Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +20 oC
2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Алматы облысы бойынша 2018ж. 1 тоқсанында өткен жылдың тақылеттес кезеңімен салыстырғанда эпидемиологиялық жағдай жіті ішек, қызылша жұқпаларының жоғарылауымен, ал вирустық «А» гепатиті, эпидпаротит, менингококк, эхинококкоз жұқпаларының төмендеуімен сипатталады. Қызамық сіреспе, көкжөтел, вирусты кене энцефалиті жұқпалары тіркелген жоқ. Сальмонеллез жұқпасы бір деңгейде.

Вирустық гепатит «А» жұқпасының – 25 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 16 (64%), 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 1,21 – 2,65 құрады. Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 7 жағдайға төмендеген. Вирустық «А» гепатитіне қарсы 7827 адам эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша иммундаумен қамтылды. Жұқпа ошақтарында қарым-қатынаста болған 1441 адам анықталып, медициналық бақылауға алынған, оның ішінде биохимиялық әдіспен аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігіне 123 адам тексерілген (8,5%).

Вирустық «В» гепатитінің – 1 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 0,05 құрады. Өткен жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 1 жағдайға жоғарылаған.

Вирустық «С» гепатитінің – 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 0,10 – 0,33  құрады. Өткен жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 1 жағдайға жоғарылаған.

Созылмалы парентеральды гепатиттердің 235 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 7 (2,9%) жағдайы тіркелді. 100 мың халыққа шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 11,4 – 1,1 құрады. Оның ішінде созылмалы вирустық «В» гепатитінен - 123, созылмалы вирустық «С» гепатитінен – 112 жағдайы тіркелді.

Жіті ішек жұқпасының 156 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 111 (71,1%), 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 7,5 және 18,4 құрайды. Өткен жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық сырқаттанушылық 47,1% жоғарылаған. Жұқпаның таралу жолы 81,4% анықталды, тағам арқылы – 98,4%, қарым – қатынас арқылы – 1,5%.       

Сальмонеллез жұқпасының 3 жағдайы тіркелді, 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 0,15. Өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық бір деңгейде.

Менингококты жұқпаның 1 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді, 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіштері 0,05– 0,17 құрады. Өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 1 жағдайға төмендеген.

Эпидемиялық паротиттің 1 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді, 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіштері 0,05 – 0,17  құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 2 жағдайға төмендеген.

Қызылша жұқпасының 1 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді, 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіштері 0,05 – 0,17  құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 2 жағдайға жоғарылаған.

Эхинококкоз жұқпасының 40 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 7 (17,5%) жағдайы тіркелді. 100 мың халыққа шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 1,94 – 1,16 құрады, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 4 жағдайға төмендеген.

Облыс бойынша бруцеллез сырқаттанушылығы 2017 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2018 жылдың 3 айында 13 жағдайға төмендеді, 34 жағдайдан 21 жағдайға дейін. Бруцеллезбен науқастанғандардың 66,7% ауыл тұрғындары, сырқаттанушылық облыстың 15 елді - мекенінде тіркелді.

Адамдар арасында құтырма ауруы тіркелген жоқ. Сонымен бірге облыстың 4 ауданында (Ақсу, Қаратал, Кербұлақ, Ұйғыр) ауылшаруашылық малдары арасында құтырма ауруына күдікті 8 жағдай тіркелді,  5 жағдайда құтырма ауруының диагнозы зертханалық жолмен расталды. Ошақтардың барлығы ветеринарлық қызметпен бірлесіп тексеріліп, тиісті шаралар атқарылды, қарым – қатынаста болған 43 адам есепке алынып, олардың антирабиялық екпелерінің күнбе – күн алынуына тізім бойынша бақылау жүргізілуде.

Облыс аумағында оба, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы тіркелген жоқ.  Департаменттің  зоологиялық-паразитологиялық тобымен көктемде-күзде іс-сапарлар ұйымдастырылып, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына, туляремия және басқа карантиндік инфекциялардың эпидемиологиялық жағдайының қолайсыздығына байланысты аудан аймақтарындағы табиғи ошақтарының белсенділігіне геоақпараттық жүйе бойынша мониторинг жүргізіледі. Көктем,  күз айларында тексеру барысында сыртқы ортадан алынған оң нәтижелі  сынамалар электрондық картаға енгізіліп тұрады.

Адам иммунтапшылық вирусы жұқпасымен (АИТВ) 70 жағдай тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 3,4 құрады. 15-49 жас топтары арасында АИТВ жұқпасының таралу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,012 құрады.

Аса қауіпті инфекциялардың алдын алу мақсатында бруцеллез, сібір жарасы, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы мен құтырма аурулары бойынша бейнероликтер түсіріліп, облыстық «Жетісу» телеарнасы арқылы көрсетілуде. Сондай-ақ құтырма, бруцеллез және сібір жарасы жұқпаларының алдын алу және сақтық ережелерін насихаттау мақсатында департаментпен күнтізбелер жасалып, халыққа таратылуда.

  Қазіргі уақытта 741 елді-мекендердің 634-і (85,5%) орталықтандырылған,  95-і (12,8%)  орталықтандырылмаған, 9 (1,21 %) елді  мекен тасымалды сумен қамтылады, оның 6 Сарқан ауданындағы разъездер:  Керегетас, Сарықұлақ, Арғанаты, Ақбалық, Қаратас, Көкшалғын, Жамбыл ауданындағы Ащысу және Бозой ауылы, Іле ауданындағы Күрті ауылы және 3 – і (0,40%) өзен суын қолданады. Микробиологиялық көрсеткіш талаптарына сәйкес ауыз суының меншікті салмағы 2018 жылдың 1 тоқсандық қорытындысы бойынша төменгі деңгейлік қалпында болып 2,3% құрады. 

Радиациялық ахуал бірқалыпты, радиациялық фон  0,11-0,18 мкЗв/сағ. құрады.

Облыс бойынша 180 рентген кабинеттері  жұмыс жасайды.  2018 жылдың 1 тоқсанында оның 15-і, дозиметриялық өлшемдерді қолдана отырып, санитариялық-гигиеналық тексерулер жүргізілді.

 

2018 жылдың 1 тоқсанында  аудандық, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының қадағалауында 5843 тағам өнімдерін өндіретін,  сататын объектілер болды. 376 тағам сынамалары зерттеліп,  олардың 27(7,1%) микробиологиялық көрсеткіштер бойынша  нормативтік құжаттардың   талаптарына сәйкес келмеді (2017ж.1тоқсанында – 0,2%). Барлық қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары мамандарымен бактериялды ластанған тағам сынамаларының себебін анықтау технологиялық үдерістердің сатысын қадағалаумен жүргізілді. Бактериалды ластанушылықпен  айқындалған бұзушылықтар бойынша, жауапты тұлғаларға  18 айыппұл 424480т көлемінде салынып,  шаруашылық субъектілеріне 18 нұсқау берілді.      

2018 жылдың 1 тоқсанында  2017 жылдың 1 тоқсанымен  салыстырғанда эндемиялық зобпен науқастанушылық саны 5698-ден 5863-ке дейін өсті.  Науқастанушылық саны жасөспірімдер  арасында  жоғарылаған. Есепті кезеңде сауығуымен және тұрғылықты орнының ауысуымен облыс бойынша  диспансерлік бақылаудан   142 адам, оның ішінде  14 бала,  21жасөспірім, 107 ересек шығарылды.

Алматы облысында йодпен байытылған сүт өнімдерін өндіру жалғастырылуда («Адал Сүт» ЖШС Еңбекшіқазақ  ауданы (тапсырыс бойынша), «Үштөбе Айдын» ЖШС Қаратал ауданы сүт зауыттарында, Талдықорған қаласындағы  «Ляззат-2006» ЖШС сүт цехы мен ЖК Л. Жолтабарованың наубайханасында), сондай-ақ Текелі қаласындағы «ГМЗ Текели» ЖШС сүт зауыты өз өндірісіне йодталған сүт өнімдерін енгізді.

4139 сауда нысандарында, 54 облыс базарларында  йодталған ас тұзы және басқа да йодпен байытылған тағам түрлері (ашытқы, сүт және сүт өнімдері, сусындар және т.б.) тасып әкелінеді.      

Қапшағай қаласындағы  «Қапшағай Бидай Өнімдері» ЖШС, Қарасай ауданындағы «Азия АгроФуд» ЖШС және «Турка» ЖШС Сарқан ауданындағы 3 ұн тартатын обьектілерде   темірмен және дәруменді-минералдық қоспалармен фортификацияланады.

2018 жылдың 1 тоқсанында қоғамдық денсаулық сакқтау Комитетінің бойынша  «Ұлттық сараптама орталығы» ШҚ РМК Алматы облысы филиалының зертханаларында 25 тұз  сынамаларының йодтық құрамы зерттелді, НҚ талаптарына сәйкес еместігі анықталмады.

Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің  бақылауында барлығы 2168  білім беру ұйымдары бар.  Ыстық тамақтану  554  (73,6%)  мектепте ұйымдастырылған, 95 (12,6%) - буфеттік. Барлық 554 (100%)  асханалар жекеменшік кәсіпкерлерімен жалға алынып жұмыс істеуде.  Мектептер медициналық кабинеттермен 99%, медициналық кадрлармен 100% қамтамасыз етілген.

Оқу процессі 3 ауысымда 29 мектепте жүргізіледі, олар: Іле ауданы 12, Қарасай 10, Панфилов 1, Талғар 3.  Еңбекшіқазақ- 3 аудандарында.

Облысымызда өнімдердің (тауарлардың) бақылау сынамаларын сатып алып, Кеден одағының техникалық регламенттерінің және ұлттық заңнаманың талаптарына сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу арқылы өнімдер қауіпсіздігінің мониторингісі жүргізіліп жатыр.

2018 жылдың І тоқсанында өнімдер қауіпсіздігінің мониторингісі шеңберінде өнімдердің (тауарлардың) 889 сынамаларына сараптама жүргізілді, оның ішінде 6,7% техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді.

Сәйкес келмейтін сынамалардың жалпы санынан 64% тамақ өнімдеріне тиесілі,  36% өнеркәсіптік тауарлар тобына тиесілі.

Сәйкес келмейтін сынамалардың жалпы санынан 23% сүт және сүт өнімдеріне тиесілі, ет және ет өнімдеріне – 8%, балық өнімдеріне және кондитерлік өнімдерге - 7%, құс еті, аспаздық өнімдеріне, нан және нан-тоқаш өнімдеріне, ұн-жарма өнімдеріне, басқа да тағам өнімдеріне - 3%, жемістер-көкөністер өнімдеріне, май өнімдеріне - 2% тиесілі.

Анықталған бұзушылықтар бойынша шаруашылық субъектілеріне 23 ұйғарым берілді. Нұсқаманы орындамағаны үшін 9 шаруашылық субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2018 жылдың 1-ші тоқсанында Алматы облысы бойынша жергілікті атқарушы органдарымен «Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру және салааралық өзара әрекеттестікті дамыту» Жол картасының жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ, кәсіпорындарда темекі шегуге тыйым салу туралы 89 меморандум жасалды.

«Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру және салааралық өзара әрекеттестікті дамыту» жобасы шеңберінде 2017-2019 жж. «Қауіпсіз өнім таңда!», «Сенің денсаулығыңыз өз қолыңызда», «Таза қол», «Болашаққа қадам»,« Физикалық белсенділік», «Ұнды нығайту» акциялар жүргізілді. Жалпы саны 40 құрады.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің және «Жәрдем» газетінің сайттарында «Жұқпалы емес аурулар денсаулық сақтаудың жаһандық мәселесі» тақырыбымен мақалалар жарияланды.

Алматы облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде әдеп бойынша уәкілетті тұлға бар. Онымен мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп кодексі бойынша түсіндірме жұмысы жүргізіледі. 2018 жылы басқарма басшылары мен департамент қызметкерлерінің қатысуымен әдеп кодексінің негізгі нормаларын, әдеп мінез-құлық ұсынысымен «pocketbook» қалта кітапшасын қолдану бойынша екі семинар өткізілді. 


Орналастырылған күні: 27.04.2018 16:09

Өзгертілген күні: 27.04.2018 16:10:53


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх