Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +30 oC

Азаматтарды қабылдау кестесі

03.02.2016 10:09

Құрметті азаматтар!

  

Сіздер Интернет арқылы облыс әкіміне тікелей (облыс әкімінің блогына) сауалдарыңызды жолдай аласыздар және  оған 30 күнтізбелік күн ішінде жауап ала аласыздар.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына электрондық өтініштерін Электрондық үкімет порталы "Азаматтар және үкімет" бөлгінде жүзеге асыруға болады.

Бұл сервис арқылы сіздер кез келген мемлекеттік органға хат жаза және жібере аласыз. Бұл жерде хаттың жеткізілуіне кепілдік береміз, оның мәртебесін бақылай аласыз әрі жауап хатты да алуға болады. 


«Мобильдік үкімет» жобасы аясында eGov.kz мобильдік қосымшасы жасап шығарылды. Қосымша смартфондары бал қолданушыларға Google Play және App store онлайн-дүкендерінде келесі сілтемелер арқылы қолжетімді:


 

Google Play-де Egov.kz мобильдік қосымша (OS Android, талап етілетін нұсқа Android - 4.0 немесе соңғы).

App Store-да Egov.kz мобильдік қосымша (OS iOS, талап етілетін нұсқа iOS - 7.0 месе соңғы).

Мобильді қосымшаны Мобильдік үкіметте тіркелген ҚР азаматтары пайдалана алады. Мобильдік үкіметте тіркелу үшін келесі сілтеме арқылы өтуге болады:

  1. Электронды үкімет порталы (ЭҮП).
  2. ҚР Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО).
  3. Egov.kz мобильдік қосымша.

Мобильді үкіметте тіркелу туралы толығырақ.


Нормативтік құқықтық актілер


ҚР орталық және жергілікті атқарушы органдарында азаматтарды қабылдаудың тәртібі

Қазақстан Республикасының Заңы Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы


 Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау

(Статья 12. Қазақстан Республикасының Заңы Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы)

Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкiн.
Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.


Азаматтарды қабылдау мен олардың өтініштерін қарау тәртібі




Лауазымы

АТЫ

Қабылдау уақыты

1

Облыс әкімі

Баталов Амандық Ғаббасұлы

әр айдың 3-ші дүйсенбісі
15.00-ден 19.00-ге дейін

2

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Тұрлашов Лаззат Махатұлы

әр айдың 2-ші, 4-ші жұмасы
сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін

3

Облыс әкімінің орынбасары

Бескемпіров Серікжан Іслямұлы

әр айдың 1-ші, 3-ші дүйсенбісі
сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін

4

Облыс әкімінің орынбасары

Тұрдалиев Серік Мелісұлы

әр айдың 1-ші, 3-ші жұмасы
сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін

5

Облыс әкімінің орынбасары

Омар Жақсылық Мұқашұлы

сәрсенбі күндері
сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін

6

Облыс әкімінің орынбасары

Байжанов Айдарбек Естебекұлы

әр айдың 2-ші сейсенбісі
сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін

7

Облыс әкімі аппаратының басшысы

Байжұманов Батыржан Құлаймергенұлы

сейсенбі және бейсенбі күндері
сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін

8

Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары

Нұрбаев Қалтай Ханұлы

дүйсенбі
сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін

9

Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары

Манапов Қоблан Тоқбергенұлы

жұма
сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін



Ауызша мәлімет алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуыңызға болады:


Азаматтарды қабылдау сұрақтары бойынша

Облыс әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің инспекторы

Асхат Раставлетов Тел.: 8/7282/ 24-71-40


Хат-хабарлар және азаматтарды қабылдау секторы

Облыс әкімінің аппараты жалпы бөлімнің бас маманы:
Дүйсенова Жанар Өмірбекқызы

Тел./Факс: 8/7282/ 24-68-54


Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх