Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +7 oC

Анонс Талдықорғанда өңірлік семинар

Анонс

Талдықорғанда өңірлік семинар

 

Ағымды жылдың 29 тамызда Талдықорған қаласында, 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы және 2020 жылға дейінгі техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру Кешенді жоспары аяларында, техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру бойынша бір күндік ақысыз өңірлік семинар өтеді.

Семинардың ұйымдастырушылары ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті мен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)» РМК.

Жобаның мақсаты – Қазақстанның өніркәсіп кәсіпорын мен ұйымдары мамандарының техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласында халықаралық стандарттардың талаптарына сай біліктілігін арттыру.

Ұйымдастырушылар келесі тақырыптарды қарастыру жоспарлап отыр:

·               ISO 31000 «Тәуекелдер менеджменті. Принциптері мен басшылық нұсқаулар»;   

·               ISO/TR 31004-2013 «Тәуекелдер менеджменті. ISO 31000 енгізу жөніндегі нұсқаулық»;     

·               ISO 37001 «Парақорлықпен күресу бойынша менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық».

 

Семинар соңында қатысушыларға, тиісті үлгіге сәйкес сертификаттар  беріледі.  

 

Іс-шара өтетін мекен-жайі: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38 үй, Алматы облысы әкімдігінің үлкен мәжіліс залы.

 

Тіркеу  а.ж. 29 тамыз  сағат 9-30 жергілікті уақыттан басталады.

 

Байланыс: «ҚазСтИн» РМК Алматы облысы бойынша филиалы                   

                                                          8 (7282) 24-45-49,

                                                           E-mail: kazinst_tald3@mail.ru


Орналастырылған күні: 21.08.2017 10:37

Өзгертілген күні: 21.08.2017 10:39:12

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх