Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC
«Алматы облысы Қарасай ауданы Қайнар аулында сумен жабдықтау жүйесін салу және реконструкциялау»

«Алматы облысы Қарасай ауданы Қайнар аулында сумен жабдықтау жүйесін салу және реконструкциялау»

«Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының» бұйрығы 1-тарау, 2 бөлімі 1-қосымшасыңың 12-тармақшасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерін, қаржылық және өзге ұйымдарды мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) жобаларды жоспарлауға, жоспарлаудың ашықтығын арттыруға тарту мақсатында аталған жобаны іске асыруға ынта білдіру сұранысы туралы хабарлайды.
Жобаның атауы:
«Алматы облысы Қарасай ауданы Қайнар аулында сумен жабдықтау жүйесін салу және реконструкциялау»
Өңірі:
Алматы облысы, Қарасай ауданы Қайнар ауылы
Саласы:
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Жобаның болжамды құны:
"Мемсараптама" РМК-ның 2017 жылғы 18 қазандағы №АС-0038/17 қорытындысы алынған жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарының құны 249,642 млн. теңгені құрайды.
Жобаның мақсаты:
Қарасай ауданы Қайнар ауылының су ресурстарын қолжетімділігін арттыру, ауыз су және шаруашылық су сапасын жақсарту және халықтың санитарлық-гигиеналық тұрмыс деңгейін жоғарылату арқылы аймақтағы әлеуметтік-экологиялық жағдайды жақсарту.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестігінің түрі:
Алынған ұсыныстар негізінде анықталады.
Жеке серіктестікті анықтау тәсілі:
Тараптардың келісімі бойынша айқындалады
Мемлекеттік қолдаудың болжамды шаралары:
Инвестициялық шығындарды өтеу. Тараптардың келісімі бойынша анықталатын шығындарды өтеудің басқа да көздері болуы мүмкін.
Жобаның іске асыру мерзімі:
2018-2039 жж.
Нысан құрылысының басталу мерзімі:
2018 ж.
Нысан құрылысының аяқталу мерзімі:
2019
Нысанның пайдалану мерзімі:
Алынған ұсыныстар негізінде анықталады.
МЖӘ-нің негізгі параметрлері мен талаптары:
1) Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу, бірақ онымен шектелмей:
2) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 5-тарау 32-бабына сәйкес әлеуетті жекеше әріптеске қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі керек.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы "Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 165 бұйрығына сәйкес
Жобаға жауапкершілік деңгейінің 2 (техникалық күрделі) деңгейі анықталды.
Ұсыныстарды ұсынудың соңғы мерзімі:
2018 жылғы 15 маусым
Жауапты тұлғаның байланыс телефондары:
Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ауыз сумен жабдықтау бөлімінің басшысы Бейсбаев Азамат Қанайбекұлы
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, №26, 508 бөлме
Жұмыс телефоны: 8 (7282) 32-96-71
Ұялы телефон: +7 775 315 15 86
E-mail: voda.gaz.tk@mail.ru

«Алматы облысының мемлекеттік-жекеменшік әріптестік өңірлік орталығы» ЖШС-нің инвестициялық жобалар басқармасының басшысы
Қалиев Руслан Сулянұлы е-mail: czentr2000@mail.ru
8 (7282) 32-90-79 , ұ,т.: + 7 701 117 35 35

Орналастырылған күні: 17.05.2018 15:08

Өзгертілген күні: 17.05.2018 15:09:29

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх