Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
Алматы облысында метрология саласындағы мемлекеттік реттеудің жаңа моделі таныстырылды

Алматы облысында метрология саласындағы мемлекеттік реттеудің жаңа моделі таныстырылды

2018 жылдың 7 қыркүйегінде Қазақстан Республикасында индустриялық - инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау және Алматы облысындағы кәсіпорындарға техникалық регламенттерді ендіру өңірлік жоспарын жүзеге асыру мақсатында ТРМК Департаменті «ҚазСтИн» РМК Алматы облысы бойынша филиалымен бірлесіп Қарасай ауданында орналасқан кәсіпорынды аралау жұмыстарын жүргізді.

Аралау барысында «AlmatyTannery» Алматы тері өңдеу зауыты» ЖШС, «Юнилюкс» ЖШС, «Шәй орталығы» ЖШС, «СамСон» ЖШС кәсіпорындарында техникалық реттеу және метрология бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жургізілді.

Өндірістік кəсіпорындарға барудың мақсаты - әлемдік стандарттарға сай өнімдер шығару, басқару жүйелерін енгізу жəне технологиялық қайта жабдықтау, сондай-ақ ішкі нарықты қауіпті жəне сапасыз өнімдерден шектеу.

Департаменттің бас маманы Абдуазиз Шерьязданов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бірыңғай өлшемді қамтамасыз ету бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының призмасы арқылыметрология саласындағы мемлекеттік реттеудің жаңа үлгісі негізінде өзгерістер мен толықтыруларқабылданады деген ақпаратты ұсынды.

Жаңа модель НҚА-нің метрологиялық сараптамасы негізіндегі қорытындылары бойынша әзірлеген мемлекеттік органдардың сараптамалары және уәкілетті орган өз саласындағы өлшеудің метрологиялық талаптарын қабылдайтын болады.

Сонымен қатар өнімді каталогтау жүйесі туралы ақпарат ұсынылды.

Жүйе өнімнің сипаттамалары мен дайындаушылары туралы ұйымдық-техникалық ақпараттық база болып табылады.

Жүйені қалыптастыру өндірілетін өнім туралы ақпаратты жинау, талдау және белгілі бір тәртіппен ұсыну арқылы қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, ол өнім туралы ақпаратты жіктеудің, кодтаудың және формальды сипаттаудың бірыңғай қағидаттарына негізделеді.

Өнімнің каталогтық парақтары (ӨКП) бойынша базада жинақталған ақпарат кез келген сұрау салу бойынша мәліметтерді алуға мүмкіндік береді, оларды қызықтыратын параметрлерді негізге ала отырып: өнімнің түрлері, оның сипаттамалары, дайындаушылардың мекен-жайлары.

"ҚазСтИн" РМК филиалының директоры Жетыбаева Мария бизнес - қоғамдастыққа Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт бойынша, сәйкестік декларациясын тіркеу тәртібі және сәйкестікті растаудың үлгілік схемалары туралы ақпаратты жеткізді.



Файлы:  Загрузить / Загрузить (0 Б, )

Орналастырылған күні: 12.09.2018 12:23

Өзгертілген күні: 12.09.2018 12:26:44

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх