Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC
Алматы облысында техникалық реттеу саласындағы Өнірлік штабтың отырысы өтті.

Алматы облысында техникалық реттеу саласындағы Өнірлік штабтың отырысы өтті.

Ағымды жылдың 9 тамызында Алматы өнірлік кәсіпкерлер палатасында техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшы м.а. Б.Мухтаровтың төрағалығымен техникалық ретту саласындағы өнірлік штабтың өтырысы өтті.
Өнірлік штабқа бюджеттік бағдарламалардың әкімшілігі болып танылатын облыстағы мемлекеттік мекемелердің сатып алу жөніндегі мамандары, кәсіпкерлер палатасы және т.б.мемлекеттік мемемелер қатысты.

Отырыс барысында отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қабылданған өзгерістер талқыланды. Олардың ішінде техникалық спецификацияда ұлттык немесе мемлекетаралық стандарттар талаптары көрсетулері тиіс екендігіне «Қазақстан стандартизация және сертификация институтының» Талдықорған филиалының басшысы Жетібаева Мәрия назар аударды.

Сонымен қатар техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департамент басшы орынбасары Бибігүл Омарова өз сөзінде 2019 ж. 26 шілдеде № 538 Үкімет Қауылысына тоқтап, қазақстанда жақсы даму көрсетіп отырған кабель, автотранспорт, трансформаторлар саласы бюджеттік бағдарламабойынша сатып алу кезенінде отандық тауар өндірушілерден алынуы тиістігін айтты.

Қаржы Министірлігі ішкі мемлекет аудит комитетінің Алматы облысы бойынша департамент бас маманы Ардақ Саржанова отырыска қатысушыларға Қазақстан Республикасының«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына қабылданған өзгерістер бойынша қысқаша шолу жүргізді.


Орналастырылған күні: 13.08.2019 12:02

Өзгертілген күні: 13.08.2019 12:04:44

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх