Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +2 oC
2017 жылдың өткен 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі

2017 жылдың өткен 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі

Алматы облысында дене шынықтыру және спортты дамыту мақсатында төмендегідей жұмыс атқарылды:

Алматы облысында 3347 спорттық құрылым, соның ішінде: 2 спорт сарайы, 1 теннис орталығы, 22 стадион, 22 спорт кешені, 12 спорттық құрылымдар кешені, 248 тир, 792 спорт залы, 47 бассейн, 1980 жазықтық құрылым және т.б. облыс тұрғындарына қызмет көрсетеді. 

Биылғы жылы Райымбек ауданының Нарынқол ауылындағы спорт мектебінің футбол алаңының құрылысы аяқталды. Талғар,  Қаскелең қалаларында, Райымбек ауданының Кеген ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінінің құрылысы жүргізілуде. Қаратал ауданының Үштөбе қаласындағы спорт мектебінде, Көксу ауданы балпық би кентіндегі орталық стадионға қайта құру жұмыстары  атқарылуда. Талдықорған қаласында халықаралық стандарттарға сай жүзу бассейні, жеңіл атлетика манежі мен велотрек салынбақ.

30 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 49 спорт түрімен   27 669 спортшы шұғылданады, олармен 915 оқытушы-жаттықтырушы жұмыс жасайды. Облыстық спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернаттарында 11 спорт түрімен 557 оқушы, олимпиадалық резерв дайындау орталығында 8 спорт түрімен 114 спортшы, жоғарғы спорт шеберлігі мектебінде 17 спорт түрімен 321 спортшы шұғылданады.

Алакөл ауданының Лепсі ауылында облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының филиалы «Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болды.

2017 жылы «Ұлттық және ат спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі», «Шахматтан және үстел ойындарынан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемелері құрылды және «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған  спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.

Облыста спортпен жүйелі түрде 520200 адам шұғылданады, бұл облыс тұрғындарының 26,6 пайызы. Салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында жыл басынан 657 шара ұйымдастырылып, оған  569000 жуық адам қатысты. 

Облыста көгалдағы хоккейден «Бесарыс», регбиден «Олимп», қол добынан «Іле»,  волейбол мен футболдан  «Жетісу», баскетболдан  «Қапшағай», ұлттық спорт түрлерінен кәсіпқой клубтар жұмыс жасайды.

2017 жылдың басынан 1 еңбек сіңірген спорт шебері, 14 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 94 спорт шебері, 488 спорт шеберлігіне үміткер және 242 бірінші дәрежелі спортшы дайындалды, халықаралық және республикалық жарыстарда 809  медаль (305 алтын, 259 күміс және 245 қола) жеңіп алынды.

Биыл Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының сапына 44 спорт түрі бойынша Алматы облысының 875 спортшысы кірді.

Мемлекет басшысының бұқаралық спортпен шұ­ғылданушы халықтың санын 30 пайызға дейін жеткізу туралы міндетін орындау мақсатында облыстың барлық аудандары мен қалаларында дербес дене тәрбиесі мен спорт бөлімдері қызмет атқаруда,  ауылдық округ әкімдіктерінің аппараттарында 253 спорт бойынша әдіскерлер-нұсқаушы беріліп, қазіргі уақытта олар барлық ауылдық округтерде волейбол, футбол, баскетбол және т.б. спорт түрлері бойынша секциялар жүргізуде.

Алматы облысы әкімінің өкімімен республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге жеткен облыстың 72 үздік спортшысына және 31 мүгедек-спортшысына 30 мыңнан 300 мыңға дейін облыс әкімінің ай сайынғы сыйақысы төленуде.

Алматы облысындағы дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт мектебінде спорттың 21 түрімен 530-дан астам спортшы шұғылдануда. Жұмыс төрт бағытта жүргізілуде: тiрек-қимыл қозғалыс аппаратты зақымдалған спортшылар; көз мүшелері зақымдалған спортшылар; құлақ мүшелері зақымдалған спортшылар; Cпешиал Олимпикс. Алматы облысы бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын жалпы мүгедек-спортшылар саны  1339 адам.

2017 жылғы 15-24 қыркүйек күндері аралығында Атырау қаласында өткен тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымдалған мүгедек-спортшылар арасында Қазақстан Республикасының V Спартакиадасында Алматы облысының командасы І орынды  иеленді.

Облысымыздың аудандары мен қалаларында дене шынықтыру және спортты насихаттау үшін спорт түрлерінен спартакиадалар, турнирлер мен біріншіліктер өткізіліп тұрады.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып тұрады.


Орналастырылған күні: 27.10.2017 18:30

Өзгертілген күні: 27.10.2017 18:31:29


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх