Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +17 oC
Алматы облысында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңесте санитариялық-қорғаныш аймақтардың шекарасы мен режимін сақтау жайлы өзекті мәселе қаралды

Алматы облысында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңесте санитариялық-қорғаныш аймақтардың шекарасы мен режимін сақтау жайлы өзекті мәселе қаралды

2019 жылғы 05 наурызда Алматы облысының Кәсіпкерлік палатасында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті 41 отырысы өтті.

Кеңес Алматы облысында кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мен қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді жедел әрі жүйелі шешу үшін, сондай-ақ көпшілікке таныстыру мақсатында құрылған.

Кеңестің негізгі міндеттері, ол кәсіпкерлер құқығын және кәсіпкерлік қызметтің бостандығын қорғау, құқық иеленушілік тәжірибе мен заңнамаларды әрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізу, мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуын болдырмау және т.б. болып табылады.

Кеңес құрамына депутаттар, мемлекеттік орган өкілдері, жетекші құқыққорғаушылар, бизнес қоғамдастықтар өкілдері мен өңір кәсіпкерлер мүше.

Кеңесте жер учаскелерін таңдау мен беру кезінде Көксу ауданының жергілікті атқарушы органымен жер заңнамасы нормалары мен Қарасай ауданының жергілікті атқарушы органымен санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзушылығына қатысты сұрақтар қаралды.

Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптары туралы және облыстағы СҚА шекарасы мен режимін қамтамасыз етудегі өзекті мәселелер жайлы тақырыпта басшының орынбасары М.Ә.Исмаилов баяндама жасады.

Талқылау нәтижесінде Кеңестің ұсыныстары хаттамалық шешіммен қабылданды.

 


Орналастырылған күні: 11.03.2019 10:36

Өзгертілген күні: 11.03.2019 10:36:49

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх