Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +18 oC

Тұрлашов Лаззат Махатұлы

Тұрлашов Лаззат Махатұлы

12.10.2016 09:40

1960 жылы туған. Алматы темір жол транспорты инженерлері институтын құрылыс инженері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қаскелең ауданы «Жетісу» кеңшарында құрылыс цехының жұмысшысы болып бастаған.

Әр жылдарда бригадир, шебер, бас прораб, құрылыс учаскесінің бастығы, кооператив төрағасы, «Алматыагрохим» АҚ бөлім бастығы, Талғар ауданы «Красное поле», «Горный садовод», «Гүлдала» ауылдық округтерінің әкімі, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл, Қарасай аудандарының әкімі қызметтерін атқарған. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.

2016 жылдың сәуір айынан – Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары.

 

Бескемпіров Серікжан Іслямұлы

Бескемпіров Серікжан Іслямұлы

12.10.2016 09:39

1960 жылы туған. Алматы энергетикалық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Үштөбе ет комбинатында аға шебер болып бастаған. Әр жылдарда «Темірлан» ЖШС директоры, Талдықорған қаласы әкімі аппаратының бөлім басшысы, «Айдын» ӨК директоры, Қаратал ауданы әкімінің орынбасары, Қаратал, Панфилов аудандарының және Текелі қаласының әкімі, Алматы облыстық мәслихатының V шақырылымының  хатшысы болды.

2012 жылдың шілде айынан – Алматы облысы әкімінің орынбасары.    

 

Тұрдалиев Серік Мелісұлы

Тұрдалиев Серік Мелісұлы

12.10.2016 09:20

1969 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, РФ Үкіметінің жанындағы Халық шаруашылығы академиясын бітірген, мамандығы – ауыл шаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы, іскерлік әкімшілік ету шебері дәрежесіне ие.

Еңбек жолын коммерциялық құрылымдарда бастаған. Әр жылдарда Алматы қаласы Медену аудандық әкімі аппаратында бас маман, ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының, бірінші орынбасарының көмекшісі, кеңесшісі, «Қазақмыс» корпорациясының қаржы және инвестиция жөніндегі директоры, «Қазақстанның Халық банкі» АҚ атқарушы директоры, «Қазақмыс» корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақмыс» корпорациясының вице-президенті, аппарат басшысы, «Қазақмыс» компаниялар тобы әкімшілігінің басшысы.

2012 жылдың наурыз айынан – Алматы облысы әкімінің орынбасары.

 

Омар Жақсылық  Мұқашұлы

Омар Жақсылық Мұқашұлы

11.10.2016 16:06

1980 жылы туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін бітірген. Мамандығы – география пәнінің оқытушысы, мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Республикалық халықаралық мәдени бағдарламалар комитеті дирекциясының жетекші маманы болып бастады.

Әр жылдарда Мәдениет министрлігінде жетекші маман, бас маман, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ «Астана» ТРК дирекциясы директорының орынбасары, қоғамдық-саяси бөлімінің продюсері, «Арнамедиа» ҰАХ» АҚ бас менеджері, Парламент Мәжілісі аппараты баспасөз қызметінің сарапшысы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі, Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.
2013 жылдың мамыр айынан – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2016 жылдың қарашасынан - Алматы облысы әкімінің орынбасары.

Байжанов Айдарбек Естебекұлы

Байжанов Айдарбек Естебекұлы

20.02.2016 16:05

1964 жылы дүниеге келген. Алматы халықшаруашылығы институтын және Қазақстан-Ресей университетін бітірген. Мамандығы бойынша экономист, заңгер.

Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастаған.

Әр жылдары «Ақжайық», «Жамбыл былғары аяқкиім» бірлестіктерінің директоры, Жамбыл облысы әкімі аппаратында іс басқарушының орынбасары, бас инспектор,  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде қазыналық кәсіпорын директоры, Алматы облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, ҚР Президенті Іс басқармасының бас инспекторы, «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» директорының орынбасары, директоры, «Астана өнім» акционерлік қоғамының директоры, Астана қаласында «Қазақтелеком» АҚ директоры, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басқарушы директоры, бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған.                                

2017 жылдың ақпанынан - Алматы облысы әкімінің орынбасары.         

Байжұманов Батыржан Құлаймергенұлы

Байжұманов Батыржан Құлаймергенұлы

20.02.2016 15:26

1976 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Мамандығы бойынша – ғалым агроном, менеджер. 2008 жылы «Децентрализация» бағдарламасы арқылы Дьюка университетінде (АҚШ) білім алды.

Еңбек жолын 1999 жылы бастап, Алматы қаласындағы бизнес құрылымдарында жұмыс істеді. Әр жылдарда ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің аға маманы, сарапшысы, ҚР Президенті Кеңсесінің аға, бас сарапшысы, консультанты, ҚР Президенті Әкімшілігінің инспекторы, мемлекеттік инспекторы, «КазАгроИнновация» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2017  сәуір айынан Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы.


Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх