Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +24 oC
2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2018 ж. 1 жартыжылдығында облыстағы туристік нысандарға 617,4 мың адам келді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 23,7%-ға жоғары.

3,9 млрд. теңге көлеміне ақылы туристік-сауықтыру қызметтері көрсетілді, 2017 жылмен салыстырғанда 43,7%-ға артық.

2018 жылдың 1 жартыжылдығында 17 нысан (1,3 млрд. теңге) қолданысқа берілді. Статистика департаментімен бірлесе атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша ОКЭД-55 статистикалық есебіне Талғар ауданында 4 нысан тұрды. ҚР статистика комитетінің көрсеткіші бойынша 2018ж. 1 тоқсанында орналастыру орындарының көрсеткіштері бойынша физикалық көлем индексі 160,3 % құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 58,8%-ға жоғары.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 57-қадамын жүзеге асыру бойынша Талғар ауданында «Ақбұлақ» халықаралық туристік орталығы жобасының құрылысы жалғасуда. 2018 жылға - 292,7 млн.теңге жоспарланған, қаңтар-мамыр айларында 142,2 млн.теңге игерілді.

2018 жылы Еңбекшіқазақ ауданында құны 732,7 млн.теңгені құрайтын «Есік» тау шаңғы курорты («Экстремал Спорт Туризм» ЖШС), Талғар ауданында жоспарлы инвестиция соммасы 31 млрд. теңгені құрайтын «Апорт-Ақтас» тау-шаңғы курорты құрылысының жобасын іске асыру жоспарлануда.

Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауын іске асыру мақсатында, ішкі және кіру туризмін дамыту маңыздылығын ескере отырып, облыстық туризм басқармасымен 2018-2020 жылдарға арналған Алматы облысында туризмді дамытудың Жол картасы әзірленіп, бекітілді (бұдан әрі – Жол карта). Баса назар облыстың туристік әлеуетін зерттеуге бойымен инфрақұрылымдық нысандар, соның ішінде ұлттық парктерде этнографиялық ауылдар мен туристік кешендер маршруттары бойынша сервистік кешендер (атап айтқанда ағызбалы әжетханалар) салуға бағытталған.

Жол картасын іске асыру аясында туристік сала мәселелері бойынша қызығушылық танытқан жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен селекторлық жиналыс өткізілді. Аталған жиын барысында мемлекеттік-инвестициялық туристік жобалардың механизмі және агротуризм саласын дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, облыста туризмді дамытудың жұмыстық тобының құрамы жаңартылды. Облыс әкімінің орынбасары А.Байжановтың төрағалығымен Алматы облысының мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің инфрақұрылымын дамыту және туристік орталықтар құру мәселелері бойынша жиын өткізілді.

Туризм индустриясы саласын дамыту сұрақтары бойынша облыс әкімі А.Баталов инвесторлармен, туризм саласының бизнес өкілдерімен және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, «Алма-Тау» туристік класстер ассоциациясымен кездесу өткізді.

Алматы аймағының туристік кластері Дүниежүзілік банктің «шағын және орта кәсіпкерлерінің бәсекелестігін арттыру» жобасы аясында пилоттық класстер ретінде анықталды. Ағымдағы жылдың наурыз айында «Қазақстандық индустриялық дамыту институты» АҚ және «Informacion Y Desarollo» (Испания) компаниясымен жұмыстық кездесулер өткізілді. Сондай-ақ, аталған кездесуге Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы, «Жетісу» ӘКК және Алматы аймағының туристік кластері ассоциациясының өкілдері қатысты.

Қазіргі уақытта тау кластерін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жамбыл облысының шекарасынан Қытай Халық Республикасының шекарасына дейінгі перспективалық аймақтық объектілерді қосу арқылы тау кластерінің бірыңғай тұжырымдамасы әзірленуде. Қазақстан үшін бекітілген 14 жобаның 7-сі Алматы облысында орналасқан.


Алакөл көлінің жағалауында туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Ағымдағы жылдың 9 мамырында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев жұмыс іссапарымен Алматы облысы Алакөл ауданында болып қайтты.

1 жартыжылдықта Алакөл ауданында мониторинг көрсеткіші бойынша ақылы туристік-сауықтыру қызметінің көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 50%-ға артып, 1,3 млрд. теңгені құрады. Орналастыру орындары нысандары 35,4%-ға ұлғайды. (195 нысан).

Бірінші жартыжылдықта туристерді қабылдауға арналған 14 нысан қолданысқа берілді. Инвестиция құны – 1,0 млрд. теңге, соның ішінде 150 орындық «Ақниет» демалыс базасының құрылысы аяқталды, жоба құны 100, млн. теңге. 400 орындық көпсалалы қонақ-үй кешенінің құрылысы жалғасуда, инициатор - ТОО «Falcon Petroleum». Жобаның жалпы құны – 2,3 млрд. теңге. 2018 жылы барлығы 2,9 млрд. теңге соммасын құрайтын 19 нысанды қолданысқа беру жоспарлануда.

578,4 млн. теңге соммасына, Талдықорған-Астана-Талдықорған, Астана-Үшарал-Астана, Алматы-Үшарал-Алматы, Талдықорган-Үшарал-Талдықорған бағыттары бойынша «Алматы-Жетіген-Достық» (аптасына 3 рет, 2,5 ай, ЖБ) желісі мемлекеттік бюджет есебінен субсидияландырылады.

ҚР Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың 13-15 маусымында туризм басқармасы Алакөл ауданының әкімдігімен бірлесіп Алакөл көлінің жағалауында жазғы туристік маусымның ашылуын өткізді. Шара барысында демалыс аймақтары және базалары өкілдеріне арналған семинар-тренинг өткізілді. 15-тен аса қонақ-үйлердің инспекциясы ұйымдастырылды. Ірі қонақ-үйлер ішінде «Grand Ville resort», «Alakol resort», «Aquamarin resort», «Пеликан», «Atlantis» демалыс аймақтары.

Туризм басқармасымен Алматы облысының туристік өнімін ішкі және сыртқы нарықта жылжыту жұмыстары жүргізілуде. Облыстың туристік әлеуеті Мәскеу қаласында өткен (MITT-2018) туристік көрмесі, Берлин қаласында өткен (ITB-2018) туристік көрмесі, Гонконг қаласында ITE HK&MICE туристік көрмесінде көрсетілді. Көрмелерде шетелдік туроператор, БАҚ, BBC телеарнасы өкілдерімен кездесулер өткізілді. Кездесулер аясында бірлескен коммерциялық емес жобалардың уске асырылуы келісілді.

2018 жылдың 18-20 сәуірі аралығында облыстың туристік әлеуеті «KITF-2018» халықаралық туристік көрмесінде ұсынылды. Көрме аясында Алматы облысының агротуризм нысандарының презентациясы, В2В форматында воркшоп, «Цифрлық маркентингтің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында семинар, шетелдік туристік компаниялар өкілдеріне арналған ақпараттық-тур өткізілді.

Қазақстан және Қытай Халық Республикасы туристік индустрия өкілдеріне арналған B2B форматында бірқатар воркшоптар ұйымдастырылды. Сиань және Ченду қалаларының туризм басқармаларымен ортақ келісім туралы меморандумдарға қол қойылды. Сондай-ақ, серіктес ретінде «SCAT» әуекомпаниясының презентациясы көрсетілді. Шараға «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасы ақпараттық қолдау көрсетті.

Сонымен бірге, Новосибирск қаласында (РФ) туристік бизнес өкілдеріне арналған B2B форматында воркшоп өткізілді, Алматы облысының туристік әлеуетінің презентациясы ұсынылды. Новосибирск қаласының туристік бизнес субьектілеріне қонақ-үй кешенінің презентациясы өткізілді. Сондай-ақ, Алматы облысында демалу сертификаттары ойнатылды. Алматы облысының туризм басқармасы мен Ресей Федерациясы Новосибирск облысының экономикалық даму министрлігімен туризм саласы бойынша меморандумға қол қойылды.

2018 жылдың 21-28 маусым аралығында Сарқан ауданының Балқаш көлі акваториінде Алматы облысы әкімі Кубогының халықаралық желкенді регата ұйымдастырылды. Іс-шараға 20 команда қатысты, соның ішінде Италия, Ресей, Қазақстан командалары болды.

          ««Рухани Жаңғыру»» бағдарламасын іске асыру аясында Алматы облысының ақпараттық қызмет орталығымен мектеп және туристік орталықтар оқушыларына арналған «Жетісудың жеті кереметі» «Ақындар мен батырлар мекені», «Путь лидера», « 375-ти летие Орбулакской битвы» және т.б. тақырыптарда экскурсиялар өткізілді. Қатысушылардың жалпы саны 600 астам болды.

Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында, әуежайларда, теміржол вокзалдарында және теміржол вокзалдарында республикалық маңызы бар қалалар мен аудандарда сыртқы жарнаманы жаңарту және орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Халықаралық және республикалық көрмелерде аймақтың брендін алға жылжыту үшін рәміздерді қолдана отырып, кәдесый өнімдерін, жарнамалық және имидждік өнімдерді әзірлеу және шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Алматы облысының тұрғын үй-жайларында жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыру және өңірдегі аграрлық туризмді дамыту мақсатында аграрлық туризмді ұйымдастыру механизмдері мен тұру мекемелерінің өкілдерінің практикалық дағдыларын жетілдіру бойынша мастер-класс өткізілді. 50-ден астам адам, соның ішінде шаруа және фермерлік шаруашылықтардың 24 өкілі қатысты. Мастер-класс шеңберінде облыстың туризм, ауыл шаруашылығы басқармасы мен аграрлық туризмді дамыту бойынша шаруа және фермерлік қожалығының басшылары арасында меморандумға қол қойылды.

2018 жылдың 9-14 сәуірі аралығында Талдықорған қаласы, Панфилов және Ұйғыр аудандарында мемлекеттік қызметшілер, полиция қызметкерлері, кеден қызметкерлері, көші-қон қызметі, әуежай, туристік агенттіктердің өкілдері үшін «Қонақжайлылық стандарттары және коммуникативтік дағдылар» тақырыбында тренингтер өткізілді.

Тренинг мемлекеттік органдар мен туристердің жұмысының тиімділігі мен өзара іс-қимылын арттыру, мақсатында өткізілді. Тренингтерге 180 адам қатысты.



Орналастырылған күні: 25.07.2018 09:57

Өзгертілген күні: 25.07.2018 09:59:44

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх