Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +18 oC
Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы коммисиясының атқарылған жұмыстары

Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы коммисиясының атқарылған жұмыстары

Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 маусымындағы №254 қаулысымен Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілген.

Жоспар бойынша 44 іс-шара орындау қарастырылған, оның ішінде: орындалу мерзімі 2015 жылдың 2-тоқсанына 13 шара (13, 25, 26, 28, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 42 тармақтары) 2015-2017 жылдардың 4 тоқсанына 6 шара (1, 7, 9, 19, 21, 44 тармақтары), 2016 жылдың 1, 2 тоқсандарына 3 шара (4, 5, 43), тұрақты 12 шара (2, 3, 6, 10, 11, 14, 15, 16, 18, 20, 27, 40), жыл сайын 10 шара (8, 12, 17, 22, 23, 24, 29, 30, 31, 41) жоспарланған.

Осы орайда, 2016 жылға жоспарланған іс-шаралардың орындалуы бойынша келесі ақпаратты ұсынамыз:

Барлық мемлекеттік органдарда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және хаттарын қабылдау үшін сенім телефондары мен жәшіктер орналастырылған.

Сонымен қатар, облыс әкімі аппараты басшысының 2016 жылғы 25 қаңтардағы бұйрығымен Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары облыс әкімінің кеңесшісі Өмірәлиев Талғат Әбенұлына жүктеген. Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ақпарат (Т.А.Ж., лауазымы, суреті, байланыс телефоны, азаматтарды қабылдау кестесі) облыс әкімі аппаратының интернет-ресурсында және ғимаратында, сонымен қатар, облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттерінде жарияланған, ол жерде мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп кодексі заңдылықтары талаптарының сақталуы мәселелері жөнінде кеңес беру қарастырылған. Ағымдағы жылдың 8 айында Әдеп жөніндегі уәкілге мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жүгіну фактілерінің саны – 21, Әдеп жөніндегі уәкіл өткізген іс-шаралар саны – 18, телеарнадағы көрсетілім саны – 1. Ағымдағы жылдың басынан 26 мемлекеттік қызметші әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жазаға тартылған.

Сапалы кадрлық құрам қалыптастыру, ашықтық және командалық ауысуды болдырмау мақсатында, облыстық жергілікті атқарушы органдарының ваканттық әкімшілік мемлекеттік лауазымдар бойынша конкурстық комиссия отырысына бақылаушылардың және сарапшылардың қатысуын жүзеге асыру толыққанды іске асырылуда.

Сонымен қатар, бес институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі комиссияның төрағасымен Алматы облысы бойынша «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының қадамдарын нақты жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, онда конкурс процедураларында тәуелсіз байқаушылар мен эксперттердің қатысуы қарастырылып, жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында барлық өткізілген конкурстарға 100% байқаушылар мен эксперттер қатысты.

Шекаралық бақылау бөлімшелерінің, ішкі істер органдарының және мемлекеттік кірістер органдарының кеден қызметінің қызметкерлері үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтау нормалары әзірленген жағдайда жергілікті атқарушы органдар келісу барысына қатысатын болады.

Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік бiлiм беру тапсырысын орналастыру конкурсына құжаттарды қабылдау процесін автоматтандыру мәселесін пысықтау бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне төмендегі ұсыныстар енгізілді:

- республика бойынша барлық құжаттарды қабылдау бір мезгілде автоматтандырылса;

- оқу орындарында құжаттарды қабылдау мамыр айының аяғына дейін белгіленсе;

- мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына тапсыратын құжаттардың тізімінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі бiлiм беру қызметін жүргізу құқығына берілген мемлекеттік лицензиямен мамандар даярлау бойнша материалдық-техникалық базасы туралы мәлімет болса.

Бұқаралық ақпарат құралдарында атап айтсақ, облыстық «Жетісу», «Огни Алатау», 19 аудандық, қалалық газеттерде төмендегі тақырыптар бойынша басылымдар жарық көрген: «Жемқорлықтың алдын алу басты міндет», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – азаматтық міндет», «Жемқорлық індет, жою – міндет», «Сыбайластық қоғам дерті», «Құныққандар құрыққа түсті», «Пара беру – қылмыс», «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – жалпыға ортақ міндет», «Жемқорлыққа жол жоқ», «Коррупция – основы понимания», «Борьба с социальным злом», «Принципиальная борьба с коррупцией требует участия всего казахстанского общества», «Искоренение коррупции в госорганах», «Надо бороться всем миром», «Инструмент противодействия коррупции», «Проверки под контролем», «Мемлекет пен халық арасында алшақтық жоқ», «Жемқорлықпен күрестің жаңа кезеңі», «Укрепление государственности», «Нарушать закон - себе дороже». Бірінші жартыжылдықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар тақырыбына 115-тен астам мақала жарық көрген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар тақырыбына облыс бойынша 23 баннер орнатылған. Күнделікті Талдықорған қаласының орталық алаңында орналастырылған LED-экран бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыс бойынша департаменті ұсынған бейнероликтер көрсетіледі.

«Нұр Отан» партиясының «Өзіңнен баста» акциясы аясында жыл сайын басқарма басшыларының мүлік және жеке табыстары жөніндегі мәліметтер жарияланады.   

Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қозғайтын мәселелер бойынша үнқатысуға қол жеткізу мақсатында облыс, аудан, қала әкімдіктерінің және облыстық басқармалардың ресми сайттары және олардың жеке блогтары жұмыс жасайды. Облыс әкімдігінің ресми сайтында (zhetysu.gov.kz) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бөлімшесінде арнайы ақпараттар орналастырылған және үнемі жаңартылуда. 

Апта сайын аппараттық жиналыстарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтар бойынша бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі мәселелер қарастырылады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңдары нормаларын оқу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Атап айтсақ, Панфилов ауданының Үлкеншыған ауылы «Шұғыла» балабақшасында тәрбиешілер мен техникалық қызметкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің, мешіт қауымының, әйелдер кеңесінің, ақсақалдар кеңесінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында жиын болып өтті. Жаскент, Басқұншы ауылдық округтерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің, орта мектеп мұғалімдерінің, жеке шаруа қожалықтар басшыларының және ауыл тұрғындарының қатысуымен сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жиындар өтті.

Ақсу ауданы әкімі аппараты мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыс бойынша департаментімен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру» тақырыбында марафон өткізілді. Іс-шараға «Нұр Отан» аудандық филиалының қызметкерлері, мәслихат депутаттары, ауданның мемлекеттік қызметшілері, колледж, мектеп директорлары, ақсақалдар кеңесінің, қоғамдық кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.

Осындай активпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыс бойынша департаментінің басшысы С.Ө. Нұрғисаев және Алматы облысы әкімінің кеңесшісі - әдеп жөніндегі уәкілі Т.Ә. Өмірәлиев Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңдары нормаларын, «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бағыты бойынша «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын жүзеге асыру бойынша кездесу өткізілді.

Мемлекеттік органға сенім арттыру мақсатында облыстық мемлекеттік, сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мемлекеттік құрылыс инспекторларының тұрғындармен кездесуі дәстүрге айналды, ол кездесулерде халықты толқытатын мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары нақтыланады және әр облыстың аудан, қала тұрғындары апта сайын атқарылған жұмыстар туралы ақпараттандырылады. Ағымдағы жылдың 22 маусымында Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және кәсіпкерліктің мүдделі тараптарымен бірлескен лицензиялау және құрылыс-монтаждау өндірісі басталуының ескерту тәртібі мәселелерін түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңын түсіндіру мақсатында облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүргізуге халықты тарту» тақырыбында орман, экологиялық сараптама жобалары, су, жануар әлемі, орман пайдалану бөлімдері, «Талдықорған орман шаруашылығы» КММ, «Талдықорғанирригация» ШЖҚ МКК, «Экология» ҒӨО, «Сембаев», «Курмангалиев» жеке кәсіпкерліктері басшыларының қатысуымен семинар өткізілді.

Облыстық білім басқармасымен оқу жылы бойы облыстың жалпы білім беру мекемелерінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында ашық сабақтар ұйымдастырылып, өткізілді, техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде «Таза сессия» акциясы ұйымдастырылды.


Жоспарға сәйкес «STOP КОРРУПЦИЯ!» облыстық айлығы өткізіліп, шара аясында облыстық прокуратура және ішкі істер департаменті қызметкерлерінің қатысуымен колледж оқушыларына арналған құқықтық оқулар ұйымдастырылған. 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстары өткізілді


Ағымдағы жылдың қаңтар, ақпан айларында облыстың колледждерінде қысқы сессия уақытында «Парасыз емтихан» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыс бойынша департаменті мен облыстық білім басқармасының бірлескен жоспар-кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 12-13 мамыры аралығында облыстың орта мектеп базаларында департамент қызметшілерінің аудандық, қалалық білім бөлімі, орта мектеп, колледж, интернаттық мекемелердің басшыларымен, облыстық білім басқармасы қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың, оның барлық көріністерінің алдын-алу жөніндегі мәселелер бойынша кездесулер ұйымдастырылған.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметшілерінің баяндамасы тыңдалып, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол берген білім мекемелері басшыларының жедел ұстауы туралы бейнероликтер көрсетілді.

Тыңдаушылардың назарына 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының негізгі мақсаттары мен міндеттерін ашатын слайдтық материалдар ұсынылды. Жаңа қабылданған заңдар бойынша түсіндірмелер жүргізілді («Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», Әдеп кодексі, «Қоғамдық кеңестер туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және т.б.).

Облыстық білім басқармасы тарапынан облыстың педагог қызметкерлерінің «Адалдық алаңы» сайты іске қосылғаны және осы сайттың тұрақты қолданушылары болып, Елдегі сыбайлас жемқорлықпен күресуге атсалысу мақсатында тіркелулеріне болатыны туралы ақпараттық хат жолданды. Қазіргі уақытта облыстың педагогтары мен басқарма аппаратының қызметшілері сайтта тіркеліп, осымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісімге қосылды.

Оқу жылының аяқталуына орай салтанатты жиындарына, жөндеу жұмыстарына, кеңсе, шаруашылық және басқа заттарын сатып алуға, педагогтарға сый-сияпат жасауға, мектеп бітіру кештерін өткізу және тағы басқа үшін ақша қаражатын жинауға тыйым салу туралы облыстық білім басқармасының бұйрығы шығарылды. Аталған бұйрық облыстың барлық білім мекемелерінің басшыларына басшылыққа алу және орындау үшін жолданды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Алматы облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау үшін, мемлекеттік органдар қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясатты түсіндіру мақсатында, әр мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық жағдайы туралы ақпаратты жеткізу үшін, барлық облыстық басқармалар және аудандық бөлімшелер қызметкерлерінің қамтылуымен кездесулер ұйымдастырылып, кездесу барысында бейнеролик көрсетілді.

Осылайша, жыл басынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері бойынша барлығы 30-дан астам іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, семинарлар, кеңестер, жиналыстар, кездесулер) өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспен байланысты атқарылып жатқан жұмыстардың маңызды аспектісі және мемлекеттік органдардағы рәсімдердің ашықтық пен транспоренттігінің бірден-бір көрсеткіші ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар, интернет-ресурстар, web-порталдар, сайттар және т.б. қолдану және пайдалану болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы қоғамдық кеңестердің 2016 жылға арналған жұмыс жоспарларында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мәселелер көзделген. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 3-тоқсанында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау, қызметкерлердің ашықтығын қамтамасыз ету» тақырыбындағы мәселелерді қарау жоспарланған.

Облыс көлемінде Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауды және рейтингтер беруді жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар тіркелмегендіктен тұрақты негізде өзара іс-қимылды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету мүмкіндігі қарастырылмаған.

Қолданыстағы электронды құжаттар айналымы жүйесі жеке және заңды тұлғалардан «электрондық үкімет» порталы арқылы түсетін өтініштерді қабылдау және жауап беру бойынша ЭҚАБЖ толық ықпалдастырылған.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу мақсатында Алматы облысы және аудан, қала әкімдіктерінің қаулысымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары және 2016 жылға арналған әкімдіктер жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың жұмыс жоспарлары бектіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Бес институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі комиссияның төрағасымен Алматы облысы бойынша «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының қадамдарын нақты жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда, онда төмендегідей шаралар қарастырылған: конкурс процедураларында тәуелсіз байқаушылар мен эксперттердің қатысуы, жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру, оның жол-бақылау полициясы қызметкерлерін, полиция қызметкерлерінің жұмыс ауысымы кезінде атқарған ісінің барлығын жазып отыратын бейнетіркегіштермен қамтамасыз ету, жергілікті өзін-өзі басқару және реттеуді дамыту арқылы азаматтардың шешім қабылдау процесстеріне қатысу мүмкіндігін арттыру, мемлекетке тән емес функцияларын бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттеу мекемелеріне беру, стратегиялық жоспарлардың және аумақтарды дамыту бағдарламаларының орындалуын, бюджет, есеп, мақсатты индикаторларға қол жеткізу, бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау бөлігінде мемлекеттік органдар және әкімдер жанындағы қоғамдық кеңестер рөлін күшейту, қоғамдық кеңестердің мәртебесі мен өкілеттігін бекіту, қоғамдық кеңестер қызметі туралы есептерді мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдарының

интернет-ресурстарында орналастыру және бұқаралық ақпарат құралдарында басылу.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдарға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша облыстық Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері тартылатынын атап өткен жөн.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру және қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға тарту мақсатында облыс әкімдігімен төмендегідей жұмыстар жүргізілуде:

Атап айтсақ, облыс бойынша жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы                       8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырып, оның нәтижелері бойынша талдау анықтамалары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыс бойынша департаментіне жолданды.

Облыс әкімімен 2016 жылдың 18 шілдесінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыс бойынша департаментінің басшысымен келісілген 2016 жылғы 2-жартыжылдыққа арналған облыстың жергілікті атқарушы органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жөніндегі бірлескен жоспар бекітілді.

Аталған Жоспар бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №155 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыс бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау жүргізу көзделген.

Сонымен қатар, облыс әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы №449 қаулысымен Қазақстан Республикасының 2015-2025  жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары, Алматы облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның құрамы мен ережесі қайта бекітіліп, мүдделі мемлекеттік органдарға жіберілген.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын-алуға бағытталған шаралар облыстың бүкіл аумағында және жергілікті атқарушы органдарында жалғасын табуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтарды бұзуға жол бермеу және болдырмау жөніндегі мәселелер облыс басшылығының, аудан, қала әкімдері және облыстық басқарма басшыларының қатаң бақылауында. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда.


Орналастырылған күні: 25.10.2016 17:09

Өзгертілген күні: 15.12.2016 17:11:27

Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх