Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +32 oC
2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауының орындалуы мақсатында, ҚР Жер кодексінде көрсетілген міндеттер мен құзырымыз шегінде 2018 жылға бекітілген жұмыс жоспар бойынша, Басқармамен мақсатына сай пайдаланылмай жатқан, белгіленген жер учаскелерін жер заңнамасын бұза отырып пайдаланушылар бойынша, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында бірқатар жұмыс атқарылды:

Жыл басынан Басқармаға 1132 хаттар мен арыздар келіп түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан – 73, заңды тұлғалардан – 14, жоғары тұрған мемлекеттік мекемелерден, құқық қорғау органдарынан және жергілікті атқарушы органдардан  - 1045.

Келіп түскен хат пен арыздар қарастырылып, заңмен белгіленген уақытта тиісті жауап берілді.  

2018 жылдың І-тоқсаны бойынша ҚСжАЕА органымен 63 тексеру тіркелген, оның ішінде 61-не тексеру жүргізілді (2 тексеру есептен алынды),  нәтижесінде 46 заң бұзушылық анықталды:

- жалпы соммасы 2 млн. 356 мың 900 теңге мөлшеріндегі айыппұл түрінде әкімшілік шара қолданылды, 3 ескерту, 11 нұсқама талабын орындамаған. Мемлекет кірісіне 986 050 теңге мөлшеріндегі айыппұл өз еркімен төленді.

Сонымен бірге, жыл басынан бастап тексерудің басқа да түрімен коммерциялық мақсаттағы 16 жер учаскесі анықталып, 1 жыл мерзімге нұсқама берілді.

 

2015-2016 жылдардағы пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы жерлері бойынша

2015-2016 жж аралығында облыс бойынша 331,2 мың га пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы жерлері анықталған, оның ішінде 46,7 мың га тәлімі егістік, 27,3 мың га суармалы егістік, 252,9 мың га жайылым, 4,3 мың га шабындық жерлер.

Қоланылған шаралар нәтижесінде:

-49,7 мың га жер өз бетімен және сот орындарының шешімдерімен мемлекет меншігіне қайтарылды, оның ішінде қайтарылған жердің жалпы аумағының 29,9 мың га жер ауылшаруашылығы айналымына қайта енгізілді.

Сонымен қатар, 2017 жылы сот шешімімен 6,1 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды, оның ішінде, 2,5 мың га суармалы егістік, 2,6 мың га жайылым жерлер ҚР Жер кодексінің 92-94 баптарына сәйкес мәжбүрлеп алынды (Ақсу, Қаратал аудандары), 1,0 мың га жайылым жер иесіз мүлік ретінде тіркеуге алынды (Қаратал ауданы).

-262,2 мың га жер учаскелері бұрынғы иелерімен пайдаланылуға кірісіп, ауылшаруашылығы айналымына енгізілді.

 

2017 жылы анықталған пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы жерлер бойынша

2017 жылы жүргізілген сараптамалар нәтижесінде 152,7 мың га ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылмай жатқандығы анықталды (487 жер пайдаланушы субъект), оның ішінде: тәлімі егістік 7,6 мың га, суармалы егістік 7,8 мың га, жайылым 136,3 мың га, шабындық 1,1 мың га.

Ауылшаруашылығы жерлерін пайдаланбау фактілері бойынша тексерулер жүргізілген. Тексерулер нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 338-бабына сәйкес жалпы соммасы 8 млн. 894 мың теңге мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл салынды, аумағы 30,2 мың га жер бойынша 1 жыл мерзімге нұсқамалар беріліп, Басқарма бақылауына алынған.

45,4 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылып, оның 3,2 га ауылшаруашылығы айналымына енгізілді;

44,2 мың га пайдаланылуға кірісіп, ауылшаруашылығы айналымына енгізілді;

Иесіз мүлік ретінде тіркеуге алуға тиісті аудан мен қалалардың ЖАО-на 32,9 мың га жер бойынша материалдар жіберілді, олар жергілікті атқарушы органдарының бақылауында.


Орналастырылған күні: 27.04.2018 15:32

Өзгертілген күні: 27.04.2018 15:34:06

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх