Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +3 oC

Абайлаңыз улы газ !


Өрттерді талдау бойынша жылпы өрт санының көп бөлігі тұрғын секторында тіркелген, оның басты себебі тұрғындардың өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан болады, айта кетсек пештін үстінде киімдерді кептіру салдарынын, пештің аузы дұрыс жабылмауынын және де пештің жалпы жағдайын қадағаламағандықтан орын алды. Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан тұрғындар өрттен жане улы газбен улану оқиғаларынан зардап шегуде. Улы газбен уланудың басты себебі пештің түтін шығаратын мұржаларының уақытылы тазаланбауы және жылыту пештерін ақаулықпен немесе дұрыс пайдаланбауынын болып табылады.

2018 жылдың басынын Талдықорған қаласының аумағында адамдардың улы газдан улану оқиғалары көбеиіп кетті.  Осы жылдың басынан жарты ай ішінде 29 адам улы газбен уланды оның ішінде 12-сі жас балалар. Уақытылы көрсетілген жедел медециналық көмек арқасында осы оқиғаларда зардап шекен адамдардың қаза табуын алдын алды.

Улы газ дегеніміз - бұл адам көзіне көрінбейтін иісіз улағыш газ, улы газдан адам бірнеше минут ішінде қаза табуы мүмкін. Улы газ кез келген жанғыш затты жағу кезінде бөлінетіні белгілі, мысалы газ, мұнай, отын, көмір т.б. Егер де жанғыш заттарды жағатын құралдармен жылыту пештері ақаулықсыз және орынды пайдаланса, бөлінген улы газ адам ағзасыны ешқандай зиян келтірмейді.

Улы газдың пайда болу көздері газ, көмірмен жанатын пештер, газ құралдары, және улы газ бөлетін қозғалтқыштар. Жылыту пештердегі жырықтар, бітелген мұржа құбырлары улы газдың үйге кіріуінің себепкері болады.

 Талдықорған қаласының Сапиев көшесіндегі 2018 жылғы 7 қаңтар күнінде улы газбен улану оқиғасы орын алды. Талдықорған қаласының  Облыстық ауруханасына улы газбен улану диагнозымен бір отбасынан 5 бала түсті, жастары 4 айдан бастап 10 жасқа дейін. Уланудың себебі жылыту пештің ақаулығы болды. Осы тіркелген жағдайды айта отырып, Талдықорған қаласының тұрғындарынан сұрайтынымыз, өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтаңыздар, немқұрайлық таныту және өрт қауіпсіздік ережелерін ұстанбау салдарынан осы болған оқиға сіздердің үйлеріңізде орын алуы мүмкін.

Талдықорған қ. ТЖБ 

МӨББ аға инженері
азаматтық қорғау лейтенанты
А.Қ. Дубеков      


            


Орналастырылған күні: 19.01.2018 14:45

Өзгертілген күні: 19.01.2018 14:48:08

Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх