Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +17 oC

2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Алматы облысы бойынша "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының" жүзеге асырылу барысы туралы


2018 жылы Алматы облысы бойынша Кешенді іс шаралар жоспары шеңберінде 54959 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту жоспарланған.

Жыл басынан жұмыспен қамту органдарына 13362 адам жүгініп, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 8016 адам камтылды немесе 60,0%.

2018 жылға  « Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын»  іске асыру үшін 9281,9 млн.теңге қарастырылды.

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 6695 адамды кәсіптік оқытуға 2556,0 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде:

-кәсіптік техникалық оқытуға 1535 адамға 1229,1 млн.теңге;

- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 5160 адамға 1326,9 млн.теңге.

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде 4908,6 млн.теңге бөлінді.

 Оның ішінде:

- 672 адамға 4371,3 млн.теңге шағын несие беру жоспарлануда;

- қалаларда және ауылды аймақтарда шағын несиені кепілдендіруге – 441,3 млн.тенге;

- операциялық шығындарды субсидиялауға – 96,0 млн.тенге бөлінді. 

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуымен 3264 адамды қамту жоспарлануда.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 1817,2 млн. тенге бөлінді. Оның ішінде:

-әлеуметтік жұмыс орындарына – 239,4 млн.тенгеге 1196 адамға;

-жастар практикасына 449,3 млн.тенгеге 1245 адамға;

-қоғамдық жұмысқа 1123,1 млн.тенгеге 8677 адамды.

Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне әлеуметтік жұмыс орындарына 1125 адам, жастар практикасына 592 түлек, қоғамдық жұмыс орындарына 2936 жұмыссыз азамат жолданды. Жыл басынан қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен  2815 адам қамтылды.

Бірыңғай электрондық еңбек биржасы арқылы 4277 бос жұмыс орындары тіркеліп, 2471 адам жұмыспен қамтылды.

Жыл басынан 2017 жылы бөлінген қаржыдан 25 жоба 347,0 млн. теңгеге мақұлданып, 18 адам 228,7 млн. теңге көлемінде шағын несие алды.


2018 жылғы (1 токсан) Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жұмысы туралы ақпарат.

    Жұмыспен қамту жол картасының бірінші бағыты шеңберінде Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы 2016 жылы елді мекендердегі сумен жабдықтау жүйелерін күрделі жөндеу және абаттандыру бойынша 85 жоба іске асырылды. 

Аталған мақсатқа республикалық, жергілікті бюджеттерден және Ұлттық қордан 2 560 млн.теңге бөлінді.

2017 жылдың 1 қаңтарына аудандар мен қалалардың әкімдіктері жоспарлы 2 560 млн.теңгенің  2 556 млн.теңгесін игерді (99,8%). Жоспарлы 1023 адамның 996-сы жұмысқа орналастырылды (жоспардың 97,4%),  оның ішінде 521 адам халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша орналасты.



Орналастырылған күні: 27.04.2018 15:38

Өзгертілген күні: 02.05.2018 15:24:39

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх