Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +30 oC
Алматы облысы Балқаш аудандық білім бөлімінің «№1 Бақанас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесін қайта атау туралы

Алматы облысы Балқаш аудандық білім бөлімінің «№1 Бақанас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесін қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Балқаш аудандық білім бөлімінің «№1 Бақанас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі - Балқаш аудандық білім бөлімінің «Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі болып қайта аталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Файлы:  Загрузить (87.73 КБ, docx)

Орналастырылған күні: 04.06.2018 16:58

Өзгертілген күні: 04.06.2018 17:03:04


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх