Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +10 oC

2018 жылдың 9 ай қорытындысы

Жастар саны

2018 жылы Алматы облысы бойынша Статистика департаментінің мәліметтері бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 418 074 адамды құрайды, оның ішінде –95 316-і қалалық жерлерде, 332 758-і ауылда тұрады.

Қаржыландыру

2018 жылға мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 565,5 млн.теңге бөлінді.

Штат саны

Жастармен жұмыс атқару мақсатында облысымызда жастар саясаты мәселелері басқармасы және 1 облыстық, 19 аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтарында 123 қызметкер жұмыс жасайды.

Барлық құрылымдар тиісті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген. Талдықорған қаласында 2016 жылдан бері «Жастарға қызмет көрсету орталығы» жұмыс істейді.

Сондай-ақ ауылдық округ әкімдіктерінің құрылымында жастар саясаты мәселелері бойынша ауыл жастарымен жұмыс істеу үшін 253 нұсқаушы қызметкері бар. Бүгінгі таңда әрбір ауылдық округте бір нұсқаушы жұмыс істейді.

Жастар үкіметтік емес ұйымыдары

Облыста 67 жастар үкіметтік емес ұйымдары тіркеліп, оның ішінде 25 ұйым белсенді жұмыстар атқаруда. 2018 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 8 жобаны іске асыруға 31 млн. теңге қаржы бөлінді.

Лот атаулары:

1.«SUMMER CAMP – 2018» жастар активінің жазғы мектебін ұйымдастырып өткізу.

2.Алматы облысында КВН-ді дамыту.

3.Алматы облысындағы жастардың дебаттық қозғалысын дамыту.

4.Алматы облысындағы жастардың еріктілер қозғалысын дамыту.

5.Алматы облысында полицияға қолдау көрсетуші студенттік жасақтарды құру және жұмысын ұйымдастыру.

6.Алматы облысының жастары арасында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру мен нығайту бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру

7.Алматы облыстық, аудандық және қалалық жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлеріне әңгімелесуден өту және жастарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша оқыту курстарын ұйымдастыру және өткізу. Алматы облысының жастарына облыстық, аудандық және қалалық жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлерімен әңгімелесуден өту және жастарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша Алматы облысының жастарына кеңес беруді ұйымдастыру.

8. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі міндеттерін түсіндіру бойынша көшпелі шаралар ұйымдастыру және өткізу.

Жастардың білімі

«Облыс көлемінде 3 ЖОО және 74 кәсіптік, техникалық (41 мемлекеттік, 33 жеке меншік) оқу орындары бар. Студенттер саны 43974 құрайды. (ЖОО-11283,ТжКБ-32691).

Жоғары оқу орындарында 65 мамандық және ТжКБ оқу орындарында         75 мамандық, оның ішінде ауыл шаруашылығы, құрылыс, заңгер, қаржыландыру бойынша білім алады. Облыста 43 жатақхана бар.

Облыстың ЖОО мен ТжКБ мекемелерінде 58 жастар ісі жөніндегі комитеттер қызмет атқаруда. Сонымен-қатар, ағымдағы жылдың тамыз айында студенттік өзін - өзі басқару органдарының жұмысын жандандыру мақсатында басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ЖОО-ның және ТжКБ мекемелерінің жастар ісі жөніндегі комитет мүшелеріне, облыстың белсенді жастарына арналған «SUMMER CAMP-2018» жастар активінің жазғы мектебі ұйымдастырылды.

Жазғы мектеп қорытындысы бойынша басқарма ауылдық жерлердегі жастарды өзін-өзі басқару қызметіне, тартуды жоспарлап отыр.

Әр оқу орындарында жастар ісі жөніндегі комитетері құрылды. Ортақ типтік ереже бекітілді.

«Түлектер тақтасы»

2017 жылдан бастап республика көлемінде «Түлектер тақтасы» жобасы жүзеге асуда. Жобаның мақсаты түлектерге жұмысқа орналастыруға қолайлы жағдай жасауға, жас мамандар қажеттіліктерін көрсету, ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу үшін бағытталған.

Жобаның тұжырамдамасына сәйкес 3 жоғары оқу орындары және  4 кәсіби-техникалық оқу орындарында студенттер мен түлектерге арналған ақпараттық стендттер орналасқан.

NEET көрсеткіші

Алматы облысындағы 15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санының NEET көрсеткіші (оқымайтын, жұмыс істемейтін және кәсіби біліктілігін арттырмайтын жастар) үлесі 2018 жылғы ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша Алматы облысында 6%-ды құрады. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3%-ға төмендеуі байқалады.

2018 жылғы 1 тамыздағы облыстың аудандары мен қалаларының әкімдіктерінің деректері бойынша 1967 жас азаматтың жұмыссыз және білімдері жоқ, яғни олар NEET тобына жатады.

Бүгінгі күні ауылдық елді мекендер мен қалалар NEET санындағы жастарды анықтау жұмыстары жалғасын табуда.

Қылмыс және суицид

Алматы облысы ішкі істері департаментінің статистикалық мәліметі бойынша жыл басынан 2780 қылмыс тіркелді. Жыл басынан жастар арасындағы қылмыс, суицид, девиантты мінез-құлықты алдын алу үшін 80-нен астам іс-шаралар жүзеге асырылды, 10 000 адам қамтылды.

2018 жылдың 8 айлық қортындысы бойынша жастар арасында 55 суицид және 47 суицидқа әрекет жасау тіркелді.

Ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қоғамдық тәртіпті сақтау органдары өкілдеріне жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарына ықпал ету, көмек көрсету мақсатында «Алматы облысында полицияға қолдау көрсетуші студенттік жасақтарды құру және жұмысын ұйымдастыру» жобасы жүзеге асырылды.

Аталған жоба аясында облыстың 29 мемлекеттік колледжі және 2 жоғары оқу орны қамтылды. Жобаға жалпы 300 студент атсалысады. Арнайы штаб құрылып, оның жетекшісі анықталды. Студенттер арнайы куәлікпен, кеудешемен, бас киіммен қамтамасыз етіледі.

Неке және ажырасу

Алматы облысы бойынша 3 тоқсанда 2861 жастар некеге тұрса, 605 жас ажырасып кетті. Жыл сайын облыс көлемінде отбасылық құндылықтарын насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайтуға бағытталған «Отбасы сағаты» акциясы, «Ұрпақтар сабақтастығы» кездесулер өткізілді.

7 қыркүйек күні Көксу ауданында дәстүрлі облыстық «Мәңгілік ел – Мәңгілік отбасы» жас отбасылар байқауы өтті. Байқауға 13 отбасы қатысты. Қатысушылар бағалы сыйлықтар және сертификаттармен марапатталды.

Деңсаулық және спорт

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметтері бойынша облысымыздағы тұрғындардың жалпы санынан 28,4 % спортпен шұғылданады. Спортпен айналасуға облысымызда 3439 спорттық құрылғылармен қамтамасыз етілген. (2 спорт сарайы, 23 стадион, 24 спорттық кешен, 12 спорт кешендер нысандары, 248 атқыштар ауқымдары, 831 спорт залы, 48 бассейндер, 2020 жазық ғимараттарды , 2 УТЦ, 2 шаңғы базасы, 19 хоккей корты, 2 яхта клубы, 1 мұз айдыны, 28 теннис корты, 7 ипподром, 166 салынған спорт залдары) бар.

Бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 100-ден астам спорттық іс-шара өткізілді, 10 мыңнан астам адам қамтылды.

Денсаулығын сақтау үшін кешенді медициналық-әлеуметтік, психологиялық көмек көрсетуде мақсатында 2018 жылдың мамыр айында 6 аудандарында (Ақсу, Алакөл, Ескелді, Жамбыл, Қаратал, Ұйғыр) және 3 қаларында (Қапшағай, Текелі, Талдықорған) Жастар денсаулық орталықтары ашылды. Орталықтарда заңды кеңесшілер және дәрігерлер (гинеколог, уролог, психолог, дерматология, СПИД жөніндегі дәрігер) жұмыс істейді.

Жастарды жұмыспен қамту

2018 жылдың 2 тоқсанында статистикалық деректері бойынша облыста жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрайды.

Бүгінгі күні жастарды жұмыспен қамтамасыз ету шаралары «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жж «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесі бойынша 2018 жылдың  9 айылық қортындысы бойынша 29 жасқа дейінгі 15237 жас жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз етілген. Тұрақты жұмысқа 12803 адам орналасты.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту  2017-2021 жж «Еңбек» бірінші бағыты шеңберінде электрик, шаштараз, тігінші, бала күтуші және т.б мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен жастар қатарынан 1933 адам қамтылды. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадырларды дайындау бойынша 1535 адам қамтылды.

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде жастар санаты қатарынан 456 адам «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, 45 азамат шағын несие алды.

Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша қоғамдық жұмыстарға 1 млрд. 240 млн. теңге қаржы бөлініп, 1990 жас жолдама алды.

Аталған бағдарлама шеңберінде облыс бойынша 2018 жылға жастар тәжірибесіне республикалық бюджеттен 450,5 млн. теңге қаражат бөлініп жыл басынан бері 1587 жас түлек тәжірибе өтуде.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына облыс бойынша 280 адам жолдама алды. Республикалық бюджетен 318 млн. теңге қаражат бөлінді.

«Дипломмен ауылға!»

Ағымдағы жылда «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы шеңберінде 271485,0 теңге 571 маманға көтерме жәрдемақы қарастырылған. 2018 жылдың  3 тоқсанда 571 маман көтерме жәрдемақы алды. Оның ішінде білім саласы бойынша - 406, денсаулық сақтау - 105, мәдениет саласы- 8, спорт – 9, әлеуметтік саласы - 4 және 39 агроөнеркәсіп саласы.

Сонымен қатар «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы шеңберінде 1 343 898,0 теңге 372 маманға несие қарастырылған. 2018 жылдың  3 тоқсанда 371 маман несие алды. Оның ішінде білім саласы бойынша - 246, денсаулық сақтау - 86, мәдениет саласы- 5, спорт – 5, әлеуметтік саласы - 4 және 25 агроөнеркәсіп саласы.

«Жасыл ел»

2018 жылы «Жасыл ел» жобасын жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 52 млн. 669 мың теңге бөлінді. «Жасыл ел» аймақтық штабы ағымдағы жылдың маусым айынан бастап XIV маусымдық жұмысын бастады. Маусым-қыркүйек айларында 1875 жас жұмысқа орналасты.

Бүгінгі таңда барлық сарбаздарға еңбек формалары мен құралдары ұсынылған. Әрбір сарбаз 56 981 теңгені құрайды жалақы алады.

Жастар жолы

Жастардың бос уақытын, рухани дамуын және спортты дамытуға жағдай жасауға бағытталған 2018 жылы «Жастар жолы» жобасын іске асырылды. Жұмыс барысында жастар үшін мәдениет үйірмелерін, спорт секцияларын және бос уақытты өткізу орталықтарының құрылысын ұйымдастыру үшін бос орындар анықталды: 37 нысан (негізінен иесіз), ағымдағы және күрделі жөндеуді талап ететін, 205 түрлі бөлімдер мен үйірмелерге арналған кеңселер. Ауылда 47 ашық спорт алаңы (шағын футбол алаңдары, көше тренажерлері), 11 саябақ салу және 98 мәдени орталықты жөндеу қажеттілігі анықталды. Спорт секцияларында, ауылдық жерлердегі мәдени және демалыс орталықтарында қызметкерлердің (хореографтар, музыканттар, түрлі спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар) жетіспеушілігі бар.

Бүгінгі таңда 10 аудан мен қалада 11 жоба жүзеге асырылуда. 56,7 млн. теңгеге 983 спорттық жабдықтар мен техника сатып алынуда.

Жыл басынан бері жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатынд 18 орталық ашылды. Оның ішінде 4 күрес бөлмесі, 5 жаттығу залдары, 4 коворкинг орталығы, 2 интернет кітапхана, 2 фотостудия қызмет көрсетуде.

Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша шамамен 40 мыңға жуық ауыл жастарының бос уақытын қамтамасыз етіледі деп күтілуде

Іс шаралар

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының жоспарына сәйкес 3 тоқсанында қала, аудандаында 492 іс-шара өтті. Оңың ішінде 138 акция, 108 мәдени шара, 101 спорттық шара және 145 кездесу өтті.

Облыс көлемінде жастар арасында патриоттық сезімді насихаттау, рухани-адамгершілікті қолдау, жастардың мәдени және шығармашылық өнерлерін дамыту мақсатында 2018 жылдың тамыз айында «JETISУ STYLE» облыстық жасөспірімдер фестивалі өтті. Фестивальда 25 түрлі конкурстық, ойын-сауықтық алаңдар ұйымдастырылды. Жастарға арналған шығармашылық фестивальда «Dancebattle» конкурсы, «MADE IN JETISY» атауымен қолмен жасалған сауда-саттық туындыларының көрмесі, ролик, скейтборд, бампербол, секцияларына арналған сахналарды, поэзия кеші, жасөспірімдердің домбыралық оркестрі, және т.б. зоналар құрылды. Шараға жалпы 10 000-нан астам адам қатысты.

Сондай-ақ, «Open air Cinema» жобасы аясында жаз бойы ашық аспан астында жастарға тегін кино көрсетілді.

Жастар арасында шығармашылық өнерлерін дамыту мақсатында әлеуметтік мемлекеттік тапсырысының шеңберінде Талдықорған қаласында Алматы облысы әкімінің кубогы үшін КТА фестивалі өтті. «Жайдарлы Жетісу» КТА фестиваліне 5 мыңға жуық көрермен жиналды. Іс-шара алдында отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Алматы облысы әкімінің кубогіне қатысу үшін Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Алматы қаласынан қатысушылар келді. Қазылар алқасының шешімімен фестивальдің жеңімпазы болып «ШУ-ЧУ» командасы атанды. Фестивальдің жүлдегерлері мен қатысушылары ақшалай сыйлықтармен марапаталды.

Мемлекеттік бағдарламалар мен бағыттары бойынша

Жастарға қызмет көрсету орталығында 9 айлық қортындысы бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында 556 адам, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша – 60 адам, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 123 адам, «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы аясында 670 адам және «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша 230 адам, «Кәсіптік және техникалық білім беру» - 335 азаматқа кеңес беріліп, түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Психологиялық кеңес алғандар - 32. Жастар ісі жөніндегі комитет бойынша – 50. Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп кеңес алғандар саны – 250. Интернет кітәпханаға келген адамдар – 570.

Барлығы – 2876 адам кеңес алды. Онлайн режимде кеңес алғандар саны – 295 адам. Барлық келіп кеңес алған және онлайн режимде кеңес алғандар саны – 3171

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының «Вконтакте», «Instagram», «Facebook», «Youtube», «Twitter» желілеріндегі ресми парақшалары тіркелген. Осы парақшаларда жоғарыда көрсетілген шаралар тұрақты түрде жарияланып тұрады.

Мемлекеттік жастар саясаты жүзеге асыру жұмыстары ерекше бақылауда.


Орналастырылған күні: 22.10.2018 15:08

Өзгертілген күні: 22.10.2018 15:11:55

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх