Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +4 oC
«Алматы облысының туризм басқармасы» ММ-сі бір кезеңдік конкурстың өтетіні туралы жариялайды

«Алматы облысының туризм басқармасы» ММ-сі бір кезеңдік конкурстың өтетіні туралы жариялайды

«Алматы облысының туризм басқармасы» ММ-сі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы №725 бұйрығының 77 бабына сәйкес осымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша бір кезеңдік конкурстың өтетіні туралы жариялайды.

Жобаның атауы: «Текелі қаласындағы бассейнді жетілдіру және жаңғырту шарттарында сенімгерлік басқаруға беру бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік келісімшарты»

Сала: Туризм

МЖӘ жобасының болжамдық құны: 83,4 млн.теңге

Әлеуетті қатысушыларга қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген. Конкурсты өткізу туралы осы хабарландыру жарияланган сәттен конкурстық құжаттар көшірмелерін сағат 9.00-ден 13.00-ге және 14.30-дан 18.30-ға дейін мына мекен-жай бойынша: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр к-ші 26, «Алматы облысының туризм басқармасы» ММ-сі, 3 қабат, 310 к. бойынша алуға болады.

Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдер, сонымен қатар біліктілігі бойынша іріктеу үшін қүжаттар, әлеуетті қатысушылармен конверттерде Алматы облысының туризм басқармасы» ММ-сі 3 қабат, 310 к қолма қол жеткізіледі. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдердің соңғы мерзімі – 2018 жылдың 28 желтоқсан сағат 18.30-ге дейін.

Байланыс үшін: Алматы облысы туризм басқармасының бас маманы - Атабаева Мадина Меделбековна. Байланыс телефондары: 8 (7282) 32-93-86, 8 707 876 77 47.

Жоба бойынша ақпарат:

Жобаның мақсаты – Мемлекеттік-жекешелік әріптестік мезанизмін қолдану арқылы Текелі қаласындағы бассейнді жаңғырту және аббаттандыру, туристік инфрақұрылымды дамыту.

Жеке әріптесті анықтау әдісі: бір кезеңдік конкурс

Мемлекеттік қолдау шаралары: мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанына инжененрлік және көліктік инфрақұрылым құру.

Жобаны іске асыру кезеңдері мен мерзімі: МЖӘ жобасын іске асыру мерзімі 2018-2047 жж. (1 кезең жаңғырту және жетілдіру 2018-2020 жж., 2 кезең, пайдалану 2020-2047 жж.).

МЖӘ жобасы бойынша негізгі көрсеткіштер мен талаптар: Текелі қаласындағы бассейнді жаңғырту және аббаттандыру. Жобасы техниалық қиын емес болып табылады.

 


Орналастырылған күні: 13.12.2018 15:59

Өзгертілген күні: 13.12.2018 16:01:44

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх