Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +17 oC
2019 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2019 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Алматы облысы бойынша 2019ж. 3 айында өткен жылдың тақылеттес кезеңімен салыстырғанда эпидемиологиялық жағдай вирустық «А» гепатитінің, менингококк, эхинококкоз, эпидемиялық паротит, қызылша, аскаридоз, дерматомикоз жұқпаларының жоғарылауымен, жіті ішек, сальмонеллез, энтеробиоз, педикуллез, қышыманың төмендеуімен сипатталады. Іш сүзегі, күл, сіреспе, кене энцефалиті тіркелген жоқ.

Вирустық гепатит «А» жұқпасының 31 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 21 (67,7%), 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 1,48 – 3,38 құрады. Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 6 жағдайға жоғарылаған.

Вирустық гепатит «А» жұқпасына эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша 2525 адам иммундаумен қамтылды. Жұқпа ошақтарында қарым-қатынаста болған 685 адам анықталып, медициналық бақылауға алынған, оның ішінде биохимиялық әдіспен аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігіне 88 адам тексерілген (12,8%).

Вирустық «В» гепатитінің – 1 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 0,05 құрады. Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық бір деңгейде.

Вирустық «С» гепатитінің 1 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 0,05 құрады. Былтырғы жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 1 жағдайға төмендеген.

Жіті ішек жұқпасының 116 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 69 (59,4%), 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 5,53 және 11,10 құрайды. Былтырғы жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 27%-ға төмендеген. Жұқпаның таралу жолы 86,2% анықталды, оның ішінде тағам арқылы – 91%, қарым – қатынас арқылы - 9%. Берілу факторы көбінесе үй жағдайында дайындалған, тоңазытқышсыз сақталған тағамдар болып табылды.

Сальмонеллез жұқпасының 1 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар тіркелді, 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 0,05. Былтырғы жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 2 жағдайға төмендеген.

Қызылша жұқпасының 124 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар -98 (79%). 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіштері 5,91-15,77 құрады. Былтырғы жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 124 жағдайға жоғарылаған.

Менигококкты жұқпаның 3 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар - 2 (66,6%) 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіштері 0,14-0,32 құрады. Былтырғы жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 2 жағдайға жоғарылаған.

Эпидемиялық паротиттің 2 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді, 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіштері 0,10-0,32 құрады. Былтырғы жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 1 жағдайға жоғарылаған.

Эхинококкоз жұқпасының 43 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 12 (27,9%). 100 мың халыққа шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 2,05 және 1,93 құрады. Өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 3 жағдайға жоғарылады.

Медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың 7 жағдайы тіркелді, ауруханаға жатқызылған 1000 адамға шаққандағы көрсеткіш 0,1 құрады.

Сырқаттанушылық былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 жағдайға төмендеді (2018ж.3айы - 0,15 немесе 9 жағдай). Зертханалық жолмен 71% расталған (2018ж.3айы - 77%).

Бруцеллез сырқаттанушылығы 2019 жылдың 3 айында 2018 жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда 8 жағдайға төмендеді, 21-ден 13 жағдайға дейін. Бруцеллезбен науқастанғандардың 84,6% ауыл тұрғындары, сырқаттанушылық облыстың 12 елді - мекенінде тіркелді.

Адамдар арасында құтырма ауруы тіркелген жоқ. Сонымен бірге облыстың 4 ауданында (Іле, Қаратал, Кербұлақ, Қапшағай) ауылшаруашылық малдары арасында құтырма ауруына күдікті 11 жағдай тіркеліп, 6 жағдайда құтырма ауруының диагнозы зертханалық жолмен расталды. Ошақтардың барлығы ветеринарлық қызметпен бірлесіп тексеріліп, тиісті шаралар атқарылды, қарым – қатынаста болған 26 адам есепке алынып, олардың антирабиялық екпелерінің күнбе – күн алынуына тізім бойынша бақылау жүргізілуде.

Облыс аумағында оба, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы тіркелген жоқ. Департаменттің зоологиялық-паразитологиялық тобымен көктемде-күзде іссапарлар ұйымдастырылып, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына, туляремия және басқа карантиндік инфекциялардың эпидемиологиялық жағдайының қолайсыздығына байланысты аудан аймақтарындағы табиғи ошақтарының белсенділігіне геоақпараттық жүйе бойынша мониторинг жүргізіледі. Көктем, күз айларында тексеру барысында сыртқы ортадан алынған оң нәтижелі сынамалар электрондық картаға енгізіліп тұрады.

Облыста жыл басынан адам иммунтапшылық вирусы жұқпасымен (АИТВ) 93 жағдай тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 4,4 құрады. 15-49 жас топтары арасында АИТВ жұқпасының таралу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,01 құрады.

Аса қауіпті инфекциялардың алдын алу мақсатында бруцеллез, сібір жарасы, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы мен құтырма аурулары бойынша бейнероликтер түсіріліп, облыстық «Жетісу» телеарнасы арқылы көрсетілуде.

Туберкулездің 226 жаңа жағдайы анықталды, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 10,8 құрады, сырқаттанушылық 1,4%-ке, оның ішінде өкпе туберкулезімен сырқаттанушылық 0,3%-ға төмендеді (көрсеткіші 9,4). Балалар арасында сырқаттанушылық 2 жағдайға төмендеді (4 жағдай, көрсеткіші – 0,6).

Эпидемиологиялық қолайсыздықты туындатып отырған Алакөл,   Жамбыл, Сарқаң, Іле, Қаратал, Талғар аудандары және Текелі қаласы.

Талғар, Панфилов аудандарында санаторлық типті балабақша, Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Іле, Қаратал, Көксу, Райымбек, Сарқан аудандарында және Қапшағай, Талдықорған, Текелі қалаларындағы мектепке дейінгі мекемелердің жанынан санаторлық топтар ашылып, жұмыс істеуде.

Аудандық, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының қадағалауында 5823 тағам өнімдерін өндіретін, сататын объектілер бар. 2019 жылдың 1 тоқсанында 151 тағам сынамалары зерттеліп, олардың 13 (8,6%) микробиологиялық көрсеткіштер бойынша нормативтік құжаттардың   талаптарына сәйкес келмеді (2017ж.1 тоқсанында – 7,1%). Барлық қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары мамандарымен бактериялды ластанған тағам сынамаларының себебін анықтау технологиялық үдерістердің сатысын қадағалаумен жүргізілді. Бактериалды ластанушылықпен айқындалған бұзушылықтар бойынша, жауапты тұлғаларға 202000 теңге көлемінде 9 айыппұл салынып, шаруашылық субъектілеріне 9 нұсқау берілді.      

2019 жылдың 1 тоқсанында 2018 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда эндемиялық зобпен науқастанушылық саны 5863 - тен (2018ж.1 тоқсан)

5469 - ға дейін өсті. Сауығуымен және тұрғылықты орнының ауысуымна байланысты 2019 жылдың 1 тоқсанында облыс бойынша диспансерлік бақылаудан   218 адам, оның ішінде 56 - бала,   49 - жасөспірім, 113 - ересек шығарылды.

Алматы облысында йодпен байытылған тағам өнімдерін өндіру жалғастырылуда («Адал Сүт» ЖШС Еңбекшіқазақ ауданы (тапсырыс бойынша), «Үштөбе-Айдын» ЖШС Қаратал ауданы сүт зауыттарында, Талдықорған қаласындағы «Ляззат-2006» ЖШС сүт цехы мен ЖК Л. Жолтабарованың наубайханасында, Текелі қаласындағы «ГМЗ Текели» ЖШС сүт зауыты, Талғар ауданындағы «Сырат» ЖШС алкогольсіз өнімдерді өндіру цехы).

4191 сауда нысанында, оның ішіндегі 54 облыс базарларында йодталған ас тұзы және басқа да йодпен байытылған тағам түрлері (ашытқы, сүт және сүт өнімдері, сусындар және т.б.) тасып әкелінеді.   Йодталған тамақ өнімдері Алматы қаласындағы көтерме базарлары мен Алматы облысының фирмаларынан тасымалданады.  

Облыс бойынша Қапшағай қаласындағы ««KazAgroLand»» ЖШС, Қарасай ауданындағы «Азия АгроФуд» ЖШС және «Турка» ЖШС Сарқан ауданындағы 3 ұн тартатын обьектілерде   темірмен және дәруменді-минералдық қоспалармен фортификацияланады.

2018 жылдың 1 тоқсанында   Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық     сараптама орталығы»   ШҚ РМК Алматы облысы   бойынша филиалының зертханаларында 42 сынамаларының, оның ішінде 31- тұз,

4 - нан, 7 – ашытқының йодтық құрамы зерттелді. Құрамындағы йодтың сәйкес еместігі 3 тұз сынамасында анықталды («Аралтуз», «Илецкая»), шаруашылық субьектілеріне әкімшілік шара айыппұл ретінде барлығы 50500 теңге көлемінде салынып, сонымен қоса субьектілермен аталған тұз өнімдері тасымалдаушыларға қайтарылды.

Алматы облысы   қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бақылауында барлығы 2400 білім беру ұйымдары бар.   Ыстық тамақтану 570 (75,6%) мектепте ұйымдастырылған, 84 (11,1%) – буфеттік, 102 (бастауыш, орталау толық емес) мектептерде қажетті бөлмелерінің жоқтығына байланысты ыстық тамақтану ұйымдастырылмаған. Барлық 570 (100%) асханалар жекеменшік кәсіпкерлерімен жалға алынып жұмыс істеуде.

Облыс бойынша оқушылардың саны 387901, олардың 340816 (87,8%) ыстық тамақпен қамтылған. Мектептер медициналық кабинеттермен 99%, медициналық кадрлармен 100% қамтамасыз етілген.

Оқу процессі 3 аусымда 34 мектепте жүргізіледі, олар: Еңбекшіқазақ ауданында - 4, Жамбыл - 2, Іле - 13, Қарасай -11, Ұйғыр - 1, Талғар – 3 аудандарында.

Облыс аумағында білім басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 1 нысан – Кербұлақ ауданының Қосағаш орта мектебі апатты деп танылды. Тексеру нәтижесі бойынша материалдар шешім қабылдау үшін ауданаралық экономикалық сотқа жіберілді. Сот шешімі бойынша мектептің апаттық екі ғимараты жабылып, оқу үдерісі апатты емес бір оқу ғимаратында 2 ауысымда жүргізіледі. Жаңа мектеп ғимаратын салу үшін жер телімі бөлініп, жоба құжаттары дайындалды. 2019 жылы 80 орындық мектеп салу үшін 761 млн теңге қаражат бөлінді.

Алматы облысында 741 елді мекенің (731 ауылдық елді мекен және 10 қалалық), 624 елді мекендері орталықтандырылған су жүйесімен, 85 орталықтандырылмаған (құдықтар, ұңғымалар, бұлақтар), 1 - ашық су көздері – тау өзендерінен және 3 - тасымалданатын сумен қамтамасыз етілген.

Орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 96,9% құрайды, Республикалық көрсеткіште 92,2%. Орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 2,9% құрайды, (6,7%).

2018 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда бақылаудағы су құбырларының саны 77 -ге 479-дан, 556-ға (Ақсу - 2; Жамбыл - 32, Іле - 3 Қарасай - 14, Кербұлақ - 17, Көксу - 1, Сарқанд - 4, Райымбек - 4) артты.

Сонымен қатар орталықтандырылмаған су жүйесінің саны 122 –ден 70-ке азайды.

2019 жылдың 1 жарты жылдығына ерекше тәртіп тексерісіне 165 су құбыры жүйелері жоспарланған, қазіргі уақытта 1 тоқсанда оның 26 немесе 15,8% тексеріспен қамтылды, барлық тексерілген нысандарда бұзушылықтар анықталып, әкімшілік шаралар қолданылды.

Радиациялық ахуал бірқалыпты, радиациялық фон 0,11-0,18 мкЗв/сағ. құрады. Облыс бойынша 180 рентген кабинеттері жұмыс жасайды. 2019 жылдың 1 тоқсанында оның 8 өтініш бойынша санитариялық-гигиеналық тексеріспен қамтылды.

Облыста өнімдердің (тауарлардың) бақылау үлгілерін сатып алу және олардың Кеден одағының техникалық регламенттері мен ұлттық заңнама талаптарына сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу жолымен өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу жалғасуда.

2019 жылдың 3 айында өнімдер қауіпсіздігінің мониторингі шеңберінде өнімдердің (тауарлардың) 700 сынамаларына сараптама жүргізілді, оның ішінде 14% техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді.Сәйкес келмейтін сынамалардың жалпы санынан 68% тамақ өнімдеріне тиесілі, 32% өнеркәсіптік тауарлар тобына тиесілі.Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдерге сәйкес келмейтін сынамалардың ішінен - 16% сәйкес келмейтін өнімдер, ет және ет өнімдеріне - 15%, кондитерлік өнімдерге -10%, балық өнімдеріне - 7%, құс етіне, сүт және сүт өнімдеріне, нан-тоқаш, ұн-жарма өнімдеріне, ойыншықтарға, жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне - 6%, аспаздық өнімдерге, жемістерден және көкөністерден жасалған өнімдерге - 4% - дан, өзге де тамақ өнімдеріне - 3%, ауыз суға, алкогольді, алкогольсіз сусындарға, парфюмерлік-косметикалық өнімдерге - 2% - дан, ескерту.

Анықталған бұзушылықтар бойынша шаруашылық субъектілеріне 11 ұйғарым берілді. Ұйғарымдарды орындамағаны үшін 9 шаруашылық субъектілері 1343100 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімімен 1 тоқсанда «Қауіпсіз өнімді таңда», «Сенің денсаулығың сенің қолыңда!» «Таза қолдар», «Болашаққа қадам!», «Дене белсенділігі» тақырыптар бойынша 74 акция, 24 семинар және 6 дөнгелек үстел өткізілді, әлеуметтік желілерде және баспа басылымдарында 71 мақала жарияланды.  

Темекі шегуден және түтінсіз темекіні тұтынудан бас тарту бойынша департаменттің және оның аумақтық басқармаларының әлеуметтік желілерінде 43 мақала жарияланды. Талдықорған қаласының № 4 орта мектебінде 1 флешмоб өткізілді, тұрғындар мен медицина қызметкерлерімен, колледж, жоғары оқу орындарының студенттерімен шылым шегуден болатын зиянды жариялау мәселелері бойынша 18 кездесу өткізілді. Алкоголь өнімін тұтынудан бас тарту бойынша 31 департаменттің және оның аумақтық басқармаларының әлеуметтік желілеріндегі мақала жарияланды. Алкогольдің зияны туралы 111 ақпараттық-білім беру материалдары таратылды, Талдықорған қаласының колледж және жоғары оқу орындарының студенттерімен 5 кездесу өткізілді. Артық дене салмағының немесе семіздіктің, дене белсенділігінің және дұрыс тамақтанудың болмауы бойынша департаменттің және оның аумақтық басқармаларының әлеуметтік желілерінде 18 мақала жарияланды, дұрыс тамақтануды насихаттау бойынша мектептермен 21 кездесу өткізілді.

Жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдарға, өнеркәсіп кәсіпорындарына, әлеуметтік объектілерге дене шынықтыру минутын енгізу туралы хат жіберіліп, 174 мемлекеттік мекемеде, 41 өнеркәсіптік кәсіпорындарында, 38 әлеуметтік нысандарда енгізілді. Департамент және оның аумақтық басқармалары тұрақты негізде жұмыс күні ішінде дене шынықтыру минутын өткізеді.

ДДҰ "денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" жобасын енгізу бойынша мектеп директорлар мен үйлестірушілер арасында семинар өткізілді. Бағдарламаны 47 мектеп жүзеге асыруда.Білім басқармасы және денсаулық сақтау басқармасымен аталған жобаны енгізу бойынша 3-жақты меморандумға қол қойылды.

Салауатты тамақтану бойынша супермаркеттер мен шағын маркеттерге 42 сөре ұйымдастырылды. Қоғамдық тамақтану объектілерімен «тұзды үстелінен алып тастау» пункті бойынша 105 меморандум жасалды.

2019 жылы 29 наурызында қант пен тұзды төмендету бойынша әскери қызметшілердің тамақтану нормаларына ұсыныстар енгізу туралы дөңгелек үстел өткізілді. Әскери қызметшілер мен курсанттардың салауатты өмір салтын ұстануын арттыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы 10 меморандум жасалды.

Инстаграм мен фейсбук әлеуметтік желілерінде (ohranniki_zdorovya) үнемі ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күні инстаграмда 144 жарияланым, 8101 жазылушы, фейсбукте 144 жарияланым, 5000 достары, 4938 жазылушы бар.


Орналастырылған күні: 25.04.2019 11:27

Өзгертілген күні: 25.04.2019 11:29:32

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх