Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +19 oC
Алматы облысының кәсіпорын және ұйым басшыларының назарына!

Алматы облысының кәсіпорын және ұйым басшыларының назарына!

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Алматы облысы бойынша филиалы 2017 жылдың  16 наурызынан 18 наурызына дейін Талдықорған қаласында, «ГОСТ ИСО/МЭК 17025-2009 бойынша  Сынақ және калибрлеу  зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» атты 3 күндік  оқыту семинарын өткізетіні тұралы хабарлайды.

Семинар ұйымдастырушы: «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Алматы облысы бойынша филиалы.

Семинар барысында келесідей сұрақтар қаралады: «Сәйкестікті растау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасында қолданыстағы заңнамасы; аккредиттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері; аккредиттеу субъектілері; құқықтары мен міндеттері; бағалауды жүзеге асыратын және сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу; конкурстық ұсыныстарды және байланыстарды, сұраныстарды тексеру; тұтынушыларға қызмет көрсету; шағымдар; сынау және калибрлеу бойынша басқаруға келмейтін жұмыстар; басқалар.

Семинардың жұмыс уақыты: сағат 09:30 бастап 18:30 дейін  (түскі ас уақыты 13:00 бастап 14:00 дейін).

Семинар қатысушыларын тіркеу сағат 9:00 бастап 9:30 дейін.

Анықтама бойынша «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК  Алматы облысы бойынша  филиалы, Талдықорған  қ.,  Тәуелсіздік көшесі, 75, 206 каб., тел/факс: +7 (7282) 24-45-49,                                      е-mail: kazinst_tald3@mail.ru.



 


Орналастырылған күні: 10.03.2017 14:40

Өзгертілген күні: 13.03.2017 15:44:33

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх