Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +19 oC
2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Алматы облысындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы

Облыс бойынша 103 ұлт өкілдері, 71 этно – мәдени орталықтар,  552 үкіметтік емес ұйымдар, 5 салалық кәсіподақ бірлестіктері, 107 бұқаралық ақпарат құралдары, 67 жастар бірлестігі және саяси партиялардың 6 облыстық филиалдары жұмыс атқарады. Саяси партиялардың арасында  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы белсенділігін көрсетуде.

Облыстың жергілікті атқарушы органдары тарапынан өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау  мен әлеуметтік шиеленіс ошақтарын болдырмаудың алдын алу мақсатында жүйелі түрде мониторинг жүргізілуде.

Аудандық, қалалық әкімшіліктерден  келіп түскен мәліметтерге сәйкес, өңірде тұрғындарды алаңдататын, өз шешімін таппаған өзекті мәселелер тиісті деңгейде шешілуде. 

Бейбіт митингілер мен шерулер бойынша алдын-алу шаралары қабылданып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде.

Қазіргі уақытта мобильді қосымшасымен әлеуметтік шиеленістің картасы әзірленді. Карта аймақтағы барлық оқиғаларды, әлеуметтік-саяси ахуалдың жалпы мониторингісін, күнделікті жедел мониторингті, төтенше жағдайлар және т.б. жағдайларды бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара байланысын қамтамасыз ететін аудандық, қалалық әкімдіктер жанындағы қоғамдық келісім кеңестері тұрақты негізде 252 ауылдық округті қамтып, пікірлесу алаңы тұрғысында қызмет етеді.

Этносаралық қатынастың дамуына әсер ететін теріс үрдістердің алдын алу және болдырмау мақсатында көпұлтты аймақтар ерекше бақылауға алынған.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алуға және құқықтық тәртіпті сақтауға бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық және практикалық шаралар жүргізді.

Осыған орай, жергілікті полиция қызметінің мемлекеттік және өзге де органдармен, ұйымдармен, мекемелермен бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

Жедел жағдайды бақылап отыру мақсатында барлық қала аудандық ішкі істер басқарма бөлімдерінде бейнебақылау камераларының техникалық мүмкіндіктері барынша қолданылады. Бейнебақылау камералары неғұрлым адам көп жиналатын орындарда, наразылық акциялары өтуі мүмкін жерлерде, сондай-ақ үлкен көшелердің қиылыстарында орнатылған. Барлығы 346 ірі бейнебақылау камера.

Қазіргі уақытта қоғамдық-саяси ахуал тұрақты, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

Азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттестігі туралы

Облыстық әділет департаментінің соңғы мәліметтері бойынша облыс бойынша 927  үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Олар әртүрлі бағыт бойынша:  білім беру саласында, әлеуметтік бағытта, жастар саясаты жөнінде, экология тақырыбында, әскери-патриоттық, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде, гендерлік теңдік және т.б.жұмыс істейді. 

Аудандық, қалалықәкімдіктердіңмәліметтерібойынша 552 ҮЕҰ белсенділіктанытуда.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың салалық принциптерін кеңейту мақсатында облыстық денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат, дін істері және жастар саясаты жөніндегі басқармалары, сондай-ақ, аудандық және қалалық әкімдіктері тиісті жұмыстар атқаруда.  Бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері өз салалары бойынша әлеуметтік жобалар тақырыптарын бекітіп, биылғы жылы жалпы 148 әлеуметтік жобалар іске асырылды.

Алматы облысының ҮЕҰ әлеуметтік идеялар мен жобалардың Жәрмеңкесі өткізіліп,  үздік жобаларға 15 мини-гранттар,  жалпы ақша қоры 4 500 000 (төрт миллион бес жүз мың) бөлінді. Олардың ішінде Қапшағай қаласының «Ақ Орда» жастар қоғамдық бірлестінің «Көрікті қала тазалықтан басталады» жобасы, Кербұлақ ауданының «Қамқор» реабилитациялық орталықты ашу, Сарқан ауданының еріктілері «Парыз» жастар ұйымының және т.б. жобалар қаржыландырылды.

Ақпараттық сүйемелдеу туралы

Қазақстан Республикасының Президенті Н..Назарбаевтың Қазақстан халқына  “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері”атты  Жолдауын  түсіндіру мақсатында  областық медиа-план  әзірленді.

2018 жылғы 15 қаңтарда облыс әкімдігінде аудан, қала әкімдері, облыстық басқарма, департамент басшылары, «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан Халқы Ассамблеясы, ардагерлер кеңесі, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Жолдаудың негізгі ережелерін ақпараттық түсіндіру жөнінде  селекторлық режимде актив жиыны өтті. Осындай актив кездесулер Алматы облысының аудан және қалаларында да өткізілді. Жолдауының мәтіні басылған брошюралар 600 дана (300 дана мемлекеттік тілде, 300 дана орыс тілінде) және негізгі қағидаларын түсіндіру жөніндегі әдістемелік құралдар 2 000 данамен басылып шығарылып, облыс тұрғындары  арасында таратылды. Құрамында2 117 мүшесі бар 294  облыстық, аудандық, қалалық ақпараттық топтар құрылған. Топ мүшелері ағымдағы жылғы қаңтар айының 16-нан ақпан айының 9-на дейінгі аралықта облыстың елді мекендерінде кездесулер өткізіп, тұрғындарды ақпаратпен қамту жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні облыстық, аудандық, қалалық ақпараттық топ мүшелерімен елді мекендерінде 718 кездесу өткізіліп, 187 017 тұрғынды  ақпаратпен қамтыды. Сонымен қатар, « Ел жүрегі- Астана»  бірыңғай  медиа-план әзірленіп, ақпараттық жұмыстар  жүргізілуде. Облыстық спикерлер тобы жаңартылды.

Облыстың және барлық мемлекеттік органдардың ресми сайттарында, аудан, қала әкімдерінің және әкімдіктерінің, облыстық басқарма басшыларының «Instagram», «Facebook», «В Контакте» әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына күнделікті ақпараттар жариялануда. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде  жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың қызметтері бойынша ақпараттық  сүйемелдеу үшін «Хабар 24 kz.», «31 канал» телеарналар,  республикалық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда»  басылымдар,   Nur.kz, Tengrinews.kz, Zakon.kz және тағы басқа  республиқалық  интернет-порталдар редакцияларымен тұрақты түрде ақпарат алмасып отырылады.

Ішкі саяси бағыттар бойынша жоспарлау туралы

Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты жүйелі түрде жүргізу, өткізілетін шаралардың саяси-идеологиялық бірегейлігіне қол жеткізу мақсатында мемлекеттік ұлттық мерекелер, қоғамдық-саяси маңызды іс-шаралар  жоспарланып, іске асырылды.

Өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру, жүйеге келтіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н..Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Жолдауын халық арасында түсіндіру бойыншашаралар тізбесіне сәйкес облыста, сондай-ақ аудан, қалаларда жүйелі кестелер әзірленді.

Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 27 қыркүйектегі №188 өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу» тұжырымдамасы мен республикалық шаралар тізбесіне сәйкес, облыста және аудан, қалаларда іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

Аталған тұжырымдамаға сәйкес, облыста Елорданың 20 жылдығын мерекелеуді дайындау және өткізу бойынша комиссия құрылып,  аудан, қала әкімдіктеріне тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

Кестелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне өткізілген іс-шаралар  бойынша күнделікті есеп жолданды.

Чернобыль оқиғасына арналған және Алматы облысы бойынша «Чернобыль ардагерлері  және  мүгедектері»  қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 25 жыл толуына байланысты салтанатты іс-шара өткізілді.

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Жетісу» телеарнасы, сондай-ақ облыстық, қалалық әкімдіктің қолдауымен «О, Ләйлә» атты көркем фильм түсіріліп, облыс әкімі А.Баталовтын қатысуымен  тұсаукесері өтті.

Сонымен бірге Алматы облысында «Dostar Production»  студиясының «ZOR» фильмі халыққа көрсетілді.

Облыстықаудан, қалаларында өткізілген барлық шаралар тұрғындардың басым көпшілігіне оң ықпалын тигізіп, жалпы халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін жоғарылатуға өз септігін тигізуде.

Сондай-ақ, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету барысында азаматтық қоғам институттарымен, өңірдің қоғам жұртшылығының өкілдері шараларға тартылуда.

Ішкі саясат саласындағы талдау және мониторинг бөлімінің жұмыстары  туралы

Ү. ж. талдау және мониторинг  бөлімі  облыс  тұрғындарның пікірін анықтау максатында  "Облыстағы қоғамдық-саяси ахуалды зерделеу» тақырыбында1 әлеуметтанулық сұрау жүргізілді, оған 1500 респондент қатысты.

  Әлеуметтік   сұрау нәтижелерін  қорытындылай келе, облыстағы қоғамдық-саяси жағдай бірқалыпты, әртүрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынас орныққан, тұрғындардың көңіл-күйі позитивті және тұрғындардың басым бөлігі мемлекеттік саясатқа оң көзқараста екендігін атап өтуге болады.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық  Заң талаптарын орындау мақсатында облыс әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес Панфилов, Ұйғыр  аудандарында 68 мемлекеттік мекеме мен білім ұйымдарында мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуына қадағалау жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, комиссия жұмысы шеңберінде мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің заңға сәйкес қолданылуын қадағалау бойынша Талдықорған қаласында, Панфилов, Ұйғыр аудандарында   Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті өкілдерімен бірлескен тексерулер жүргізіліп, рәміздердің дұрыс қолданылуы  бойынша әдістемелік  көмек көрсетілді.

Облыс көлемінде  4  маусым - Қазақстан Республиқасының мемлекеттік рәміздері күні аясында мемлекеттік рәміздерді насихаттау, патриоттық тәрбиені ілгерілету мақсатында ү.ж. 1 мамырдан бастап «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің нышаны» атты айлық жарияланады.

   

Кадр жұмысы бойынша

2018 жылдың 1 тоқсаны бойынша облыстық ішкі саясат басқармасының штат санының лимиті 16 адамды құрайды, оның ішінде басқарма басшысы – 1, басқарма басшысының орынбасары – 2, бөлім басшысы – 5, бас маман – 7, жетекші маман – 1.

Басқарманың барлық қызметкерлерінің білімі жоғары, оның ішінде: философия докторы  (PhD) – 1, педагогика ғылымдарының кандидаты – 1, екі жоғары білімі бар – 6. Қызметкерлердің орта жасы – 40, ерлер – 3, әйелдер – 13.

2018 жылға арналған қайта даярлау және біліктілігін арттырудың жоспар-кестесіне сәйкес 4 қызметкер оқуға бару жоспарланған, 1 қызметкер біліктілігін артырып, сертификатталды.

Бүгінгі күні басқармада тұрақты вакансиялар жоқ.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Халқына Жолдауыныңтоғызыншы бағыты «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» бойынша барлық басқарма қызметкерлері 26 қаңтар күні сағат 11.00-де қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мәдениетті қалыптастыру және азаматтық құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» атты жаппай облыстық бірыңғай сағатына, 21 қаңтар күні «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі» әлеуметтік зерттеудің қорытындысының презентациясына қатысты.  Сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды жалпыға бірдей қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған  Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның «Под небом правды» атты фильмі 16 наурызда облысымыздың барлық мемлекеттік мекемелерінде өткен.Аталған фильм басқарма қызметкерлеріне көрсетіліп, біріңғай сағаты ұйымдастырылды.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламаны іске асыру мақсатында басқарманың барлық мемлекеттік қызметкерлері электрондық цифрлық қолтаңбамен қамтылған және олар өз қызметтерінде мемлекеттік қызметтерді «E-gov» портал арқылы алады.  


Орналастырылған күні: 27.04.2018 15:14

Өзгертілген күні: 27.04.2018 15:26:58

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх