Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +18 oC
Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпарат

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпарат


Сыбайлас жемқорлық туралы құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында Алматы облысы әкімдігінің және аудан, қала әкімдіктерінің қаулыларымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілген.

Облыс әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың 2017 жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітілді.

2017 жылы бекітілген жоспарға сәйкес ведомствоаралық комиссиялардың 2 отырысы өткізілді. Отырыстың қорытындылары бойынша орындау мерзімі көрсетіле отырып тапсырмалар берілді.

Бірінші тоқсанда "Нұрлы Жол" бағдарламасы бойынша бөлінген қаражаттың ашықтығын қамтамасыз ету және пайдалану тиімділігі  бойынша қабылданған шаралар туралы" және "Қоғамды сыбайлас жемқорлыққа  қарсы әрекетке тартудың негізгі тетіктері» жөнінде мәселелер қаралды.

Екінші тоқсанда «Алматы облысындағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған аймақтық іс-шаралар жоспарын орындау бойынша  жасалған жұмыстардың нәтижелері туралы», «Облыстың мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және азайтуға (жоюға) бағытталған талдаудың нәтижелері туралы» мәселелер қаралды.

Алматы облысының барлық аудандары және облыстық маңызы бар қалалары, облыстық басқармалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарқынды жұмыс жүргізіп отыр.

Апта сайын аппараттық отырыстарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзуға жол бермеу және сақтау бойынша мәселелер қаралады. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының нормаларын зерттеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Барлық мемлекеттік органдарда сенім телефондары, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарына арналған жәшіктер орнатылған.

Әдеп бойынша уәкілетті мемлекеттік қызмет саласында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы салада Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Этикалық кодекстің талаптарын сақтау жөнінде мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек көрсету бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.

Ағымдағы жылдың 6 айында мемлекеттік қызметшілердің және азаматтардың әдеп жөніндегі уәкілеттіге өтінішпен жүгіну фактілерінің саны 24-ті құрады. Жыл басынан бері әдеп жөннідегі уәкілетті 10 іс-шара өткізіп (семинарлар, дөңгелек үстелдер және т. б.), 4 мақала жарияланды.

Ақпаратты (аты-жөні, лауазымы, фото, байланыс телефоны, азаматтарды қабылдау кестесі) әдеп жөніндегі уәкілетті интернет-ресурста және облыс әкімінің ғимаратында, сондай-ақ "Жетісу", "Огни Алатау"облыстық газеттерінде жариялады.

Бес институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі комиссиясының төрағасымен Алматы облысында 100 нақты қадам Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.

Жоспарда тәуелсіз бақылаушылар мен сарапшылардың қатысуымен конкурстық рәсімдерді өткізу, жол-патрульдік полиция қызметкерлерін бейнетіркегіштермен қамтамасыз ету, өзін-өзі дамыту және жергілікті өзін-өзі басқару арқылы азаматтардың шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелі ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру, стратегиялық жоспарларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын, бюджеттерді, есептерді, бағдарламалық құжаттардың жобаларын талқылау кезінде, мақсатты индикаторларға қол жеткізуде мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту, қоғамдық кеңестердің мәртебесін және өкілеттігін бекіту, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының қызметі туралы қоғамдық кеңестердің қызметтері туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және мемлекеттік мекемелердің интернет-ресурстарында орналастыру іс-шаралары қарастырылған.

Сондай-ақ, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселер бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі консультативтік-кеңесші органдарға Облыстық Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері тартылғанын айта кету қажет.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 16 және № 18 бұйрықтарына сәйкес мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Жыл басынан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 76 ішкі талдау, 20 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, 7 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар әзірленді.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында және қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимылға тартуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы 400-ден астам әр түрлі іс-шаралар өткізілді (семинарлар, дөңгелек үстелдер және т. б.).

Іс-шаралар прокуратура, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаменті, облыстық ішкі істер департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросының облыстық департаменті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент қызметкерлерінің қатысуымен өтіп отырады.

"Болашаққа парасыз. Бірге!" атты акцияны іске асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 22 мобильді топ құрылды (2 топ – облыс бойынша ҚР МҚІА Департаментінде, 2 топ – Талдықорған қ., 18 мобильдік топ - қалған 18 ауданда), олар 20 000-нан астам тұрғындармен48-ден астам кездесулер өткізді, оның ішінде 20-сы орынға барып кездескен.

Мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде 673 облыс мектептерінде "Адал Ұрпақ" атты ерікті мектеп клубтары құрылып, жұмыс істеуде, 18 000 астам оқушылар қамтылды, мектеп аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіліп тұрады.

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру үшін жастар арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау мақсатында, ағымдағы жылдың наурыз айында "Адал ұрпақ" атты   ерікті мектеп клубтар арасында футбол ойындары басталды. Ойындар 4 жастық топтар арасында өткізіледі, 1 300 оқушыдан құралған 88 командалар қатысады.

Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспен жүргізілген жұмыстар мен рәсімдердің жариялылық пен ашықтық көрсеткіштерімен байланыстағы маңызды аспектісі, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды, интернет-ресурстарды, web-порталдар, сайттар және т. б. қолдану және пайдалану болып табылады,

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты мәселелер бойынша диалогқа қол жеткізу мақсатында облыс әкімдігінің, аудан, қала және облыстық басқармалардың  ресми сайттары мен жеке блогтары жұмыс істейді.

Кәсіпкерлердің құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында  әртүрлі мемлекеттік органдардағы қызметкерлердің заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру және заңсыз араласуын болдырмауға бағытталған жұмыстар жасалуда. Кәсіпкерлердің орын алған құқық бұзушылық пен қылмыстар туралы, сонымен қатар бақылаушы құрылым мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне берген арыздары мен шағымдарын уақытылы, әрі тиімді қарауға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудың маңызы үлкен. Мәселен, "Жетісу", "Огни Алатау" облыстық газеттерінде, 19 аудандық, қалалық газеттерде: "Сыбайлас жемқорлықсыз өмір», "Жемқорлық – індет, оны жою міндет", "Жемқорлыққа қарсы күрес", "Жиын желісі – жемқорлықтың алдын алу", "Сыбайлас жемқорлық және күрес принциптері», "Сыбайлас жемқорлыққа "нөлдік" төзушілік", "Жемқорлық індет", "Жемқорлыққа жол жоқ", "Жемқорлықпен күрес басты міндет", "Жемқорлыққа қарсы күрес" атты тақырыптағы мақалалар жарияланды. Жыл басынан бері жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында 400-ге жуық материалдар жарық көрді.

"Жетісу" телеарнасында 40-тан астам телесюжет көрсетілген. Апта сайын мемлекеттік және орыс тілдерінде эфирге "Прокурор уақыты– Время прокурора» атты бағдарлама шығады, онда үнемі мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралады.

Сондай-ақ, телеарнада күн сайын 3 рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шектеуді халыққа түсіндіру мақсатында 6 минуттық және 1 минуттық 2 бейнеролик көрсетіледі.

Бүгінгі күні облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында 69 баннер орнатылған. Күн сайын Талдықорған қаласының орталық алаңында LED-экранда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің департаменті ұсынған бейнероликтер көрсетіледі.

"Нұр Отан" партиясының "Өзіңнен Баста!" акциясы аясында жыл сайын басқарма басшыларының кірістері мен мүліктері туралы мәліметтер жарияланды.

Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облысы бойынша департаментінің қатысуымен брифингтер ұйымдастырылып, өткізіледі. Жыл басынан келесі тақырыптар бойынша брифингтер өткізілді: "Жемқорлықпен күрес - баршаға ортақ міндет" "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ іс", "Өңірлердегі мобильді сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтар", "Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлерін аттестаттау қорытындысы".

Мемлекеттік органдардың арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында аудан, қала әкімдерінің мемлекеттік органдардың, аккаунттарында, әлеуметтік желілерде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруға бағытталған материалдар орналастырылады

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмыс жетілдірілуде, мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар жұмысына бақылау күшейтілді. 174 мемлекеттік қызмет регламенті әзірленді және қабылданды

Облыста халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында "Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры арқылы 15 лицензия түрлерін және 45 рұқсат беру жүргізіледі, "Е-әкімдік" ақпараттық жүйесі арқылы 20 мемлекеттік қызмет электрондық форматқа ауыстырылды, оның ішінде 18-і  "Электрондық үкімет" порталына шығарылды.

Облыс бойынша барлығы 1 274 мың қызмет көрсетілген, оның ішінде 22 960-ы мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген. Олардың сапасы мен мерзімдеріне ай сайын мониторинг жүргізіледі.

2017 жылдың 1 маусымы мен 2017 жылдың 31 желтоқсаны арасында "Innovationresearch"  әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі» ММ-сі "Алматы облысының ішкі саясат басқармасы" ММ-нің және "Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша агенттігінің Алматы облысының департаменті" ММ-нің  тапсырысы бойынша «Алматы облысындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына қоғамдық мониторинг» тақырыбында әлеуметтік зерттеу өткізеді. Ағымдағы жылдың 4 тоқсанында әлеуметтік сауалнама жүргізу жоспарланған "Мемлекеттік органдардың қызметін ҮЕҰ, БАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін бағалау тақырыбында әлеуметтік сауалнама жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға тұрақты жәрдем көрсететін журналистер арасында спикерлер пул ұйымдастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы облыстық Департаменттің ерекше назары мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында бюджеттік қаражатты ұрлаудың жолын кесуге бөлінеді, өйткені оларды іске асыру аумақтың әл-ауқатының тұрақты дамуының пәрменді құралы болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына жол бермеу, олардың орындалуын қадағалау мәселелері аудан, қала әкімдерінің және облыстық басқарма басшыларының қатаң бақылауында. Осы бағытта  жұмыстар атқарылып жатыр. 

   

Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімі

                                                                                           


Орналастырылған күні: 08.08.2017 12:12

Өзгертілген күні: 08.08.2017 12:14:02

Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх