Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
Алматы облысының аумағында тұрғын сектордағы өрт қауіпсіздігі айлығының үшінші кезеңі өткізілді

Алматы облысының аумағында тұрғын сектордағы өрт қауіпсіздігі айлығының үшінші кезеңі өткізілді

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің 2017 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау, тұрғын сектордағы өрттердің алдын алу және өрттердегі адам өлімін болдырмау мақсатында, сондай-ақ Алматы облысы әкімінің «Алматы облысының тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу туралы» 2017 жылғы 1 ақпандағы №28 қаулысына сәйкес 2017 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қыркүйек аралығында аудандық және қалалық ТЖБ қызметкерлері Алматы облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғын секторда өрт қауіпсіздігі айлығының үшінші кезеңі өткізілді.

Айлықты өткізу барысында аудандық және қалалық әкімдіктерге өрттің алдын алу туралы 252 ақпарат жолданып, оның 198 қаралды.

Өрттердің және адам өлімінің алдын алу мақсатында өрт қауіпсіздігі бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында насихат және үгіт жұмыстарын жүргізу күшейтіліп, облыстық, қалалық және аудандық газеттерінде тақырыптарында мақалалар жарияланды.

Сондай-ақ облыстық «Жетісу» телеарнасының «Жаңалықтар» бағдарламасында және айына екі рет шығатын «Құтқару қызметі» бағдарламасында жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары, облыс аумағында болған өрттер туралы ақпарат беріліп отырды. Барлығы тұрғын секторда өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу кезінде теледидар бойынша 18 шығулар жүзеге асырылды.


Сондай-ақ, айлық барысында тұрғын сектордағы өрттердің, өрттерде адамдардың өлімі мен жарақаттануының алдын алу бойынша ТЖК сайтына 4 материал жарияланып, облыстың ТЖД сайтына 13 материал жарияланды.

Талдықорған қаласының ТЖБ Талдықорған қаласындағы «Ностальжи» радиостанциясымен, «Евразия-1,2», «Шаған», «Астана» сауда үйлерімен байланыс қалыптасып, аталған сауда үйлерінің аумағында өрт қауіпсіздігі тақырыптарында, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, сондай ақ тұрғын секторда өрт болған жағдайдағы іс-әрекеттер бойынша үгіт-насихат материалдары сауда үйлерінде орналасқан дауыс ұлғайтқыш құралдары арқылы тұрғындарға жеткізіліп, өрт қауіпсіздігі тақырыбында радио арқылы 130 шығулар өткізілді, адамдар жаппай жиналатын жерлерде дауыс ұлғайтқыш құралдар арқылы 1044 хабарлама берілді.

Айлықты өткізу кезеңінде үгіт насихат парақшалары, ұсыныстар, өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы жадынамалар «Қазпошта» АҚ филиалдары арқылы, «Жетысу Энеготрейд» ЖШС филиалы, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің бөлімдері, «Су Құбыры» МКК, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК Алматы облыстық филиалының аудандық бөлімшелері арқылы таратылды. Айлықты өткізу барысында аталған ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері арқылы 17800 астам түбіртек-ұсыныстар, ақпараттық парақтар және жадынамалар таратылды.

Инженерлік құрам 83 130 тұрғын үйлер мен 14 136 пәтерлері және 993 баракты тұрғын үйлердің пәтерлеріне аралау жүргізіліп, баракты тұрғын үйлерде және тұрғын үйлерде, пәтерлерде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша жадынамалар таратумен тұрғындармен әңгімелесулер жүргізілді. Тұрғындармен 25 591 адамды қамти отырып, 1177 рет жиын өткізілді. Өрт қауіпсіздігі тақырыбында 1349 рет дәріс оқылып, 28 245 адам қамтылды. Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері 250 354 адамға түсіндірілді.

Аудандық және қалалық автобекет, базарлар аумағында өрт қауіпсіздігі тақырыбында ақпараттық мәліметтерімен «Экран 101» стендтері орнатылған. Облыс аумағында өрт қауіпсіздігі тақырыптарында 20 билбордтар мен 11 баннерлер орнатылған.

Тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдар паналауы ықтимал жерлерге, көп балалы және жағдайы төмен отбасылар, зейнеткерлер, тұрғылықты жұмысы жоқ адамдардың адамдардың мекен-жайларына 566 рейд ұйымдастырылып, 570 тұрмысы төмен отбасылар, мүгедектер және қарттар есепке алынды. Аталған санаттағы адамдармен тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, газ қондырғылары және баллондарын қауіпсіз қолдану бойынша, иісті газдан уланудан сақтану туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ облыстағы білім беру объектілерінде үгіт және насихат жұмыстары жүргізілді. Мектеп оқушыларының бастауыш сыныптары, балабақшаларда балалар арасында әртүрлі өрт қауіпсіздігі тақырыптарында, сонымен қатар әртүрлі өрт қауіпсіздігі тақырыбында 556 байқау-сайыстары өткізілді. Орта мектептерде сабақтар өткізіліп, балалардың отпен ойнауы салдарынан туындайтын өрттердің алдын алу және өрт туындаған жағдайдағы балалардың іс-қимылдары, мәселелері қарастырылды.

Өрт қауіпсіздігі айлығы барысында мектеп жанындағы мұғалімдерімен және оқушыларымен бірге теориялық сабақтар өткізіліп, үгіт парақтары, плакаттар, ақпараттық парақтар мен жадынамалар таратылды. Облыстағы мектептерде интерактивті тақталарды қолданумен өрт қауіпсіздігі тақырыбында 18 357 адамды қамтыған 851 рет әлеуметтік роликтер көрсетілді.

Орта мектеп оқушыларына, балабақша тәрбиеленушілеріне арналып өрт сөндіру бөлімдеріне жалпы саны 157 баланы қамтыған 6 экскурсия, саны 1173 баланы қамтыған 36 ашық есік күндері ұйымдастырылып, балаларды өртке қарсы қызметінің ардагерлерімен, тарихы және дәстүрлерімен таныстырды.

Сонымен қатар Алматы облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ ай сайын өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің есебін жүргізеді. Маусымдық тексеріс жоспарына сәйкес облыстың аудандары мен қалаларының сумен қамтамасыз ету қызметтерінің қызметкерлерімен бірлесіп өрт гидранттары және су қоймаларының тексерісі өткізіледі.

Облыстық ТЖД ӨҚСБПҚБ қызметкерлерімен 2017 жылғы 20 қыркүйекте Орталық коммуникациялар қызметінің Алматы облысының филиалында «Жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігін қаматамасыз ету» тақырыбында брифинг өткізілді. Брифингке «Огни Алатау», «Жетісу» облыстық баспасөз басылымдары, қалалық «Талдықорған» басылымының, облыстық «Жетісу» телеарнасынының өкілдері қатысты.

Алматы облысының ТЖД ӨҚСБПҚБ қызметкерлері 2017 жылғы тұрғын сектордағы өрт қауіпсіздік айлығының 3-ші кезеңін өткізу кезінде өрттердің алдын алу бойынша шараларды өткізуге аудандар мен қаларадың ТЖБ, ТЖ бөлімдеріне әдістемелік көмек көрсету үшін бекітілген шығу кестесіне сәйкес, ағымдағы жылғы 5 қыркүйектен бастап 25 қыркүйек аралығында ӨҚСБПҚБ қызметкерлері аудандар мен қаларадың ТЖБ, ТЖ бөлімдеріне айлықты өткізу үшін әдістемелік көмек көрсетуге қызметтік іс-сапарға шықты, онда аудандар мен қаларадың ТЖБ, ТЖ бөлімдерінің қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғын сектордағы өрттер кезіндегі адамдардың өлімі мен жарақаттануын, өрттердің алдын алу және жылыту маусымы кезеңіне дайындалу бойынша іс-шаралар жүргізілді.


Алматы облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы


Файлы:  Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить (0 Б, )

Орналастырылған күні: 09.10.2017 16:42

Өзгертілген күні: 09.10.2017 16:44:43

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх