Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +8 oC
2017 жылдың өткен 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі

2017 жылдың өткен 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі

Алматы облысында Статистика департаментінің мәліметтері бойынша бүгінгі күні 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 432 483 адамды құрайды, оның ішінде –99 538-і қалалық жерлерде,  332 945-і  ауылда 222 368 ерлер мен 210 115 әйелдер тұрады. 

Облыс жастары 3 жоғары және 73 кәсіптік-техникалық оқу орнында білім алады.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бөлінетін қаражат көлемі ұлғаюда. Мысалы, жергілікті бюджеттен 2013 жылы – 209,3 млн. теңге,  2014 жылы – 313,6 млн. теңге, 2015 жылы- 462,5 млн. теңге,  2016 жылы – 435,2 млн.теңге, 2017 жылы – 542,1 млн.теңге болып отыр.  

Облыста 20 жастар ресурстық орталықтары қызмет атқарады, оның ішінде 1- облыстық және аудан, қала деңгейінде 19 «Жастардың ресурстық орталықтары» коммуналдық мемлекеттік мекемелері. Штат саны 110 адамды құрайды.

Сондай-ақ, облыс бойынша ауылдық округте жастар саясаты бойынша 253 нұсқаушылар бірлігі бөлінген болатын. Бүгінгі күні әрбір округте 1 нұсқаушыдан өз жұмыстарын атқаруда. Ресурстық орталықтар мен нұсқаушылар жұмысы бір жүйеге келтірілген және орталықтандырылған.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2016 жылғы 5 шілдеде Талдықорған қаласында Жастарға қызмет көрсету орталығы ғимаратының құрылысы аяқталып, жастардың уақытын тиімді пайдаланып, заман талабына сай дамуы үшін аталған ғимаратты аула клубтары жұмыс істеуде: дыбыс және бейне жазу студиясы, интернет-кітапхана, анти-кафе, фитнес-клубы, Республикалық жастар ұйымдары филиалдарының кеңселері мен Coworking (КОВОРКИНГ), Open Space (ОУПЕН СПЕЙС). Сондай-ақ, жастарға арналған бағдарламалар туралы толық кеңес беріліп, ақпарат алу мүмкіндігі қарастырылған. Қазіргі таңда күнделікті орталыққа шамамен 230-250 жас келеді. Сондай-ақ, мәжіліс залда аптасына 2-3 рет жастарға арналған түрлі тақырыптарда семинар-тренингтер, кездесулер өткізіліп тұрады.

Олар негізінен, жастарға қызмет көрсету бөліміне кеңес алу үшін күніне  7-8 адам, коворкингке-45-50, интернет-кітапханаға – 50-60 (түнгі 23.00-ге дейін), фото және дыбыс жазу, бейнеролик түсіру студиясына – 15-20, аула клубтарына – 50-60, көп функционалды залға – 20-30, анти-кафеге – 10-15 жас өз уақыттарын тиімді өткізеді.

Сондай-ақ, орталықта жыл басынан «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында 400 адам, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша – 115 адам, «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы бойынша 98 адам, «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы аясында 100 адам және «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша 153 адам, «Кәсіптік және техникалық білім беру» - 43 азаматқа кеңес беріліп, түсініктеме жұмыстары жүргізілді.

Психологиялық кеңес алғандар - 122. Жастар ісі жөніндегі комитет бойынша – 55. Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп кеңес алғандар саны – 236. Интернет кітапханаға келген адамдар – 1408. 

Барлығы – 2730 адам кеңес алды. Онлайн режимде кеңес алғандар саны – 1428 адам.

Барлығы келіп кеңес алған және онлайн режимде кеңес алғандар саны – 4158.

Жастарды уақытша жұмыспен қамту мақсатындағы облыстық «Жасыл ел» штабы 4 жыл қатарынан «Үздік штаб» және үздік ақпараттық жұмысы үшін «Үздік онлайн штаб» атанса, 2016 жылы «Үздік командир» және «Үздік жоба» номинацияларына ие болып отыр

2017 жылы «Жасыл ел» бағдарламасын қаржыландыру көлемі облыстық бюджеттен 52 млн.025 мың теңгені құрады.

Облыста 67 жастар бірлестіктері тіркелген, оның ішінде аса белсенділері 25 ЖҮЕҰ.  Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында   2017 жылы жергілікті бюджеттен 31 млн. теңге бөлініп, 7 лотқа конкурс өткізілді.

Алматы облысы әкімінің 2017 жылғы 2 ақпандағы №8-ө н/қ өкіміне сәйкес Алматы облысының ауылдық жерлердегі жастардың бос уақытын ұйымдастыру және жұмыспен қамтамасыз ету бойынша құрылған жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша бір қатар жұмыстар атқарғандығын атап өтеді. Жұмыс тобының мақсаты – ауыл жастары арасындағы жұмыссыздық себептерін анықтау, зерделеу және жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану нысандарының қолжетімділігін анықтау бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ, жастар арасындағы өзекті проблемаларды анықтап, шешу жолдарын қарастыру болып табылады.

Жұмыс тобы 2017 жылдың 15 наурыздан 4 тамызға дейінгі аралықта облыстың барлық 16 аудан және 3 қала, 168 ауылдық округтегі 193 ауылды аралап шығып, ауыл жастарының ахуалын зерделеп, жастармен кездесті.

Кездесулер еркін форматта өткізілді. Кездесуге ауылдың жас мамандары, жұмыссыз жастары, жалдамалы жұмысшы жастар, спортшы жастар, белсенді және маргинал санатындағы жастар да қатысты. Жұмыс тобы ауыл жастарымен пікір алмасып, негізгі проблемаларын анықтауға, шешу жолдарын қарастыруға, қызығушылықтарын, белсенділіктерін айқындады. Жастардың ұсыныстары бойынша игерілмей жатқан бос орындарды аралады.

2017 жылдың 3 қазан күні жұмыс тобының қорытынды отырысы өткізілді. Ең көп кездесетін мәселелер мәдениет және спорт объектілерінің ашылуы, қолда бар құрылыстардың материалдық-техникалық базасын нығайту болып табылады.  Жұмыс қорытындысы бойынша  140 609  ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру күтілуде.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық қайта құру және даму банкіның «Жастар корпусын дамыту» жобасы шеңберінде Алматы облысынан 233 жобаға гранттар  ұтып алынды. Қазіргі таңда жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының  «Вконтакте», «Instagram», «Facebook», «Youtube» желілерінде ресми парақшалары тіркелген.

Бүгінде барлығы 511 089 жазылушы тіркелген. 365 аккаунт жұмыс істеуде. Көрсетілім саны – 2 082 347. Әлеуметтік желіде  31 қоғамдастық парақшалары  ашылып, оның 19-ы аудандық ресурстық орталықтарда тіркелген. Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының жаңадан іске қосылған Kazng.gov.kz  ресми сайтының кіру көрсеткіші – 27 854 құрайды. Сайтта облыс бойынша жастар саясатын іске асыру туралы ақпараттар жарияланған.

2017 жылдың басынан жұмыс жоспарына сәйкес 160 409 жастың қатысуымен 1221 шара өткізілді. Оның ішінде, атап айтсақ, 24 мамыр күні  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" мақаласы аясында «Рухани жаңғыруға - жастық жігермен» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

Жыр додасына республикамыздың 10 өңірінен 14 пен 29 жас аралығындағы үздік жас ақындар қатысты. Айтысқа Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек Имашев, Серікзат Дүйсенғазы, Сара Тоқтамысова сынды айтыскерлер төрелік етті.

Жас ақындар бақ сынасқан додада бас жүлде иегері Мұрадым Мирланов атанып, 500 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. 1 орын   батыс қазақстандық Талғат Мықиға бұйырды.  Ал, 2 орын қос ақын - жетісулық Жалғас Сыдыққа және пен Жамбыл облысының намысын қорғаған Əсет Дүйсебайға беріліп. 350 және 200 мың теңге көлемінде сертификаттар табысталды. Барлық қатысушыларға көтермелеу ретінде 75 мың теңге табыс етілді.

 Ағымдағы жылдың 29-31 мамыр күні  Республикамыздың есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы интернаттарының оқытушылары және есту қабілеті бұзылған мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдері арасында «Жырлаймыз жүрекпен» атты  VIII Республикалық ым-ишара ән байқауы өткізілді. Байқауға республиканың 14 облысынан 39 үміткер қатысты. Шара қорытындысы бойынша 1 орынды Е.Чикичева (ВКО) жеңіп алып, 2 орынды М.Веретин (Қарағанды облысы) және Н.Сычев (ОҚО) иеленді, ал 3 орын Е.Балтықоваға (Алматы облысы) бұйырды.

30 мамыр күні Талдықорған қаласында «ЭСКПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында «Көктем Балы» өтті.

26 маусым күні  облыстық "Very innovative people" инновациялық-ой пікірлер, жоба, технологиялар бойынша облыс әкімінің гранты өткізілді. Жалпы сомасы 6 млн.теңгені құрайтын байқауға 28 жоба ұсынылды.  

Сондай-ақ, «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында  19-20 тамыз күндері екі күнге созылған «ЖІБЕК ЖОЛЫ - SILK WAY-2016» халықаралық заманауи би фестивалі өтті. Шара іріктеу кезеңінен өткен бишілер  ақтық кезеңге жолдама алды. Сонымен бірге, би фестиваліне Америка, Европа және Азияның кәсіби бишілері,   халықаралық би жарыстарының  жүлдегерлері шақырылды. Шарада атақты бишілер Link (АҚШ), Bruce (Франция), Storm (Германия) төрелік етті.

19 шілде күні Алматы облысы әкімінің жастармен бейресми кездесуі өтті. Кездесу барысында облыс әкімі еркін түрде қойылған  сұрақтарға жауап бере отырып,  мамандық таңдау туралы, балаларды тәрбиелеу және т. б. тақырыптарда сөз қозғады. Сондай-ақ, облыс жастарының тарапынан ауылдық жерлерде аула клубтары желісін дамыту, облыс орталығында мюзикл театрын құру  бойынша бірнеше ұсыныстар айтылды.

8 қыркүйек күні жастарды отбасылық құндылықтарды құрметтей білуге шақыру, салауатты өмір салтын, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын жан-жақты насихаттау мақсатында Талдықорған қаласында «Жас Отау» жас отбасылар байқауы өтті.   «Таныстыру», «Кәнекей балақай», «Жүйрік олсаң, озып көр», «Ата көрген оқ жанар, Ана көрген тон пішер» секілді бірнеше кезеңдерден құралған байқауда байқаушылар белсене қатысып, бақ сынасты.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру бойынша  245 іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде: 8 форум, 96 дөңгелек үстел,  25 конференция мен семинарлар, 87 акция,флешмобтар, 24 көрме, 5 зерттеу экспедициялары бар.

Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.


Орналастырылған күні: 27.10.2017 18:22

Өзгертілген күні: 27.10.2017 18:24:34

Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх