Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +13 oC

Астанада «Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық байқауы өтті

Елбасы Қазақстан халқына жолдауында атап өткендей, алдымызда азаматтардың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ететін және барлық реформалардың сәттілігіне жауап беретін кәсібилендірілген мемлекеттік аппаратты құру, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің әдептілік бет-бейнесін қалыптастыру және бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау мақсаты тұр.

Аталған мақсатқа жетуде Әдеп жөніндегі уәкілдер ерекше рөл атқарады.

Көрсетілген негізінде және моральдық-әдептік құндылықтарды ілгерілету арқылы мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, Әдеп жөніндегі уәкіл туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және олардың қызметін жетілдіруді ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  «Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық байқауын өткізді.

Конкурстық комиссияның құрамына Парламент палаталарының депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, халықаралық, қоғамдық және ғылыми-білім беру ұйымдарының басшылары, мемлекеттік, банктік және әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің кешенді кәсіподақ қызметшілері, Агенттік қызметкерлері кірді.

Аталған байқауға  дербес лауазым енгізілген  мемлекеттік органдардың 26  Әдеп жөніндегі уәкілдері қатысып, жеңімпаздар «Орталық мемлекеттік органның Үздік Әдеп жөніндегі уәкілі» (қаржы министрлігі)  және «Жергілікті атқару органның Үздік Әдеп жөніндегі уәкілі» (Ақмола облысы әкімінің аппараты) деген екі номинациясы бойынша марапатталды.

Әдеп жөніндегі уәкілі жеңімпаз болып танылған мемлекеттік орган «Ашық (әдепті) мемлекеттік орган» мәртебесін иеленді.

 

Алматы облысы әкімі аппаратының

Әдеп жөніндегі уәкіл

Т.Өмірәлиев


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх