Алматы облысының әкімдігі Ресми сайт

Облыс әкімі орынбасарларының өмірбаяны

Тұрлашов Лаззат Махатұлы

Тұрлашов Лаззат Махатұлы

12.10.2016 09:40

1960 жылы туған. Алматы темір жол транспорты инженерлері институтын құрылыс инженері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қаскелең ауданы «Жетісу» кеңшарында құрылыс цехының жұмысшысы болып бастаған.

Әр жылдарда бригадир, шебер, бас прораб, құрылыс учаскесінің бастығы, кооператив төрағасы, «Алматыагрохим» АҚ бөлім бастығы, Талғар ауданы «Красное поле», «Горный садовод», «Гүлдала» ауылдық округтерінің әкімі, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл, Қарасай аудандарының әкімі қызметтерін атқарған. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.

2016 жылдың сәуір айынан – Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары.

 

Бескемпіров Серікжан Іслямұлы

Бескемпіров Серікжан Іслямұлы

12.10.2016 09:39

1960 жылы туған. Алматы энергетикалық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Үштөбе ет комбинатында аға шебер болып бастаған. Әр жылдарда «Темірлан» ЖШС директоры, Талдықорған қаласы әкімі аппаратының бөлім басшысы, «Айдын» ӨК директоры, Қаратал ауданы әкімінің орынбасары, Қаратал, Панфилов аудандарының және Текелі қаласының әкімі, Алматы облыстық мәслихатының V шақырылымының  хатшысы болды.

2012 жылдың шілде айынан – Алматы облысы әкімінің орынбасары.    

 

Жеңіс Шылбынұлы Тұяқов

Жеңіс Шылбынұлы Тұяқов

12.10.2016 09:20

1967 жылы дүниеге келген. Экономика және құқық институын «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша және Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Алматы қаласының коммерциялық ұйымдарында бастаған. Әр жылдарда «КЕGOC» АҚ еңбек еткен, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Экспорттық бақылау және лицензиялау департаментінің директоры, Сараптамалық бақылау басқармасының бастығы, «КОРЕМ», «КЕGOС», «ТАТЭК»  акционерлік қоғамдарының директоры, басқарма басшысы, басқарушы директоры, Жамбыл облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық басқармасының басшысы, Павлодар облысының Энергетика және тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық басқармасының индустрия, инновация және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы лауазымдарын атқарған.

2017 жылдың шілде айынан - Алматы облысы әкімінің орынбасары.

Байжұманов Батыржан Құлаймергенұлы

Байжұманов Батыржан Құлаймергенұлы

20.02.2016 15:26

1976 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Мамандығы бойынша – ғалым агроном, менеджер. 2008 жылы «Децентрализация» бағдарламасы арқылы Дьюка университетінде (АҚШ) білім алды.

Еңбек жолын 1999 жылы бастап, Алматы қаласындағы бизнес құрылымдарында жұмыс істеді. Әр жылдарда ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің аға маманы, сарапшысы, ҚР Президенті Кеңсесінің аға, бас сарапшысы, консультанты, ҚР Президенті Әкімшілігінің инспекторы, мемлекеттік инспекторы, «КазАгроИнновация» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2017 - 2019 жылдары - Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы.

2019 жылдың қыркүйек айынан - Алматы облысы әкімінің орынбасары.

Темірлан Амангелдіұлы Бектасов

Темірлан Амангелдіұлы Бектасов

20.02.2016 15:20

1969 жылы туған. Алматы гидромелиоративтік техникумын техник-гидротехник, Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын құрылыс инженері мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қазақтың картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты «Строитель» кооперативінің техникалық бақылау инженері болып бастады. Әр жылдары «Қарасай аудандық өндірістік-жобалау архитектуралық-бейнелеу бюросы» МҚК I дәрежелі технигі, II дәрежелі инженері, Қаскелең қаласы бойынша сәулет және құрылыс бөлімінің меңгерушісі, «Қарасай ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ «Сәулет» МКК директорының орынбасары, Жамбыл және Қарасай аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімдерінің бастығы, Алматы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, Кербұлақ ауданы, Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі, Алматы облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, басшысы болып қызмет атқарған.

2017 жылдың желтоқсан айынан – Панфилов ауданының әкімі.

2019 жылдың қыркүйек айынан - Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы.


Карты области
О регионе
ПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ КАЗ.jpg