарылуда.
Тұрақты жұмыс комиссиялармен пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар жалғастырылуда. 

 «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» 

Автомобиль құрылысы белдеуіне 939 жер учаскелері енген (690,6 га), оның сатып алуға жататыны 722 учаске (639,08 га), (Іле ауданы - 197 уч., Талғар ауданы - 186 уч., Қарасай ауданы - 339 уч.).
Жер учаскелерін иеліктен шығару барысында 580 жер учаскесі (334,2 га) жалпы сомасы 9,2 млрд. теңгеге сатып алынды (Қарасай ауданы - 232 уч., Іле ауданы - 188  уч., Талғар ауданы -160 уч.), 27 жер учаскесінің меншік иелеріне тең бағалы жер учаскелері берілді (Талғар ауданы), 114 жер учаскесі жер пайдаланушылармен мемлекет меншігіне өз еркімен қайтарылды (Қарасай ауданы - 79, Іле ауданы - 9, Талғар ауданы -26).
Қалған 1 жер учаскесі бойынша 2017 жылдың 25 қыркүйегінде мамандырылған ауданаралық сотының 2 млн 747 мың теңгеге  шешімі шықты. Меншік иесі «Табыс-2005» ЖШС аппеляциялық сот алқасына шағымданды. Сот отырысы 2017 жылдың 09 қарашасында тағайындалды. 

 

«Алматы-Бішкек» автомобиль жолы 

  Республикалық маңызы бар «Алматы - Бішкек» автомобиль жолының «Алтын Орда» базары аумағындағы учаскесін жаңғырту үшін қажетті жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою жұмыстары жалғастырылуда.
Жаңғырту жүргізілетін белдеуге барлығы 53 жер учаскесі түседі (көлемі-4,5484 га), оның ішінде 5 жер учаскесі мемлекет меншігінде (көлемі-0,1263 га). 48 жер учаскесі сатып алуға жатады (көлемі-4,4221 га). Оның ішінде 13 жер учаскесінің (1,2214 га) құжаттары аудандық сотқа жолданды ( 119,2 млн), 25 жер учаскесінің (2,758 га) меншік иелерінің келісімі алынды (442,6 млн), 2 жер учаскесін иеліктен шығару бойынша сот шешімі қабылданды (0,0665 га). Сот шешімдері күшіне енуіне қарай аталған жер учаскелері сатып алынатын болады ( 2,5 млн теңге),8  жер учаскесінің (0,4023 га)  меншік иесі өз еркімен бас тартты  (7,2 млн).
 «Appraisement» ЖШС бағалаушы компаниясы мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын жер учаскелерінің құнын 571 538 мың теңгеге бағалады.
Облыс әкімдігі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне  2017 жылдың 15 мамырында №03-37/4569 хатпен бюджеттік өтінім жолдаған.

Бүгінгі күні, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне  2017 жылдың 18 тамызында  2017 жылдың аяғына дейін 24 меншік иелеріне  өтемақы төлеу туралы 445 853 664 теңгеге қосымша бюджеттік өтінім жолданды. 


  Іле ауданы аумағындағы «Гейт Сити» индустриалды аймақтың құрылысы 

«Береке» индустриялық аймақтың құрылысына барлығы 209 жер учаскесі (көлемі 535 га) түседі, оның ішінде сатып алынуға жататыны 188 жер учаскесі (442,5 га). Оның ішінде 38 жер учаскесі (233,9 га)  босатылды (323,2 млн теңге),1 жер учаскесі (6,36 га) меншік иелері бағалау құнымен келісті (301млн), 25 жер учаскесі (95,1га)  меншік иелері тең бағалы жер учаскесін алуға келісім берді (87,8 млн теңге)(оның ішінде 19 жер учаскесі кепілде тұр), 3 жер учаскесінің (11,5 га) материалдары сот қарауында (5,1 млн теңге), 8 жер учаскесін иеліктен шығару бойынша сот шешімі қабылданды (34,8 га). Сот шешімдері күшіне енуіне қарай аталған жер учаскелері сатып алынатын болады (құны 241,4 млн теңге), 2 жер учаскесі (14,6 га) меншік иелерімен келіссөз жұмыстары жүргізілуде (57,9 млн теңге), 111 жер учаскесі (46,2 га) бағалау жұмыстарын жасау үшін конкурс жарияланған.
Жер учаскелерін сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 1 016,4 млн. теңге қаражат бөлінді. Қаржыландыру жоспарына сәйкес, оның игерілуі қыркүйек және қазан айларына жоспарланған. 


 Талдықорған қаласындағы заманауи бассейн құрылысы. «Ирбис» 

«Жастар» саябағының маңынан сатып алынуға жататын көлемі 4,25 га құрайтын 11 жер учаскесі анықталды. Жер учаскелерінің меншік иелері анықталып, жоспарлау – картографиялық материалдары әзірленді. Жер учаскелерін иеліктен шығару туралы Талдықорған қаласы әкімдігінің қаулысы қабылданып, әділет органында тіркелді.
Қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан бағалаушы компания (жеке кәсіпкер «Бағалау») анықталды. Жалпы алынуға жататын 11 жер учаскесі жатады (3,5104 га, сомасы 795  823 733 мың теңге).
Осыдан кейін, қала әкімдігінің 2017 жылдың 03 тамызындағы қаулысына сәйкес 4 меншік иелеріне (1,2648 га) қатысты мемлекет мұқтаждығы үшін жер учаскелерін сатып алу жұмыстарын тоқтату туралы қаулысы қабылданды (191 млн 702 мың теңге). 

Бүгінгі күні сатып алуға 7 жер учаскесі (2,2456 га) жатады (604 121 733 мың теңге). Оның ішінде 4 жер учаскесінің (0,9523 га) меншік иелерінің келісімдері алынып, сатып алынды (387 900 733 мың теңге), 2 жер учаскесі (0,397 га) Талдықорған қалалық сот қарауында (51 млн 647 мың ), 1 жер учаскесі (0,8963 га) мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот қарауында (164 млн 574 мың). 


Талдықорған қаласындағы Оңтүстік-Батыс тұрғын аймағы 

Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы Талдықорған қаласы әкімідігінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 41-656 қаулысы қабылданған.
Нәтижесінде, қаланың Оңтүстік-батыс тұрғын аймағындағы 33 жер учаскесін (көлемі 54,4 га) алып қою бойынша тәуелсіз бағалау компаниясымен бағалау есептері әзірленді (977,0 млн теңге).

Қалалық әкімдік тарапынан барлық 33 жер учаскелерінің бағалау актілері республикалық бағалаушылар палатасына ұсынылып, эксперттік сараптама нәтижесі алынды. 22 жер учаскесі (38,54 га) сатып алынып (706,6 млн теңге), 2 меншік иелеріне (1,51 га) тең бағалы жер учаскелері ұсынылды (0,37 млн), 7 жер учаскесі (12,92 га) бойынша материалдар сот органдарының қарауында (30,0 млн), 2  жер учаскесі (3,0 га) сот шешімі шықты ( 4,8 млн). 

Талдықорған қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының әкімшілік ғимаратына кіре беріс жолының құрылысы
«Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының әкімшілік ғимаратына кіре беріс жолының құрылысына көлемі 6,66 га құрайтын 11 жер учаскесі түседі. Бүгінгі таңда бағалау жұмыстары аяқталып (246,6 млн теңге), меншік иелерімен келіссөздер жүргізілуде. 

«Азаматтарға арналған үкімет» әкімшілік ғимаратын қайта құрылымдау» бойынша ЖСҚ дайындау үшін 2016 жылы 20 қазанда № 9-49 облыстық маслихаттың шешімімен 100,0 млн.тг. қаражат бөлінді. 

Тапсырыс беруші мекеме «Алматы облысының құрылыс басқармасы» ММ-сі аталған нысанның жұмыс жобасына мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Конкурстың қорытындысы бойынша жеңінпаз болып «Ақжол- 2» ЖШС анықталып, келісім шарт жасалды.
 


Орналастырылған күні: 26.10.2017 10:19

Өзгертілген күні: 26.10.2017 10:24:11

Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх